Дәріс №15 Жаралар Дәріс жоспары


 Жарақаттар кезінде асқынушылық



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата23.01.2022
өлшемі244,86 Kb.
#113427
1   2   3   4   5
Байланысты:
15 дарис (1)

2. Жарақаттар кезінде асқынушылық 

Жарақаттанған  кезде  міндетті  түрде  қан  кетеді,  дене  сырқырайды,  үңірейген  орын 

пайда  болады, шектен  тыс  сырқаттану  естен  тандырады.  Қалған жағдайлардағы  жаралар 

микроорганизмдер үшін ашық есік ретінде  — жұқпалы ауруларды асқындырушы ретінде 

қызмет етеді. 

Микробпен зақымданған жараны жұқтырмалы, ал осы арқылы пайда болған ауруды 

жара инфекциясы деп атайды. 

Микробтар  жараға  жарақаттаушы  заттармен,  ағаштың  қабығымен,  жердегі 

түйіршіктерден, ауадағы тозаңнан, жараның төңірегін қолмен ұстау арқылы өнеді. 



Газдан шіру (воздушная гангрена) аяқ жарақаттан жиірек байқалады. аурудың анық 

белгілерінің  бірі  жеңіл  шаншудың  пайда  болуы,  артынша  қатты  сырқыратуғы  ауысады. 

Жараның  төңірегі  домбығады,  аяқтың  тері  жамылғылары  су  үстін  қара  дақ  басады, 

тамырдың соғуы тоқтайды. Сипаған кезде тері жамылғысы шықырлайды. 

Сіреспенің  алғашқы  белгілері  жоғары  температура  (39

0

С),  жара  төңірегінде  бұлык 



еттің  еріксіз  дірілдеуі,  асқазан  төңірегінің,  іш  бұлшық  етінің  шаншуы,  жұту  кезіндегі 

қиыншылық,  беттің  ымдау  бұлшық  етінің  қысқаруы  және  ауызды  аштырмайтын  шайнау 

бұлшық етінің түйілуі болып табылады. Асептика және антисептика туралы түсінік 

Асептика

  —  жараны  микробтардың зақымдауынан  қорғау  әдісі.  Бұл  үшін  жарамен 

түйісетін  затта  микроб  болмауы  тиіс.  Мүлдем  микроб  жоқ  материалдар  мен  заттар 

тазартушы  деп  аталады.  Материалдар  мен  аспаптардағы,  басқа  заттардағы  таңғыштың 

микробтарын  толық  жою  тазартқыш  деп  аталады.  Жараны  көп  жағдайда  іріңдетуші 

микробтар  зақымдайды,    кейін  жара  іріңдеп,  ісінеді.  Микробтар  сәл  тамырларына,  ол 

арқылы сөл жолдарына түсуі мүмкін. Бұл жағдайда тері іші  қызарады жәңе қатты ауырады. 

Ал егер іріңді инфекция қанға өтсе, қан бұзылып сепсис дамиды. 



Антисептика 

— жараға түскен бактерияларды, микроорганизмдерді өлтіретін немесе 

олардың  тіршілігін  әлсірететін  антибиотиктерді  химиялық  және  биологиялық  заттарды 

қолдану  жолымен жою.  Антисептиктер  ретінде  хлорамин  ерітіндісі,  йод  түнбасы,  спирт, 

сутегі қолданылады. 

Тек  ауа  жоқ  кезде  дамитын  микробтардың  жарада  көбеюі  (анаэробтар)  анаэробтық 

немесе газдық  инфекция аса қауіпті. 

Жараға топырақпен бірге сіреспені тудыратын анаэробтық микробтардың түрлері енуі 

мүмкін. 

Механикалық антисептика жараны алғашқы хирургиялық емдеу кезіңде жүргізіледі. 

Физикалық  антисептика  жарадағы  микробтар үшін  қолайсыз  жағдай  жасайды,  атап 

айтқанда бұл жараны құрғатады, жарадан сұйық суды сыртқа шығарады. Микробтарды күн 

сәулесі мен жасанды ультра күлгін сәуле де өлтіреді. 

Химиялық антисептика микробқа қарсы қабілетке ие әр түрлі дәрі-дәрмекті қолдануға 

енгізідген. Бұлар антисептикалық заттар деп аталады. Йод түнбасы, этил спирті, хлорамин, 

риванол,  калий  перманганаты  сияқты  антисептиктер  жиі  қолданылады.  Антисептиктер 

Вишневский майы сияқты бірнеше заттардан құралуы мүмкін. 

Биологиялық  антисептиктер  жара  инфекциясынан  сақтандыру  мен  емдеу  үшін 

пайдаланылатын антибиотиктер жатады. 

Антисептика  мен  асептика  әдістері  жараның  инфекциялық  зақымдануымен  күресте 

бірін-бірі толықтырады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет