Дәріс №2 Кәсіпорын шаруашылық жүргізу объектісі ретінде


- кесте. Кәсіпорынның тауарлы өнімінің құны мен құрамы



бет6/9
Дата08.02.2022
өлшемі214,5 Kb.
#117572
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
file-767 (1)

2- кесте. Кәсіпорынның тауарлы өнімінің құны мен құрамы



Өнім түрлері

Алдыңғы жыл

Былтырғы жыл

Биылғы жыл

құны
млн т.

құрамы
%

құны
млн т.

құрамы
%

құны
млн т.

құрамы
%

1






















2






















3

























Барлығы




100,0




100,0




100,0

Тауарлы өнімнің құны кәсіпорынның жылдық есебінде табыс ретінде келтірілген, оларды кестеге (құнын) көшіріп жазу керек. Үш жылғы баға өзгерісіне назар аударыңыз. Ол үшін табысты өнім көлеміне бөліп, бағаларын шығарып, салыстырады. Бірінші кестедегідей баға әртүрлі болса, кейінгісін пайдаланып құнын қайта есептейді.


Өнім құндарының жиынтығы бүтінге саналып, әрбір өнімнің ара үлесін табады, соларға байланысты, негізгі, қосымша өнімдерді табады. Негізгі өнім мамандануын анықтайды. Сөз болған екі негізгі көрсеткіш: жалпы өнімнің құрамы, тауарлы өнімнің құрамы, кәсіпорынның мамандануын анықтайды. Негізгі өндірілген тауардың ара үлесі көп болса, кәсіпорынның мамандануын сол делінеді. Егер кәсіпорынның атына заты сай келмесе, аты бір басқа, негізгі өндіретіні екінші бір тауар болса, онда өндірісте мамандандырудың өзгергендігі, немесе болмағандығы. Мамандандырудағы сәйкессіздіктің себептері көп, ол амалсыздан, қаржылық қиындықтан шығуға байланысты болуы ықтимал, немесе нарықтың әсерінен бейімделуге мәжбүрліктен туындауы мүмкін. Кей жағдайда келеңсіздіктің орын алуы да кездеседі. Өнім өндірмекші қаржыны мамандануға орай жұмсамай, басқа мұқтаждыққа, тез пайда табатын айлаға қолдану сияқтылар қаржылық тәртіп бұзушылыққа апарып, айыппұл төлеу, айыпқа жатқызу сияқтыларға толықтырады.
Мамандандырудың деңгейін анықтайтын көрсеткіш бар, ол мамандандыру еселігі (коэффициенті). Табу үшін пр. Поповичтің өрнегі (формуласы) қолданылады.

Mд =



100

∑ Tөаү (2∙ р∙ с – 1)

өрнектегі Мд – мамандандыру деңгейі, мәні бір санынан төмен (0 бүтін, жүзден бөлік);
100 - өндірілген барлық өнім жиынтығы, 100 – пайыз;
∑ - өнімдердің мәнінің қосындысы (сигма);
Төаү – әрбір тауарлы өнімнің ара үлесі (пайызбен 1-2 кестелерден алынады);
(2•р•с – 1) – еселік (р•с – тауарлардың құрамдағы алған орны, рет санымен).
Өрнектің шығаруына мысал келтірсек: кәсіпорында үш түрлі тауарлы өнім өндірілген; бірінші өнімнің 2-кестедегі ара үлесі 63 %, екіншісінікі – 23 %, үшіншісінікі – 14 %.



Mд=

100

63 (2•1 –1) + 23 (2•2 – 1) + 14 (2•3 – 1)
═0,495≈0,5

Әр өнімнің ара үлесін (2•р•с∙1 – 1) еселікке көбейтіп қосындысын ( ∑ ) таптық.


Мамандандыру деңгейі 0,35 болса төмен, 0,36-0,48 – орта, 0,49-0,61 – жоғары, 0,62-ден артығы тереңдетілген деп есептелінеді. Жоғарғы, тереңдетілген деңгейдегі мамандандырулар экономикалық тиімділігі жоғары, мамандандыру жұмысы өз дәрежесінде жүргізілген деп саналады.
Мамандандырылуы төмендігі зиянға ұшыратады, оны жоғарылатуға арналған жұмыстар жүргізілу жоспарланады.
Мамандандыруды көрсететін қосымша көрсеткіштер бар. Олар: қор, жұмысшы құрамдары. Қорға байланысты әр саланың өзгешеліктері ескеріледі. Негізгі сала - қордың басым көпшілігі қолданылғаны.
Жұмысшы күші де негізінен басты салада ұйымдастырылады, артығына қосымша салалар пайдаланылады.
Құрал – жабдық, техникалардың түріне, санына байланысты мамандану бағыты анықталады. Жүк таситын машиналар топтастырылған кәсіпорын –автобаза, жеңіл машиналар таксопарк, т.б. Комбайнның топтастырылған кәсіпорнының мамандануы астық өндіру. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының мамандануын көрсететін қосымша көрсеткіштер жер құрамы (егістік, шабындық, жайылым үлестері), мал салаларының үлесі (мал санына байланысты).
Қосымша көрсеткіштер негізгі көрсеткіштерден шығатын қорытындыны толықтырып, дәлелдейді.
Мамандандырудың тиімділігін көрсететін де көрсеткіштер бар, олар қор қайырымы, еңбек өнімділігі, өзіндік құн, пайда, тиімділік деңгейлері. Мамандандырылған кәсіпорында өнім өндіру арзанға түсіп, тиімділік жоғары болады.
Жоғарыдағы айтылған мамандандырудың деңгейі көрсететіндей кәсіпорында негізгі өнімге қоса қосымша, қосалқы өнімдер өндіруге мәжбүрлік туындауы мүмкін. Бұл көбінесе орта, жоғары деңгейдегі мамандандыруларда туындайды. Өйткені негізгі өндіріс, өндіретін өнім кәсіпорынның өндіргіштік мүмкіндігін толықтай пайдаланбайды. Мысалы, мамандандыру деңгейі орта болғанда, еселігі 0,35-0,48, кәсіпорынның
52-65 % мүмкіндігі пайдаланылмаған деген сөз. Ал, тіпті жоғары деңгейде (0,49 – 0,61 еселікпен) 39-51 % мүмкіндік пайдаланылмағандығын көрсетеді. Міне, мұндай жағдайда, өндірістің қуатын толықтай пайдалану үшін қосымша, қосалқы өнімдер өндіру жоспарланады. Кәсіпорынның өндіргіштік мүмкіндігі толықтай игерілсе тиімділік артады. Оның екі жолы бар, бірі негізгі өнімді өндіруді дамыту, көбейту. Екіншісі қосымша, қосалқы өнімдерді шығару. Осы тұрғыда экономикада сәйкестендіру (сочетание) деген ұғым бар. Оның мағынасы, кәсіпорын қуатын толық пайдалануға арналған, қосымша, қосалқы өнімдерді өндіру, негізгі жұмысқа (негізгі өнім өндіруге) бөгет болмай, түсіретін қосымша табыстарымен экономиканы нығайтып, жалпы тиімділікті арттыру.
Сәйкестендірудің қағидалары бар:

  1. Қосымша, қосалқы өнімдер өндіру өндіріс қуатын толықтай игеруге арналған.

Мысалы, кәсіпорынның өндірістік орны, ғимараты негізгі өнім өндіруде 80 % пайдаланылады, қалған 20 % бос. Бос орынды іске қосу үшін қосымша, қосалқы өнімдер шығару ойластырылады. Немесе, кәсіпорындағы тасымалдау көлігі, өз өнімін тасуға жыл ішінде 290 күн пайдаланылатын болса, бос күндері (365 күн – 290 күн) басқа кәсіпорынның жүгін тасуға, не жалға беру жоспарлануы тиіс.

  1. Қосымша, қосалқы өндірістер негізгі өнім өндіруге кедергі болмай, зиянын тигізбеуі керек. Өндірістің барлық мүмкіндігі негізгі өнім өндіруге қолданылады. Жоғарыдағы мысалдай кәсіпорынның бос орындары болса, негізгі өнім дамығанда, қосымша өнім қысқарылып, орын негізгі өнім өндіруді кеңейтуге қолданылады.

  2. Қосымша, қосалқы өнімдер қаржы жағдайын жақсартуға көмектеседі, олар қосымша табыс көзі, ақша айналымын тездетуге, қаржылық маусымдылығынан құтқарып, тұрақтылық туғызуға мүмкіндік береді.

  3. Қосымша, қосалқы өнімдер өндіріс технологиясына байланысты туындап, негізгі өнім өндірудің тиімділігін арттырады. Кей жағдайда олар шикізатпен, жартылай өндірілген өніммен қамтамасыз етуге де пайдаланылуы мүмкін. Мысалы ірі кәсіпорындардың шикізат дайындайтын бөлімдері бар. Ет комбинаттарының мал шаруашылығы, сүт комбинатының сиыр шаруашылығы мысал бола алады. Мұндай тәжірибе шет елдерде де орын алған,мысалы АҚШ.

  4. Негізгі өндірістің қалдығын іске асырып, табыс табу да қосымша, қосалқы өнімдерін өңдіруге ойландыруы ықтимал. Мысалы аяқкиім фабрикаларында былғары қиындыларынан әмиян, тұмар орамдарын жасау. Экономикада қалдықсыз өндіріс деген ұғым бар, оған жетудің бір жолы осы айтылған қағида. Бұл мәселе табиғатты қорғауда да қолданылады. Сондықтан қағиданың мәні жан-жақты күрделі мәселелерді қамтиды. Жалпы адамзат өміріне ықпалын тигізетін дәрежеге дейін ұласуы ықтимал. Негізгі өнім өндіргендегі қосымша, қосалқы өндірістердің сәйкестендірілуі маңызы бар экономикалық шара, оған мән беріп, шұғылдану кәсіпорынның нәтижесіне тікелей тигізеді.

Кәсіпорынның тиімділігі көлеміне байланысты. Өңдірген өнімінің құнына орай кіші, орта, үлкен, ірі кәсіпорындар бар. Олардың қандай екендігін анықтау үшін пайдаланылатын көрсеткіштер бар, олар екі топқа бөлінген. Бірі өндірілген, сатылған өнімнің көлемі. Өндірілген өнім – жалпы өнім, жылдық өндіріс нәтижесі. Тауарлы өнім сатылғаны. Демек екі бөлек түсінік. Бұларға қарап кәсіпорындарды салыстырғанда үлкен – кішілері белгілі болады. Мамандығы бірдей кәсіпорындарды салыстырғанда өнімнің заттай көлемін қолдануға болады. Мысалы, көмір өндіретін екі кәсіпорынды салыстырса, көп тонна өндіргені ірісі. Мамандығы әрқилы кәсіпорындардың көлемін анықтау үшін жалпы тауарлы өнімдердің құнын пайдаланады. Мысалы, мыс өндіретін кәсіпорны мен тоқыма фабрикасының қайсысы үлкен екендігін өндірген өнімінің құнымен түсіміне қарап айырады.
Кәсіпорындардың көлемін анықтайтын қосымша да көрсеткіштер бар. Олар негізгі айналымдағы қорлар, жұмысшы саны, құрал-жабдықтар. Ірі кәсіпорынның тиімділігі жоғары, себебі өнімділігі артық. Онда алдыңғы қатарлы технология, ғылыми жетістікке негізделген өндіргіштігі басым құрал-жабдықтар, техника қолданылады, еңбекті ғылыми ұйымдастыру еңгізіледі. Мұның бәрі өндірген өнімнің сапалы, арзан болуына мүмкіндік береді де, нарық жағдайында бәсекелестікте ұтымды болуға жеткізеді. Ал, кіші көлемдегі кәсіпорында жоғарыдағы аталған шараларды қолдану тиімсіз, шығынын ақтамайды.
Сондықтан, алдыңғы қатарлы дамыған елдердің экономикасы дәлелдегендей үнемі өндірісті үлкейту, ұлғайтуға талпыныс туғызады. Мұның екі жолы бар. Бірі өз қаражатымен, қарыз алуымен өндірісін ұлғайту. Ол әркімнің қолынан келмейді, қаражат жетіспейді. Тәжірибедегі көбінесе қолданылатыны екінші жолы, ол ұсақтардың бірігуі, топтасуы, шығынға ұшырап қаржылана алмайтындарын, дамығандарының сатып алуы.
Бұл екі жолдың да нәтижесі шоғырландыру (концентрация), өндірісті ұлғайту, көлемін үлкейту. Талдау жасағанда бұл мәселеге үнемі көңіл бөлінеді. Кейінгі жылдың кәсіпорын көлемін анықтайтын көрсеткіштерін өткен жылдармен салыстырып, өсу деңгейіне қарай ұсыныс жасалынады, дамыту жолдары жобаланады.
Ескеретін бір жағдай өндірісті ұлғайту, шоғырландыруға қарсы айтылатын көзқарастың барлығы. Онда нарыққа байланысты сұранысқа кіші кәсіпорындар бейім, жылдам өз бағытын өзгерте алады дейді. Ол уақытша жағдай және өндіргіштік мүмкіндігі төмен болғандықтан, шығыны көп, сапасы төмен. Мұндай жағдайда, ірі кәсіпорындар маркетингтік жұмыстарды шебер орындап, тығырықтан шығу жолдарын іздестіреді.
Нарықты экономика жағдайында кәсіпорынның пайда болуы негізінен сұранысқа байланысты туындайды. Кәсіпорынды орналастыру үшін әрқилы экономикалық жағдайларды есепке алады. Олар төмендегідей:

  1. Тауарға сұраныс. Тасымалдау шығынын азайту үшін тауарды алатын жерге тақау орналастырады. Мысалы ірі құрылыс салатын жерде жабдықтарын өндіруді ұйымдастыру ойластырылады.

  2. Жер жағдайы. Өндірістің ғимараттарын жерасты сулары терең, жазық жерлерге салып, пайдаланатын су көздерінің барлығы есептелінеді. Жерден алынатын қазба байлықтары, ауыл шаруашылығына қолайлысы ескеріліп кәсіпорындар орналастырылады.

  3. Жол жағдайы. Өндіретін өнімді тұтынушыларға жеткізетін тасымалдау түрлерін таңдағанда кәсіпорынның орналасатын жерінен өтетін торапты есепке алады. Олар бірнеше түрлі болса, тиімдісін анықтайды.

  4. Арзан жұмысшы күші. Кәсіпорынның өндірісіне қажетті жағдайдың бірі орындаушылары, оларға әлеуметтік жағдайлар туғызу. Кәсіпорындардың көбінесе қалада орналасатының себебі жұмысшы күшінің табылу мүмкіндігінің көптігінде, әлеуметтік жағдайларының қалыптасқандығында.

  5. Технологиялық байланысты қамтамасыз ету. Шикізат өндіретіндердің өндеу орындарымен байланысын есепке алу. Мысал ретінде тез бұзылатын көлемді шикізат даярлайтын ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының тұтынушыларға, өндеушілерге таяу орналасады.

Кәсіпорынды ашу үшін, оны орналастыру үшін жоғарыдағы аталған жағдайлардың әрқайсысының әсерін бағалайды. Алдын ала жасалатын кәсіптік жоспарларда есптелініп, қорытындыға қалай өзгеріс жасайтынын айқындау керек. Ақырғы шешім тиімділіктің болатынына көз жеткізіп барып жасалынады. Демек орналастыру да экономикаға ықпал жасайтын мәселе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет