Мақсаты: Токсоплазмозды, лямблияларды және трихомиазды микробиологиялық диагностикалау әдістерін қарастыру.
Дәріс тезисі. Токсоплазмоз – клиникасында орталық жүйке жүйесінің, көкбауырдың, миокардтың, қаңқа бұлшықетінің зақымдалуымен жүретін созылмалы формада өтетін зоонозды жұқпалы ауру. Қоздырғышы - Toxoplasma gondii. Toxoplasma gondii клеткалардың ішінде паразиттік тіршілік ететін қарапайым. Организмде 4 формада болуына тиісті: - вегетативті (жедел токсоплазмозды тудыратын)
- негізгі циста түрінде (созылмалы жасырын формаларда)
- жалған циста түрінде (көбінесе жедел формаларда)
- оциста-тек қана негізгі иесінде-мысықта болатын түрі
Мысық бір аптаның ішінде 1,5 млрд ооцисталарды шығарады екен.