Дәріс №11 Тақырып: Байлаулар және арқандар туралы жалпы түсінік. Туристік арқандар түрлері және олардың сақталуы.
Мақсаты: Туристік арқандар түрімен және байлау түрлерімен таныстыру.
Арқан (жіп) байлауды таудан, өзөндерден өткенде т.б. жағдайларда сақтық шаралары ретінде қолданады. Сақтық шараларын жіп байлаудың көптеген тәсілдерін қолдана отырып жүргізуге болады. Жіп байлау бірнеше тәсілдерге бөлінеді.
Тура түйін.Мұндай түйінді екі жіпті жалғау үшін қолданады. Суға түскенде түйін шешілместей олып қалады. Оңай шөшілуі үшін екі арқанды қосқан жерге таяқ кіргізіп қою керек.
Өткізіп байлау.Бұл тәсілді жартастан - жартасқа өткенде немесе өткелден жоқ судан өткенде қолданады.
Буындырып байлау. Бұл түйінді ағашқа, тасқа байлау үшін қолданады. Жеңіл әрі берік байланады.
Айқастырып байлау.Бұл түйінді ұзын арқанға айқастырып байлайды. Сақтану үшін қолданады.
Үзеңгі байлау. Жарақаттанушыны екі аяғын екі үзеңгіге салып жартастан, құздан, жардан түсіру үшін қолданатын тәсіл.
Тоқыма байлау.Зақымданған екі жіпті байлау үшін қолданылады.
Көкірекке байлау. Туризм кезінде бұл тәсіл кең қолданылады. Ағашқа, тасқа және адамды түрлі жағдайлардан құтқарған кезде көкірекке байланады.Бұл пунктте оқушылар арқан байлау тәсілдерін үйренеді.
Бақылау сұрақтары: 1. Байлауды не үшін пайдалынады ?
2. Жіп байлау бірнеше тәсілдерің көрсет?