Сыртқы есту өтісі, meatus acusticus externus, екі бөліктен тұрады: шеміршекті және сүйекті. Шеміршекті дыбыс жолы бүкіл есту өтісі ұзындығының 3/1 бөлігін құрайды, ол құлақ қалқаны шеміршегінің жоғары және артқа қарай жалғасы болып табылады, оның ішкі шеті дәнекер тін арқылы самай сүйегінің дабыл бөлігінің жиегімен қосылады. Тұтас есту өтісінің ұзындығының 3/2 – сін құрайтын сүйекті бөлігі сыртқа сыртқы есту тесігі арқ ылы ашылады. Шеміршекті бөлігінің терісінде май бездері, сарғыш түсті секрет бөлетін ерекше бездер, кірпікшелер бар.
Дабыл жарғағы, membranа tympani, сыртқы және ортаңғы құлақтың шекарасында жатады. Ересек адамда сопақ пішінді, қиғаш орналасқан жұқа жартылай дыбыс өткізетін табақша, орталығында жалпақ, құйғыш тәрізді ішіне қарай тартылған кіндік, umbo membrane tympani болады. Оның сыртқы беті есту өтісінің тері жабындысының жұқарған жалғасымен,ал ішкі беті дабыл қуысының шырышты қабығымен қапталған. Дабыл жарғағы 2 бөліктен тұрады: 1) үлкен бөлігі қатты керілген 2) кіші бөлігі босаңсу,керілмеген.
Ортаңғы құлақ, auris mediaдабыл қуысы мен есту түтігінентұрады. Есту түтігі
дабыл қуысын жұтқыншақтың мұрындық бөлігімен жалғастырады.
Дабыл қуысы, cavitas tympanica самай сүйегі пирамидасының негізінде сыртқы есту өтісі мен ішкі құлақ (лабиринт) арасында жатады.Онда дыбыс тербелістерін дабыл жарғағынан лабиринтке беретін 3 кішкене сүйекшеден тұратын тізбек орналасады. Оның көлемі 1см3 - дей. Дабыл қуысының 6 қабырғасы бар: 1.Латералды қабырғасы, 2.Медиалды қабырғасы, 3.Артқы қабырғасы, 4.Алдыңғы қабырғасы, 5.Жоғарғы қабырғасы, 6.Төменгі қабырғасы.
Дабыл қуысында орналасқан 3 кішкене дыбыс сүйекшелері өздерінің пішіндеріне қарай – балғашық, төс, үзеңгі деп аталады.
1) Балғашықтың, malleus,домалақ басы мойын арқылы сабымен жалғасқан.
2) Төстің, incus, денесі және 2 өсіндісі болады: ұзын және қысқа.
3) Үзеңгі, stapes, пішіні жағынан атына сай келіп, төспен буындасу беті бар кішкене бастан және 2 аяқшадан тұрады.Үзеңгі сүйегінің негізі ішкі құлақтың сопақша тесігін жауып тұрады. Сүйекшелер тізбегі екі қызмет атқарады:
1) Дыбысты сүйек арқылы өткізу;
2) Дыбыс тербелістерін кіреберістің сопақша терезесіне механикалық жолмен беру. Бұл екі кішкене бұлшықеттің көмегімен іске асады : 1) дабыл жарғағын керетін бұлшықет, оның сіңірі мойын қасындағы балғашық сабына бекиді, ол балғашық сабын тартып, дабыл жарғағын кереді, сонда бүкіл сүйекшелер жүйесі ішке ығысып, үзеңгі кіреберіс терезесіне батады. 2) үзеңгі бұлшықеті үзеңгінің артқы аяқшасына бекиді. Қызметі жағынан бұл бұлшықет алдыңғы бұлшықетке антагонист, ол сүйекшелерді кіреберіс терезесінен кері қарай жылжытады. Бұл бұлшықеттердің қызметі әр түрлі: 1) дабыл жарғағы мен дыбыс сүйекшелері тізбегінің қалыпты тонусын сақтау.
2) ішкі құлақты шамадан тыс тітіркенуден қорғау.
3) дыбыс өткізгіш аппаратты түрлі толқындағы дыбыстарға бейімдеу.
Ортаңғы құлақтың негізгі жұмысы – дабыл жарғағынан кіреберістің сопақша терезесіне дыбыс өткізу.