Созылмалы түрі: әлсіздік , шаршағыштық, бас ауру , ұйқысыздық.
Обьективті: лимфоаденопатия, мезаденит, миозиттер, артралгиялар, астения, неврастения, миокард ж.т.б. ОНЖ-зақымдалғанда – ауыр түрінде созылмалы ағымды энцефалит, джексон синдромы, эпилепсия, арахноидит, хореоретинит; увеит. Вегетативті өзгерістер: тершеңдік, акрацианоз, гипергидроз.
Диагнозды қою үшін келесі лабораториялық әдістерді қолдануға болады:
1) паразитологиялық әдіс (табылуы қиын)
2) иммунофлюоресцентті әдіс
3) гистологиялық тексеру (биопсия)
4) серологиялық әдістер КБР
4) ТГР, Сейбин-Фельдман реакциясы
5) аллергиялық проба (токсоплазминмен) Айтарлық жағдайлар: серологиялық реакциялар көп адамдарда оң болып шығуы мүмкін – бірақ та анықтаусыз диагноз қоюға болмайды. Серологиялық реакциялар кемінде қатарласып екеуі қойылуы керек. Нәтижесі – титр арқылы есептелу керек. Динамикада 3-4 аптадан кейін осы лабораторияда қайталап қойған дұрыс. Қосымша аллергилық сынама. Содан кейін клиника белгілерімен салыстырып диагнозды қоюға болады. Емі: этиотропты препараттар тек қана вегетативті формаларға әсер етеді, сондықтан көбінесе жедел формада қолданады: - тиндури (хлоридин) - делагил - аминохинол - бисептол - тетрациклин - спирамицин Ұзақ курспен емдейді. Лямблиоз қоздырғышы — Lamblia intestinalis (Giardia lamblia) — 1859ж. Д. Ф. Лямбля ашқан. Лямблиялар талшық тасымалдаушылар типіне жатады. Вегетативті формасы (трофозоит) мен циста түрінде адам ағзасының он екі елі және тоқ ішегінде кездеседі. Вегетативті формасы тығыз, алмұрт немесе жүрекше тәрізді алды дөңгеленген, соңы құйыршығы сүйірленген, грушевидная или сердцевидная с округлым передним и заостренным хвостовым концом, билатеральді симметрияға ие, ұзындығы 9-18мкм, ені 5- 10мкм. Денешігі пелликуламен қоршалған. Ішек эпителииіне жабысуға арналған жабысқыш диск дененің кеңейтілген бөлігінің вентральді жағында орналасқан. Базальді денешіктен басталатын екі эластикалық жіпшеден тұратын жұптасқан аксостиль дененің ортаңғы бөлігінен құырығына дейін созылып жатады.
Паразиттер тоқ ішекке түскенде дегидратацияға түсіп цистаға ауысады: талшықтарынан айырылады, пішіні сопақтанып тығыз қабықша түзеді және ядроның бөлінуі жүреді. Лямблия цистаның көлемі 8-16мкм және екі (жетілмеген циста) немесе төрт (жетілген циста) ядродан тұрады, олар бір полюсте бір-біріне ығысып орналасады. Лямблия жасанды қоректік ортада өспейді.
Лямблия адам, маймыл және шошқаның ішегінде паразититті тіршілік етеді. Инфекция көзі — науқас адам немесе паразит тасымалдаушы, нәжіс арқылы бірнеше миллиард циста бөледі. Лямблиоз барлық жерде кездеседі, лямблия ересек сау адамдардың 10-12%, ал балалардың 50-80% кездеседі. Сау адамдарға фекально-оральді жолмен жұғады, берілу факторлары болып — су, тағам, күнделікті қолданатын заттар және кір қолдар. Лямблияның цистасы ғана енеді, олар қоршаған ортада тұрақты.