Жатыр денесі рагі
Қауіп-қатер факторлары
Ановуляция және менопаузада ановуляторлы қан кетулер
Кешменопауза (50 жастан кейін)
Жатыр миомасы және эндометриоз
Аналық без поликистозы
Анамнезінде эндометрийдің гиперпластикалық процессі және гормон тәуелді ісіктер
Постменопаузада эстрогді қабылдау
Бедеулік
Тұқымқуалаушылық
Гиперлипидемия
метаболизм бұзылыстары (қант диабеті, семіздік, гипертониялық аурулар)
Клиника
Негізгі белгісі – жатырдан қан кету (70-90%). Репродуктивті жаста - менометроррагия, пременопаузада – ациклдік қан кету, постменопаузада – қанды жағынды бөліністермен сипатталады. Лейкорея және іштің төменгі жағының ауырсынуы болуы мүмкін.
Диагностика
Анамнез мәліметтері – етеккір функциясы, репродуктивті кезңнің ұзақтығы, ациклдік қан кетулер, генеративті функцияның ерекшеліктері, пременопауза ағымы, семіздік, қант диабеті.
Кынаптық зерттеуде: жатыр, аналық бездер ұлғайған.
Эндометрий аспиратының цитологиялық зерттеу (92,1% мәлімет береді).
Ультрадыбыстық зерттеу
Гистероскопия
Экскреторлы урография, бүйрек УДЗ.
Цистоскопия, ректороманоскопия, кеуде рентгенографиясы.
Компьютерная томография и магнитно-резонансная томография.
Емдеу барысында 3 негізгі факторларды ескеру керек:
1) жасы, жалпы жағдайы, эндокринді-алмасу бұзылысын;
2) ісіктің гистологиялық құрылымын, көлемін, локализациясын және таралуын;
3) ем жүргізілетін мекемені.
Хирургиялық ем - жатыр экстирпациясы қосақыларымен бірге немесе кеңейтілген жатыр экстирпациясы
Гормонотерапия – прогестагены (17 ОПК, Депо-провера, провера, фарлутал, депостат)
Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар:
1) Жатыр мойнының ісік ауруларына анықтама беріңіз?
2) Жатыр мойнының рак алды өзгерістерін атаңыз?
3) Жатыр денесінің ісік ауруларына анықтама беріңіз?
4) Ісік ауруларын диагностикалауды айтыңыз?
Қолданатын әдебиет:
Р.С. Бейсембаева, Ә.Т.Раисова, Р.Ғ. Нұрқасымова, «Акушерия» Алматы “Білім”, 2008ж
Ә.Т.Раисова, Р.Ғ. Нұрқасымова, «Акушерия және гинекология» Алматы “Асем систем”, 2006ж
Достарыңызбен бөлісу: |