Компьютерлік модель – программалық орта құралдары арқылы жүзеге асатын модель.
Компьютерлік модельдің құралдары – бұл техникалық (Handware) және программалық (Software) жабдықтаулар.
Экономикалық-математикалық модель– зерттелетін экономикалық үрдістің (нысанның) математикалық сипатталуы.
Бұл модель математикалық қатынастардың көмегімен абстрактілі түрде экономикалық үрдістің заңдылығын өрнектейді.
Экономикалық нысандарды сипаттайтын параметрлер модельде не белгілі, не белгісіз шамалар ретінде беріледі. Белгілі шамалар модельден тыс есептеледі де оған дайын түрінде енгізіледі, сондықтан оларды экзогенді деп атайды.
Модельді шешу нәтижесінде анықталатын шамалар эндогенді деп аталады.
Макроэкономикалық
Зерттелетін экономикалық нысанның масштаб (шамалар) белгісі бойынша
Микроэкономикалық
Макроэкономикалық модельдер ірілендірілген материалдық-заттық және қаржы көрсеткіштерін: жалпы ұлттық өнімді, ұлттық табысты, біріктірілген сұранысты, біріктірілген тұтынуды, инвестицияларды, бос емес болуды, инфляция пайыздық мөлшерді, ақша санын және т.б. өзара байланыстыра отырып мемлекеттің экономикасын біртұтас ретінде сипаттайды
Микроэкономикалық модельдерэкономиканың құрылымдық және функциональдық құраушыларының не кейбір құраушылардың (сала, аймақ, фирма, тұтынушы және т.б.) шаруашылық ретінің өзара әрекетін сипаттайды.
Статикалық
Уақытқа тәуелді сипатының белгісі бойынша
Динамикалық
Статикалық модельдер – барлық параметрлердің мәндерін уақыттың бір квантына (мезгілге немесе аралыққа) жатқызатын модельдер.
Динамикалық модельдер– уақытқа қатысты параметрлері өзгеретін модельдер.