Дәріс 2: Он екі елі ішектегі астың қорытылуы. Ұйқы безі және ащы ішек сөлдерінің құрамы, сөл бөлінуінің реттелуі. Бауыр-көп функциялық ағза



бет2/6
Дата24.05.2023
өлшемі0,69 Mb.
#177603
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Асқорыту. Ішектегі ас қорыту. Сіңіру. Моторика

Шырышты заттар

Ұйқы безі сөлінің бөлінуі, оның кезеңдер
Ұйқы безінің секрециясы ас қаблыдаған соң 2-3 минуттан соң күшейеді және 6-14 сағатқа созылады.
Ұйқы безі сөлінің бөлінуі 2 кезеңнен тұрады:
I. Күрделі рефлекстік кезең
Шартты рефлекстік
Шартсыз рефлекстік
II. Гуморалдық химиялық
Гастроинтестиналдық гормондар әсерінен жүреді
Сөл бөлінуін күшейтеді:
  • Просекретин HCl секретин
  • Панкреозимин-холецистокинин
  • Бомбезин, гастрин, инсулин

  • Сөл бөлінуін тежейді:
    Глюкагон, кальцитонин, ЖИП, ВИП, ПП, соматостатин.

Өт, оның маңызы
Өт бауырда үздіксіз түзіліп, 12-елі ішекке ас қорыту кезінде түседі. Ас қорытудан тыс уақытта өт қабында жиналады.
Өт қабы және бауыр өтін ажыратады. Бауырдан шыққан өт өт қабында жиналған өттен 5 есе сұйық.
Өттің құрамы
Тәулігіне 500-1500 мл өт түзіледі.
рН: өт қабынан шыққан өт – 6,0-7,0
бауырдан шыққан өт – 7,3-8,0
Меншікті салмағы – 1,008-1,015
Су – 86,6-97,4%
Құрғақ қалдық: 4 % бауыр өтінде, 20 % өт қабында

Органикалық заттар

Бейорганикалық заттар
  • Өт пигменттері: билирубин, биливердин
  • Өт қышқылдары және олардың тұздары: таурохол – 20%, гликохол – 80%
  • Холестерин.
  • Муцин.
  • Май қышқылдары, липидтер.

Na+, Fe2+, Mg2+, K+, Ca2+, аниондар: Cl-, HCO3-.

Ас қорытудағы өттің маңызы
  • Өт ұйқы безі сөліндегі ферменттердің, әсіресе липазаның әрекетін күшейтеді.
  • Майларды эмульсиялайды.
  • Май қышқылдары мен глицериннің мицеллалар түрінде сіңірілуіне ықпал етеді.
  • Тұз қышқылын бейтараптап, пепсиннің әсерін жояды.
  • Ішек қимылын күшейтеді.
  • Нәжістің қалыптасуына қатысады.
  • Майда еритін витаминдердің, холестриннің, кальций тұздарының сіңуін жеңілдетеді.
  • Бактериоцидтік әсер көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет