Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар


Жарғақты лабиринт, labyrinthusmembranaceus



бет85/88
Дата22.01.2023
өлшемі152,77 Kb.
#166093
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   88
Байланысты:
Д ріс №14 та ырыбы Ас орыту ж йесіні б ліктері. Ас орыту т тіг

Жарғақты лабиринт, labyrinthusmembranaceus сүйекті лабиринттің ішінде жатады да, оның пішінін қайталайды. Онда есту және тепе–теңдік анализатор-ларының шеткі бөлімдері орналасқан. Оның қабырғасы жұқа, жартылай мөл –дір дәнекер тінді жарғақтан түзілген, оның іші мөлдір сұйық – эндолимфамен толған. Жарғақты және сүйекті лабиринттің қабырғалары арасында перилим-фамен толған кеңістік болады. Сүйекті лабиринттің кіреберісінде жарғақты лабиринттің екі бөлігі жатады: 1) эллипсті қапшық; 2) сфералық қапшық.
Жарғақты лабиринт жартылай дөңгелекті түтіктер аймағында жіптер мен мембраналардың күрделі жүйесі арқылы сүйекті лабиринттің тығыз қабырға –сына ілініп тұрады, соның арқасында ол қатты қозғалыстар кезінде орын ауыстырмайды.
Есту анализаторының құрылысы. Жарғақты лабиринттің сүйекті ұлуда орналасқан аддыңғы бөлігі ұлу түтігі, ductus cochlearis – есту мүшесінің ең маңызды бөлігі боп табылады. Ол сүйекті ұлудың бүкіл иірімді өзегімен өтіп,
оның ұшында аяқталады. Көлденең кесіндісінде ұлу түтігі үшбұрыш пішінді келеді. Оның спиральды мембранасының ішінде жатқан базилярлы табақшасында дыбыс қабылдаушы аппарат – иірмелі (кортиев) мүше орналасқан. Базилярлы табақша домбыра ішегі сияқты керілген ұзындығы әртүрлі көптеген (24000) фиброзды талшықтардан тұрады. Электрондық микроскопияның деректері бойынша бұл талшықтар серпімді тор түзеді, ол тор тұтас алғанда қатаң бөліктерге бөлінген тербелістер арқылы резонанс тудырады. Иірмелі мүше эпителий жасушаларының бірнеше қатарынан құралады, олардың арасында түктері бар сезімтал дыбыс жасушалары болады. Олар механикалық тербелістерді электр тербелістеріне айналдыратын кері микрофон қызметін атқарады. Ұлу түтігі арқылы кіреберіс және дабыл сатысы бір – бірінен бөлінеді, олар тек ұлу күмбезінде ғана геликотрема деген тесік арқылы өзара жалғасады.
ДӘРІС №41


ТАҚЫРЫБЫ: Мұрын қуысының иіс сезу аймағы.Иіс сезу ағзаларының өткізгіш жолдары.Дәм сезу ағзасы.Тілдің орналасу аймағы.Дәм сезу ағзасының өткізгіш жолдары.Тері, құрылысы,қызметі.Терінің өнімдері.Сүт бездері




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет