Лабораторлық диагностикасы. Диагнозды негізінде нәжістен қоздырғыштың цистасын немесе сұйық нәжістен вегетативті формасы мен цистаны анықтауға бағытталған. Препаратты микроскопта нативті немесе Люголь ерітіндісімен өңдегеннен кейін қараймыз. Холангит немесе холецистит көріністері байқалған жағдайда вегетативті формасын анықтау үшін дуоденальді зондтау арқылы алынған сұйықтықты микроскоптан қарағанда жақсы нәтиже береді. Есте сақтау керек! Паразит нәжіспен бірге үнемі бөлініп отырмайды, сондықтан зерттеуді бірнеше рет жасау керек. Кейбір жағдайда серологиялық әдіс қолданады: айқын клиникалық лямболиоз кезінде тікелей емес ИФР анықталған антидененің арнайы титрін анықтау.
Арнайы профилактикасы жоқ. Емдеуде трихопол (метронидазол), тинидазол (фазижин), хинакрина гидрохлорид (атабрин), фуразолидон, аминохинол, акрихин қолданады.
Бақылау сұрақтары: 1. Протозойды инфекцияға не жатады?
2. Токсоплазманың өмірлік циклін атаңыз.
3. Токсоплазмоз кезінде зерттелетін материалды атаңыз.
4. Токсоплазмозды анықтау үшін серологиялық реакцияларды атаңыз.