2) Өзінің эмоциональды жағдайын басқара алу - өзінің психикалық жағдайын, сезімдерін, көңіл-күйін басқара алу икемділігі .
Мұғалімнің өзін-өзі басқара білуі. Оған мынадай тәсілдерді жатқызуға болады:
- қайырымдылық пен оптимизмге тәрбиелеу
- өз тәртібіне бақылау жасау / сөйлеу, тыныс алу т.б./
- пед.қызметте жақсарту ісінде қолдану (еңбек терапиясы, музыкотерапия, библиотерапия, әзіл, имитациялық ойын);
- өзін-өзі сендіру.
Осы бағытта В. А. Сухомлинский: ішкі жан дүние гармониясын сақтау үшін қайырымды, оптимист бол, әзілмен шешуді ұсынады.
3)Әлеуметтік перцепция- зейін, өзін-өзі сырттай көре алу икемділігі т.б.
Педагогқа адам психикасы үшін маңызы зор-кері байланыс механизмін қолдана алу иекемділігі керек. Өйткені, мінез-құлық та, дауыс та, мимика да, қол сілтеу де біздің ішкі дүниемізге, көңіл-күйімізге әсерін тигізеді.
4) Сөйлеу технологиясы – сөйлеу мәдениет, эмоциясы, дауысты қою, дем алу, интонация, сөйлеу темпі,сенім туғызуы
Мұғалімнің сөйлеу техникасы- дауыс ырғағы, тоны. Оны реттеу үшін өзімен жұмыс жасауы керек. Сөйлеу мәдениеті дегеніміз — әр дыбысты анық айту, дауыс екпінін таңдау, дұрыс тыныс алып, бет әлпеті мен қимылын үлесімді пайдалану шеберлігі.
Сөйлесу кезінде қолыңызды айқастырмаңыз, аудиторияға бетіңізбен бұрылып тұрыңыз, араларыңыздағы қашықтық үлкен болмауы керек. Сөйлеу кезінде оңға, солға емес, керісінше алдыға, артқа қозғалған дұрыс. Алдыға қозғалғанда айтып тұрған ақпаратыңыздың маңыздылығы күшейеді, ал артқа қозғалсаңыз тыңдаушыларға кішкене дем алуға мүмкіндік бересіз.
3. Инклюзивті тəжірибедегі педагогикалық техника
Педагогикалық техника – бұл мұғалімге өзін тереңірек, нақтырақ, талантты етіп көрсетуге, жұмыста ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетін шеберліктер жинағы. Педагогикалық техника– педагог хабарлайтын ақпаратты безендіреді десек болады. Бұлар мұғалімге қабылдаудың визуалды және аудиалды жағы арқылы тәрбиеленушілерге өзінің ойы мен сезімдерін жеткізуге көмектесетін, шығармашылық мінез бен балалармен өзара тиімді әрекет етуге мүмкіндік беретін шеберліктер. Педагогикалық қатынас икемділігі, сөйлеудің техникасы мен мәдениеті: дауыс;тыныс алу; дауыс мәнері; дауыс ырғағының мәнері; сауаттылық.Мұғалімнің өз мінезқұлқын басқара білу біліктілігімен байланысты: өз дене қимылдарын басқара білу (мимика, пантомимика); көңіл – күйімен эмоцияларын басқара білу (артық психикалық қысымды болдырмау, шығармашылық көңілкүй орната білу); сөйлеу техникасы (тыныс алу, дауысты қоя білу, дикция, сөйлеу екпіні). Сезім мен қатынастарды мәнерлі көрсету: ымдау; пантомимика; мұғалімнің жалпы сыртқы көрінісі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |