Дәріс №11 Химиялық өндірістердің және олардың өнімдерінің қоршаған ортаға әсері. Қоршаған ортаны қорғау технологиясы. Радиоактивті қалдықтар деп


Радиоактивті қалдықтар агрегаттық күйіне байланысты 3 топқа жіктеледі



бет2/6
Дата09.04.2022
өлшемі98 Kb.
#138535
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
лекция 11

Радиоактивті қалдықтар агрегаттық күйіне байланысты 3 топқа жіктеледі:

  1. қатты

  2. сұйық

  3. газ тәрізді

Радиоактивті қалдықтар сәулелену түріне байланысты 4 топқа жіктеледі:

  1. α – сәулелену

  2. β – сәулелену

  3. γ – сәулелену

  4. нейтрондық сәулелену

Радиоактивті қалдықтар өмір сүру уақытына байланысты 3 топқа жіктеледі:

  1. аз өмір сүретіндер (t ½ - 1 жылдан аз)

  2. орташа өмір сүретіндер (t ½ - 1 жылдан 100 жылға дейін)

  3. ұзақ өмір сүретіндер (t ½ - 100 жылдан жоғары)

Радиоактивті қалдықтар активтілігіне байланысты 3 топқа жіктеледі:

  1. активтілігі төмен ( активтілігі 0,1 Кu/м2)

  2. активтілігі орташа ( активтілігі 0,1-1000 Кu/м2)

  3. активтілігі жоғары( активтілігі 1000 Кu/м2 жоғары)

Қазіргі уақытта Қазақстанда жалпы радиациялық қуаттылығы 15 487 000 Кu болатын 237 197 000 тонна радиоактивті қалдықтар бар. Соның ішінде қуаттылығы 2000000 Кu болатын 450 тонна жоғары активті қалдықтар Қазақстандағы 5 атом реакторының жұмыс жасауы нәтижесінде пайда болған. Қазақстанда 5 ядролық қондырғы бар: 1 энергетикалық реактор БН-350 (Ақтау қаласы), 4- зерттеу реакторлары (3-уі Курчатов қаласында, 1-уі Талдықорған облысы, Алатау ауылында).
Қуаттылығы 13 166 000 Кu болатын активтілігі орташа қалдықтар бұрынғы Семей ядролық сынақ ауданында орналасқан.
Қуаттылығы 295 000 Кu болатын 230 663 000 тонна активтілігі төмен қалдықтарға адам іс-әрекетінің нәтижесінде радиацияланған материалдар жатады.
Қазақстан уран қоры бойынша 1-ші орынды алады. Уран өндіру 20 кен орнында жүргізіліп жатыр. Олардың ірілері: Целинный тау-химиялық комбинаты (Орталық Қазақстан), Ульба металлургиялық комбинаты, Иртыш химия-металлургиялық заводы, Каспий тау-металлургиялық комбинаты, Оңтүстік Қазақстан кен басқармасы.
Радиоактивті қалдықтарды изоляциялаудың 4 түрі бар:

  1. Жер қабатына көму.

  2. Өңделген радиоактивті материалдарды жер бетіндегі могильниктерде жинау.

  3. Ядролық реакторларда ұзақ өмір сүретін радионуклидтерді өртеп, оларды аз өмір сүретін радионуклидтерге айналдыру.

  4. Арнайы контейнерлерде қалдықтарды жер бетінен ұшу аппараттарымен алып кету.

Радиобелсенді қалдықтарды қауіпсіз түрде сақтау бүкіл дүниежүзі бойынша әлі күнге дейін шешімі табылмай отырған мәселе. Қазақстан Республикасында да дүниежүзілік стандартқа сай жабдықталған радиобелсенді қалдықтарды сақтайтын бірде бір орын жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет