Дәріс №2 Кәсіпорын шаруашылық жүргізу объектісі ретінде



бет1/9
Дата08.02.2022
өлшемі214,5 Kb.
#117572
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
file-767 (1)


Дәріс №2 Кәсіпорын шаруашылық жүргізу объектісі ретінде
1. Кәсіпорын түсінігі. Кәсіпорындар қызметінің негізгі қағидалары
2. Кәсіпорындардың жіктелуі
3. Кәсіпорын құрылымы: жалпы, өндірістік және ұйымдастырушылық
4. Кәсіпорынның орналасу орнын таңдау
5. Банкроттық түсінігі, түрлері мен себептері

&&&



Кәсіпорын түсінігі. Кәсіпорындар қызметінің негізгі қағидалары


Кәсіпорын – бұл дербес шаруашылық жүргізетін бірлік, меншігінде бар еңбек құралдары көмегімен еңбек заттарын өңдеп, тұтынушыларға қажет дайын өнім шығарып, пайда алу мақсатымен оны өткізетін, кәсіби ұйымдасқан еңбек ұжымы. Әр кәсіпорын заңды тұлға ретінде қарастырылады және кәсіпорынды құру келісім шарты негізінде жұмыс істейді.
Заңды тұлғаның негізгі белгілеріне келесі жатады:

  1. Тұлғаның ұйымдық бірлігі болу керек – нақты және толық басқару құрылымы болу керек, кәсіпорын цехтерге, жұмыс орындарға және т.с.с. бөліну керек;

  2. Мүліктік дербестік – бухгалтерлік баланс негізінде;

  3. Мүліктік жауапкершілік – кәсіпорын барлық қарыздары бойынша барлық өз мүлігімен жауап беруге тиіс.

Барлық кәсіпорындар коммерциялық (пайда алу) және коммерциялық емес (қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру, жарым-жартылай пайда алу.
Әр кәсіпорын өндірістік жүйе ретінде қарастырылады. Жүйе дегеніміз тұтас бірлікті құрайтын элементтердің және олардың арасындағы байланыстардың жиынтығы. Кәсіпорын ашық жүйе ретінде қарастырылу керек.
Кез келген кәсіпорынның өмірлік циклы болады: құрылуы, дамуы, жетілуі, құлдырауы.
Кәсіпорынның негізгі міндеттері:

  1. Пайда алу және оны өсіру

  2. Жұмыс орындарын және еңбек ақыны қамтамасыз ету

  3. Қоршаған ортаны қорғау, ластамау

  4. Сапалы өнім шығару

  5. Жұмысшыларға қажет жұмыс жағдайларын жасау

  6. Өз қызметін дамыту

Кәсіпорынның ішкі ортасына кіретін негізгі элементтер:
А) Өндіріс қорлары
Б) Адамдар
В) Ақпарат
Г) Қаржы
Капитал – қосымша құн әкелетін кез келген құндылық.
Кәсіпорын қорлары – экономикалық және экономикалық емес болып бөлінеді.

  1. Материалдық қорлар.

    1. Капитал, негізгі және айналым.

    2. Жер қорлары.

    3. Энергетикалық қорлар.

  2. Материалдық емес қорлар – өнім өңдіруге қатысатын, бірақ материалдық-заттық формасы жоқ қорлар.

    1. Авторлық құқық.

    2. Патент.

    3. Сауда маркалары.

    4. Бағдарламалар, ноу-хау және т.с.с.

  3. Еңбек қорлары.

    1. Еңбек

    2. Кәсіпкерлік қабілет.

  4. Қаржы қорлары (экономикалық емес) – кәсіпорында бар ақша:

  • өзіндіке – жарғылық капитал, пайда, амортизациялық қор және т.с.с.

  • келтірілген.

  • қарызды.

  • Басқа түсімдер – сақтық төлемдер, мемлекеттік бюджеттен түскен ақша, дивидендтер және с.с.

Кәсіпорынның сыртқы орта элементтері:
А) Мемлекеттік органдар
Б) Кәсіпорындар – бәсекелестер, әріптестер, серіктестер.
В) Тұтынушылар
Г) Кәсіпорын қасында тұратын халық




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет