Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет12/88
Дата07.11.2022
өлшемі176,17 Kb.
#156878
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   88
Байланысты:
Анат лекция
жүктілік қалқанша без (копия), Акерке , 181-Lectures-6-7-8, Глосарий 61945ab8d4223ce5ef878e63b49ca410, Биофиз 1рк 99 , Требования к внешнему виду медицинского персонала, Требования к внешнему виду медицинского персонала, курстык, коммуникативная компетентность врача, Анатомия теориялық база, Занятие 1 Ознакомьтесь с таблицей. Каковы лексические, морфологи, лейкоз 301б, Нейроинфекции 1, БИОФИЗИКА 2 РК 100 дұрыс
Бауыр жасушалары ( гепатоциттер) үлесшеде табақша түрінде топтасады.
Олар үлесшенің біліктік бөлімінен шетке қарай радиалды орналасқан. Үлесше ішіндегі капилляр қабырғасында эндотелиоциттен басқа фагоцитарлық қасиеті бар жұлдызша жасушалар болады.
Үлесшелерді қақпа венасының тармақтары – үлесшеаралық артериялар мен веналар қоршаған. Бауыр жасушалары арасымен екі жасушаның жанасқан беттері аралығында өт түтікшелері өтеді. Олар үлесшелерден шығып, үлесшеаралық
түтікшелерге құяды. Әр бауыр үлесінен шығарушы түтік шығады. Оң және сол жақ түтіктердің қосылуынан өтті әкететін және бауыр қақпасынан шығатын жалпы бауыр түтігі түзіледі. Ол көбіне екі түтіктен, кейде 3, 4, 5 түтіктен құралады.
Өтқуық, vesica fellea s. biliaris. Сыйымдылығы 40 - 60 мм. Пішіні алмұртқа ұқсайды. Оның мойны, денесі жәнә түбі бар. Түбі бауырдың төменгі жиегінен сәл шығып тұрады, өтқуық бауырдың төменгі бетінде, оң жақтағы ұзын сайда орналасқан. Мойын тікелей 3,5 см өт қуық түтігіне жалғасады. Өтқуық түтігі мен жалпы бауыр түтігінің қосылуынан ортақ өт түтігі түзіледі. Ұзындығы – 7см, ол бауыр – 12см ішек байламының екі жапырақшасы арасында жатады. Оның артқы жағында қақпа венасы, сол жағында жалпы бауыр артериясы орналасады. Ол 12 елі ішекке құйылады.
Өтқуық қабырғасы 3 қабаттан тұрады: Ішкі – шырышты, ортаңғы бұлшық – етті, сыртқы – сілті қабық. Шырышты қабық қатпарлар түзеді және онда шырышты бездер көп. Өтқуық түбі іш қуысының алдыңғы қабырғасындағы оң жақтағы іштің тік бұлшықеттері мен қабырға доғасының бекіген тұсында жатады.
Өт шығару жолдары. Өт бауырда тәулік бойы түзіліп, ал ішекке керек кезінде ғана келіп тұрады, сондықтан өтқуық өтті сақтайтын ыдыс қызметін атқарады. Бауырда түзілетін өт одан жалпы бауыр түтігі арқылы шығады. Керек болған жағдайда ол ортақ өт түтігі арқылы бірден 12 елі ішекке келеді. Егер керек болмаса, онда өтті ішекке жібермейді, сол себепті өт қуық түтігіне бағытталып, өтқуыққа ағады. Ас асқазанға келгенде тиісті рефлекс пайда болып, өтқуықтың бұлшықетті қабырғасы жиырылып, сонымен бір мезгілде ортақ өт түтігі мен оның қысқыштары уақытша босап, өт 12 елі ішек қуысына түседі. 1 тәулікте 500-1200 мм өт бөлді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет