Дәріс №13. Тақырыбы: «Суару жүйесін пайдалану»



бет1/2
Дата11.09.2024
өлшемі53,38 Kb.
#204103
  1   2
Байланысты:
13 ЛЕКЦИЯ (1)


Дәріс № 13.

Тақырыбы: «Суару жүйесін пайдалану»



13.1. Шаруашылықтың су пайдалану жоспары

13.2. Суды есепке алу

13.3. Шарушылықта суару жұмысын ұйымдастыру және жүргізу

13.4. Каналды тасынды шөгінділерден сақтау


1. Суару жұмыстары барлық ауыл шаруашылығы өндірісіндегі суды пайдалану жоспары бойынша жүргізіліп отырылады. Бұл жоспардың алдына екі мақсат қойылады: біріншісі, шаруашылықтағы оның жекелеген бөлімшелерге қажетті су мөлшерін дэл анықтап, кұндізбелік суару жоспарын белгілеу болса, екіншісі, суару жұмысын агротехникалық жұмыстармен байланыстырып жүргізу.
Су пайдалану жоспарында төмендегі талаптар сақталуы тиіс:
- Суғарылған жер 1-2 күн ішінде өңделуі керек. Суару жұмысын тәулік бойы тынымсыз жүргізіп, суғармалы жерлерден ағынды су болмауын қамтамасыз ету.
- Су көлемі жетпей жатса, жеке қожалық, фермер т.б. шаруашылықтар арасында су пайдалану кезегін кіргізу. Бірақ су берілмейтін уақыт 10-12 тэуліктең аспауы керек.
- Суару әдісі мен тәсілі гылыми жұмыстардың нәтижесіне сүйене отырып анықталады.
Су пайдалану жоспарын жасау үшін қажетті мәліметтер:
- шаруашылықтың суғармалы жерінің 1:10000 масштабындағы жобасы. Бұл жоспарда танаптар, каналдар, гидротехникалық құрылымдар, су өлше-гіш қүралдар және т.б. жабдықтар көрсетілуі керек;
- каналдардың су өтімдерінің есептік мәні;
- ауылшаруашылық дақылдарды егістікке орналастыру жоспары;
- каналдардың пайдалы әсер коэффициенттері (ПӘК). Жоспар суғарылым басталардан бір ай бүрын аудандық су
басқармасымен келісіліп бекітілуі керек.
Су пайдалану жоспарын есептеуді шаруашылықтың агрономымен бірлесіп жүргізеді. Себебі жоспар суару алқаптарында жүргізілетін агротехникалық жұмыстармен үйлестірілуі тиіс. Жоспарды құру үшін үш кесте толтырылады.
Бірінші кестеде ауылшаруашылық дақылдарын суару жүргісі көрсетіледі. Екінші кестеде күнделікті су пайдалану туралы мәліметтер, яғни әр онкүндіктегі қажетті су мөлшері, қанша гектар егістік суғарылатыны және каналдың қажетті су өтімі көрсетіледі. Үшінші кестеде әр танапты суғару кезегі беріледі. Бұл кестеде әр танапты қай мезгілде суғару барысы мен агртехникалық жұмыстарды жүргізу уақыты және техникалары көрсетіледі.
Су пайдалану жоспарын сапалы және жоғарғы деңгейде жүргізу үшін әр шаруа қожалығы, фермер және т.б. шаруашылықтар аудандық Су шаруашылығы Басқармасымен шарт жасасады. Бұл шартта Су Басқармасы шаруашылық каналы басына қажетті суды дер мезгілде, қажетті мөлшерде беріп отыратынын міндетке алады. Ал шаруашылық өз тарапынан берілген суды шығынсыз қабылдап, белгіленген егістікті суғаруға міндеттеледі. Қажет болған жағдайда (келісім бойынша) бас және шаруашылық каналдарды шөп-шаламнан, қоқымнан тазартуға және гидротехникалық құрылымдарын жөндеуге жұмыс күшін бөледі.
Шаруа каналдарының басына су өлшегіш қоңдырғы орнатылады. Каналдағы су өтімін күніне екі рет, таңертең сағат 7-де және кешке сағат 19-да шаруашылықтың гидротехнигі өлшеп, арнайы журналға түсіріп отырады. Сондай өлшемді Су Басқармасы гидротехнигі де жүргізіп отырады. Олар әр он күнде кездесіп, екеара бір келісімге келіп, бөлінген және алынған су туралы актге қол қояды. Осы акт бойынша шаруашылық су ақысын белгілі баға бойынша төлеп отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет