Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет33/88
Дата22.01.2023
өлшемі152,77 Kb.
#166093
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   88
Байланысты:
Д ріс №14 та ырыбы Ас орыту ж йесіні б ліктері. Ас орыту т тіг

Жүректің қандандырылуы. Жүрек артериялары – оң және сол жақ тәждік артериялар –жартылай айшықты қақпақшалардың жоғарғы жиектерінен төмендеу басталады. Сондықтан систола кезінде жүрек артериялары кіреберіс қақпақшалармен жабылады да, ал артериялардың өздері жүректің жиырылған бұлшық етімен сығылады. Осының әсерінен систола кезінде жүректің қанмен жабдықталуы кемиді.
Оң жақ тәждік артерия a. coronariadextra – қолқа мен оң құлақшаның арасында, жүректі оң шетінен орап, тәждік сайда жатады. Жүректің артқы қабырғасына өтіп, қарыншааралық тармаққа жалғасады.Оң тәждік артерия оң жүрекшені, оң қарыншаның алдыңғы қабырғасының бір бөлігі мен бүкіл артқы қабырғасын, жүрекшеаралық пердені, қарыншааралық перденің артқы 3/1-ін, оң қарыншаның емізікше бұлшық еттері мен сол қарыншаның артқы бөлігін қанмен қоректендіреді.
Сол жақ тәждік артерия a.coronaria sinistra – сол жүрекшенің алдыңғы бетінде, тәждік сайда жатады. Ол өкпе сабауы мен сол құлақшаның арасында екіге тармақталады. Сол тәждік артерияның тармақтары сол жүрекшені, сол қарыншаның алдыңғы қабырғасының көп бөлігін, қарыншааралық перденің 3/2 бөлігін, сол қарыншаның алдыңғы емізікше бұлшық етін қоректендіреді.
Оң және сол тәждік артериялардың арасын анастомоздар қосады, бұл екі артерия тармақтарының қосылуынан жүректе екі артерия доғасы пайда болады.
Жүрек веналары қуыс веналарға емес,тікелей жүрек қуысына ашылады.Веналық қан ағысы үш жолмен жүреді : 1) тәждік қойнауға, 2) жүректің алдыңғы веналарына, 3) жүректің оң жақ бөліміне тікелей құятын ең ұсақ веналарға.
1.Тәждік қойнау – артқы бөлімінде сол жүрекше мен сол қарыншаның арасында жатады. Өзінің оң жақ қалыңдау ұшы арқылы қарыншалар арасындағы перде қасында, төменгі қуыс вена мен жүрекшеаралық перденің арасындағы оң жүрекшеге ашылады. Тәждік қойнауға мына веналар құяды : а) жүректің үлкен венасы – қанды жүрек ұшынан, оң және сол қарыншаның алдыңғы бетінен жинайды, б) сол жүрекшенің қиғаш венасы – қанды сол жүрекшенің артқы бетінен жинайды, в)жүректің ортаңғы венасы – қанды жүректің артқы бетінен жинайды, г) жүректің кіші венасы – қанды оң қарыншаның артқы бетінен жинайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет