Таңдай, palatum ауыз қуысынмұрын қуысынан бөліп тұрады, екі бөліктен тұрады :
Қатты таңдай – алдыңғы 3/2 сүйекті бөлігі, оның негізін жоғарғы жақсүйектің таңдай өсіндісі мен таңдай сүйектің горизонталды табақшасы құрайды.
Жұмсақ таңдай қатты таңдайды жауып тұрады, артқы 3/1 бөлігі, бұлшық етті түзіліс, оның артқы жағы салбырап тұрады, оны таңдай пердесі деп атайды. Перденің артқы ортаңғы бөлігінде тілшік болады. Адам тамақты жұтқанда тілшік артқа жылжып, мұрын тесігін жабады. Жұмсақ таңдайдың бүйірлері екі доғашыққа айналады: алдыңғы – таңдай – тіл, артқысы – таңдай – жұтқыншақ доғашығы. Осы екі доғаның ортасында шұңқыр бар, онда таңдай бадамшасы жатады. Ол лимфа тінінің сопақ пішінді жиынтығы, иммундық жүйенің ағзасы ( лимфоциттер жасап шығарады).
Ауыз қуысы жұтқыншаққа аран тесігі арқылы ашылады.
Тіл, lingua, (грекше glossa) – шырышты қабықпен қапталған бұлшық етті ағза. Тіл дәм сезеді, сөздің анық шығуына және тағамның ауыз қуысында араласуына қатысады. Тілдің үш бөлігі бар: түбірі, денесі, ұшы.
Тіл түбірі тіласты сүйегі мен төменгі жақ сүйекке бекиді. Тілдің жоғарғы дөңес беті арқашық деп аталады. Төменгі беттің ортасында тілді ауыздың түбімен байланыстыратын тіл үзеңгісі орналасады.
Тіл арқашығында бүртіктер болады, олар 4 түрлі :
1.Жіптәрізді және конустәрізді бүртіктер тілдің алдыңғы бөлімінің жоғарғы бетін алып жатады да, осы аймақтың шырышты қабығына бұдырлы немесе барқыттәрізді түр береді. Олар түйісуді сезу ағзасы (жалпы сезу).
2.Саңырауқұлақтәрізді бүртіктер тілдің ұшы мен жиектерінде орналасқан, дәм сезеді.
3.Науашықтәрізді бүртіктер ең ірілері, ұшы артқа қараған V рим цифрына ұқсас, саны 7- ден 12 – ге дейін өзгеріп отырады. Тіл денесінің шекарасында орналасқан, ортасында тілдің соқыр тесігі бар, дәм сезеді.
4. Жапырақтәрізді бүртіктер тіл жиектерінде орналасқан, дәм сезеді ( қышқыл мен тұздыны).
Тіл бұлшық еттері 2 топқа бөлінеді: 1. Қаңқа бұлшық еті бас қаңқасынан басталып тілдің ішіне кіреді. 2.Тілдің өзінің бұлшық еті 3 перпендикуляр жазықтықта айқасып орналасқан.
Тістер, dentes тағамды тістеп, майдалайды, сөздің анық шығуына мүмкіндік береді. Тістер жоғарғы және төменгі жақсүйектің ұяшықты (альвеолярлы) шұңқырында орналасқан.
Әр тістің сауыты, түбірі және мойны бар. Сауыты қызыл иектен шығып тұрады, түбірі тіс ұяшығында жатады, ал тіс мойны сауыттың түбірге ауысқан жері, қызыл иекпен жабылған. Тістің іші қуыс, оны қантамырлар мен нервтерге бай пульпа толтырып тұрады. Тіс түбірінде тесік бар, ол арқылы қуысқа тамырлар мен нервтер өтеді. Тіс түбірі ұяшықтың сүйек қабығы, periodontium арқылы тіс ұяшығымен тығыз тұтасады. Тіс, периодонт, ұяшық қабырғасы мен қызылиек тіс ағзасын құрайды.
Тістің қатты заты эмаль, дентин және цементтен тұрады. Эмаль тіс сауытын сыртынан жауып тұрады, ал цемент тіс түбірін қаптайды. Дентин – тістің негізгі заты, ол эмаль мен цементтің астында жататын қалың қабат.
Тістер сауытының пішініне қарай күрек, ит, кіші және үлкен азу тістер болып бөлінеді. Адамның жасына қарай тістер екіге бөлінеді: 1) сүт тістер – саны 20,
2) тұрақты тістер – 32.
Сүт тістер. Баланың 5-6 айлығында алғашқы төменгі күрек тісі шығады. Бір жастағы баланың 8 тісі, ал екі жаста 20 тісі болады. Сүт тістердің шығуы 3 жаста аяқталады. Дені сау баладағы тістің санын білу үшін оның жасын аймен есептеп, одан 4 санын алып тастайды. 5 – 6 жасқа келгенде сүт тістер түсіп, оның орнына тұрақты тістер шыға бастайды. Сүт тістерде кіші азу тістер болмайды. Сүт тістердің формуласы : 2 1 2.
Бірінші үлкен азу тіс алты жаста шығады. 12 – 15 жаста тұрақты тістер толық шығып болады. Ең соңғы үлкен азу тіс ақыл тіс деп аталады, ол 18 – 30 жасқа дейін шығады, болмауы да мүмкін. Барлығы 32 тұрақты тіс болады, оның 16–сы жоғарғы жақсүйекте, 16-сы төменгі жақсүйекте орналасқан. Адам жақсүйегінің бір жағын -дағы тұрақты тістер формуласы былай болады : 2 1 2 3.