Дәріс №13-14 электрохимиялық талдау әдістері



бет3/7
Дата31.10.2022
өлшемі0,8 Mb.
#155838
1   2   3   4   5   6   7
Әдістің теориялық негізі: зерттеуге тиісті зат ерітіндісінің құрамын, мөлшерін индикаторлық электродтың поляризациясы нәтижесінде алынған ток күші мен кернеу арасындағы тәуелділікті пайдалана отырып анықтау.
Вольтамперметрия әдісі төмендегідей түрлерге бөлінеді:
  • Қарапайым не тура
  • Дифференциялды (жанама титрлеу әдісі)
  • Инверсионды
  • Осциллографиялық
  • Айнымалы тоқты

Полярографиялық әдістің басты ерекшелігі зерттелетін зат ерітіндісіндегі иондар құрамын және мөлшерін анықтай алуы:
  • Әдіс өте дәл, қарапайым (10-5 М зат концентрациясын анықтай алады);
  • Органикалық, бейорганикалық заттарды талдауға болатындығы;
  • Әдістің автоматтандырылуы.

Катод ретінде поляризацияланатын сынаптың тамшылайтын электроды, ал анод ретінде мүлдем поляризацияланбайтын каломельді электрод алынатын жүйедегі электролизді қарастырайық. Мұндай жүйедегі сыртқы ЭҚК-нің өзгеруі толығымен катод потенциалының өзгеруіне жұмсалады. Егер жүйеде электр тогының әсерінен тотықсызданбайтын заттар болса, жүйенің тоқ күші берілген кернеуге пропорционал болады (Ом заңы):
Зерттелетін кернеу аймақтарында сынап электродында тотықсыздана алатын заттардың қатысуында, токтың кернеуге тәуелділік қисығының түрі өзгереді. Тотықсыздану потенциалына жеткенде иондар сынап электродында зарядсыздана бастайды және кейбір жағдайда амальгаманың түзілуі байқалады:
Салыстырмалы электродпен индикаторлық электродтың қатысуында электролиттік ұяшықта алынатын поляризацияланған қисықтарды (вольтамперограмма) анықтауға негізделген талдау әдістері вольтамперометриялық деп аталады. Вольтамперограмма бірден микроэлектродта (деполяризаторда) тотықсызданатын немесе тотығатын заттар туралы сапалық және сандық мәліметтерді және электродтық процестің сипаттамасын береді.
Потенциалдың аз шамасында катодтың ток күші басында кернеуді арттырғанда баяу жоғарылайды – бұл ток шамасы қалдық тоқ деп аталады, оның мәні 10-7А құрайды. Кернеу тотықсыздану потенциалының шамасына жеткенде катодта диффузиямен анықталатын иондардар зарядсызданады да, амальгама түзіле бастайды және осы кезде тоқ күші күрт артады да, сосын бірқалыпты тұрақты шамаға жетеді – тоқтың мұңдай шамасы шекті диффузиялық тоқ (Id) деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет