Дәріс №10 Тақырып: «Арахнологияға кіріспе. Арахноздардың жіктелуі. Паразитиформды кенелер және олардың зияндылығы»



Дата03.04.2024
өлшемі9,16 Mb.
#200503
Байланысты:
prezentatsiya lektsii 10 arahnologiyaga kirispe


Дәріс № 10
Тақырып:
«Арахнологияға кіріспе. Арахноздардың жіктелуі. Паразитиформды кенелер және олардың зияндылығы»
Дәріскер: в.ғ.к., қауым.профессор Тұрғанбаева Г.Е.

Дәріс жоспары:

  • Жалпы қан сорғыш кенелердің жіктелуі, зияндылығы
  • Кенелердің морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері
  • Кенелерге қарсы жүргізілетін ветеринариялық, санитариялық шаралар

Дәрістің қысқаша тезисі


Arthropoda
Arachnoidea
Parazitiformes
1.Ixodoidea
2.Gomosoidea
1.Ixodidea
2.Argasidea
1.Argasinea
2.Ornithodorinae
Туысы: 1.Boophilus
2.Hyalomma
3.Ixodes
4.Dermacentor 5.Rhipicephalis 6.Haemaphysalis
Жіктелуі: Тобы:
- буынаяқтылар
Топ тармағы:
Тегі:
Тек тармағы:
Тұқымдасы:
Тұқым тармағы:
Ветеринариялық арахнологияның анықтамасы және мазмұны. Арахнолог ғалымдардың және академик Е.Н.Павловскийдің арахнология ғылымына қосқан үлестері. Иксодид және аргас кенелері жануарлардың эктопаразиттері және инвазиялық, инфекциялық аурулар қоздырғыштарын тасымалдаушылары. Буынаяқтылар тобы өрмекшітәрізділер классының жалпы мінездемесі.
Паразитоформды кенелердің морфологиясы, биологиясы және оларды жіктеу негіздері. Иксодид, аргазид және гамозид кенелерінің аймақтық таралуы және олармен күресу жолдары.
Ветеринариялық арахнология Acariformes тегіне жататын, жануарлар саркоптоидоздарын қоздыратын (қотыр) кенелерді және жануарлардың эктопаразиттері және инфекциялық, инвазиялық ауру қоздырғыштарын тасымалдайтын Parasitiformes тегіне жататын жайылым кенелерін зерттейді. Академик Е.Н.Павловскийдің аурулардың табиғи ошағы туралы ілім қалыптастырады. Көптеген аурулар табиғи ошағының тасымалдаушы мүшесі кенелер болып саналады.
Ixodidae, Argasidae тұқымдасына жататын кенелердің морфологиясы. Кенелердің денесі біртұтас, 4 жұп аяқтары және тұмсығы бар. Олардың денесі хитин қабыршағымен қоршалған. Кенелердің түсіне, тұмсығының ерекшелігіне және басқа құрылымына қарап, олардың туыстығын және түрлерін анықтайды. Олар жұмыртқа, балаңкене, нимфа және имаго сатылары арқылы өсіп, өнеді. Қоректенуіне байланысты кенелерді бір иелі, екі иелі және үш иелі деп жүктейді.
Argasidae тұқымдасы ін, ұя кенелеріне жатады.олардың тұмсығы денесінің астына орналасқан. Бұл кенелер әр түрлі жануарлардың қанын сорады. Әр аналық кене мал қанын бірнеше мәрте сорады.Мал қанын әр сорған сайын олар жұмыртқалайды.
Кенелердің малға жабысуы, таралуы олардың түріне және ауа райының жағдайына байланысты. Кенелер ауру қоздырғыштарын трансфазалық және трансовариалдық жолмен таратады.
Қарапайымдылар, вирустар, бактериялар және рикетсиоздар қоздыратын ауруларды таратуда кенелердің маңызы өте зор.
Кенелерді жою үшін оларға қарсы қолданылатын шараларды екі бағытта жүргізеді. Бірінші бағыт – ол кенелерді өздері мекендейтін биотобынында жою шаралары. Ол үшін агротехникалық, гидромелиоративтік шаралар жүргізіледі.
Екінші бағыт – ол мал денесіне жабылған кенелерді жою. Бұл шара мал денесіндегі кенелерді акрацид дәрілердің көмегімен жою арқылы іске асырылады.
Практикалық жағдайда кенелерге қарсы фосфорорганикалық, пиретроидтық, карбамидтік препараттар қолданылады. Шаруашылықтарда улылығы төмен, акарацидтік әсері жоғары, құны арзан препараттарды қолданған жөн.

Бақылау сұрақтары

  • Иксодид және аргазид кенелерінің құрылымы қандай?
  • Бір, екі және үш иелі кенелерді атап, мысал келтіріңіз.
  • Иксодид және аргазид кенелері қандай инфекциялық және инвазиялық аурулар қоздырғыштарын тасымалдайды?
  • Иксодид және аргазид кенелерін жою үшін қандай шаралар жүргізіледі?
  • Кейінгі жылдары қолданылып жүрген қандай акарацидтерді білесіз және оларды қалай қолданылады?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет