Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет66/88
Дата22.01.2023
өлшемі152,77 Kb.
#166093
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   88
Байланысты:
Д ріс №14 та ырыбы Ас орыту ж йесіні б ліктері. Ас орыту т тіг
f5fe56d99b49fa0
Иық өрімі, plexus brachialis – 4 төменгі мойын нервтерінен және І-ші кеуденервінің үлкен бөлігінен құралады. Иық өрімі алдыңғы және ортаңғы сатылы бұлшықеттер аралығынан бұғана үсті шұңқырына шығып, бұғанаасты артериясынан жоғары және артқа қарай орналасады, кейін қолтық асты шұңқырына қарай бағытталады, үш жуан нерв будасын түзеді: латералды, медиалды және артқы. Өрімде бұғана үсті және бұғана асты бөліктері болады. Шеткі тармақтар қысқы және ұзын болып бөлінеді. Қысқа тармақтар бұғана үсті бөлігінің түрлі жернен шығып, мойын, иық белдеуі мен иық буыны бұлшық еттерін нервтендіреді, ұзын тармақтар жоғарыдағы 3 будадан пайда болады, қолды бойлай өтіп, оның бұлшық еттері мен терісін непвтендіреді.
Қысқа тармақтар :
1) Артқы жауырын нерві - жауырынды көтеретін бұлшық ет;
2) Ұзын кеуде нерві - алдыңғы тісті бұлшық ет;
3) Жауырын үсті нерві- қылқанүсті және асты бұлшық еті мен иық буыны қапшығы.
4) Медиалды және латералды кеуде нерві- үлкен және кіші кеуде бұлшық еті.
5) Бұғана асты нерві- бұғана асты бұлшық еті
6) Жауырынасты нерві - жауырынасты бұлшық еті, үлкен дөңгелек бұлшық ет, арқаның аса жалпақ бұлшық еті
7) Қолтық нерві- дельта тәрізді, үлкен дөңгелек бұлшық ет, иық буыны.
Ұзын тармақтар. Алдыңғы тармақтар бүккіштер мен пронаторлар үшін бұлшықет - тері нерві, барлық бүккіш бұлшықеттерді нервтендіреді.
Кеуде нервтерінің алдыңғы тармақтары қабырғааралық нервтер деп аталады,өйткені олар қабырға аралықтарымен өтеді, тек ХІІ тармақ қана ХІІ -ші қабырғаның төменгі жиегімен өтеді (қабырғаасты нерві). Жоғарғы 6 қабырға -аралық нерв төстің жиегіне дейін жетеді, төменгі 6 нерв іш қабырғасы қаба -тына өтіп, сол жерде көлденең және қиғаш бұлшықеттер арасымен өтіп, іштің тік бұлшықетіне барады. Қабырғааралық нервтер өз жолында кеуде және іш қуыстары қабырғасындағы барлық вентралды п/б бұлшықеттер үшін бұлшықеттік тамақтар береді, өкпеқап пен ішастарды нервтендіруге қатысады.
Бел - сегізкоз өрімі : бұл бел, сегізкөз және құйымшақ болып жеке өрімдерге бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет