Тақырыбы: Іш сүзегі. А және В паратифтері. Шигеллез. Сальмонеллез. Тырысқақ. Амебиаз. Иерсиниоз.Тағамдық уытты инфекция. Ботулизм.
Дәріс . 2 сағ.
Білу керек:
Есте сақтау жұқпалы аурулардың жалпы даму тарихы туралы.
Инфекциялық аурулардың жіктелуі.
Ауруға алғашқы көмек көрсету.
Білім алушыларға нұсқау:
Тапсырманы орындау үшін дәріс, презентациямен материалымен танысыңыз.
Іс-әрекет:
Тапсырманы орындау үшін дәріс материалымен танысыңыз.
Осы тақырып аясында сізге ұсынылған тапсырма сұрақтары бойынша қолжазба конспектісін орындауыңыз керек, содан кейін сканерленген (суретке түсірілген) материалдарды тексеру үшін осы жерге орналастыруыңыз керек (Word құжатында орындалған тапсырма жауабы қабылданбайды).
Іш сүзегі, «А», «В» паратифтері.
Іш сүзегі
Іш сүзегі-Salmonella typhi бактерияларымен қоздырылатын,фекальді-оральді механизіммен берілетін,аш ішектің лимфоидты апаратын зақымдануымен өтетін,клиникасы айқын интоксикациямен,жоғары тұрақтықызбамен,розеолді бөртпемен,бауырдың,көк бауырдың ұлғаюымен сипатталатын жедел антропонозды жұқпалы ауру.
Этиологиясы:
Қоздырғышы - Salmonella typhi ішек тұқымдастығына,сальмонелл тегіне,серологиялық Д тобына жатады . Бактерия барлық анилин бояуларымен боялады,олар кәдімгі құнарлы ортада өседі.Іш сүзегінің бактериялары L-формаларын құруы мүмкін,олар сезімталдық және типті бактериофагтар бойынша бөлінген.Salmonella typhi-грамм(-) аэроб.Лтифотропты қасиетімен сипатталады.Қоздырғыш ыдырағанда эндотоксин бөлінеді.Эндотоксинннің әсері іш сүзегінің клиникалық және лабораториялдық белгілерін түсіндіреді. Олар:айқын интоксикация,қызба,салыстырмалы бракикардия,ішектің парезі,метеоризм,лейкопения.Құрамында O-,H-,Vi-антигендері бар
Өт қосылған қоректі орталарда жақсы өседі.Сыртқы ортада сүзек-парасүзек бактериялары біршама итұрақты.Су мен топырақта олар бірнеше күннен,бірнеше айға дейін сақталуы мүмкін.Бактерия үшін жағыцмды ортада-азық-түлік өнімдері (сүт,қаймақ,ірімшік ,ет фарш),мұнда олар тек сақталып қоймай,сонымен бірге көбейеді.Микробтар қыздыруда тез жойылады .Дезинфекциялаушы ерітінділерге сезімтал.
Эпидемологиясы:
Іш сүзегімен тек қана адамдар ауырады.Бұл таза антропоноз.Инфекцияның көзі-науқас адам немесе бактерия тасымалдаушы.Қоздырғыштың бөлінуі жасырын кезеңнің соңында басталып,аурудың барлық ағымында жалғасады,ал кейде жазылу кезеңінде де тоқтамаған.Сондай-ақ адамның өмір бойына бактерияның бөлінуі жалғасып отыруы да мүмкін.
Сүзек-парасүзек қоздырғыштары әсіресе азық-түлік өнеркәсібінде,көпшілік тамақтандыруда және балалармен сауықтыру мекемелерінде істейтін қызметшілердің арасында қауіпті.
Іш сүзегі мен парасүзек үшін фекальді-оральді механизмі тән.Аурудың жұғу жолдары:су арқылы,азық-түлік өнімдері арқылы және тұрмыстық-контактілі.
Егер ару залалданған құдықтан су суды пайдаланумен байланысты болса,онда ауру ошақтық сипатқа ие болады.
Ауру барлық адамдар сезімтал.Іш сүзегіне қабілеттілік жоғары,ол адамның жасы мен жынысына байланысты емес.Ауруды бастан кешкеннен соң тұрақты иммунитет дамиды.Бұл ауруларға жыл мезгілдері әсер етеді. Аурудың әсіресе өршумезгілі-шілдеден бастап,қыркүйек-қазан айларында болады.
Іш сүзегінің патогенез сатылары:
1.Жұқтыру сатысы.Қоздырғыш ауыз арқылы енеді.Инфекциялық процесс басталады.Аурудың әрі қарай дамуы қоздырғыштың мөлшеріне,патогенділігіне,вируленттілігіне байланысты.
2.Біріншілік регионарлы инфекция сатысы.Қоздырғыш ішектің регионарлы лимфа түйіндерінде көбейіп қабыну тудырады.Лимфаденит,лимфангит дамиды.Ащы ішектің лимфа түйіндерінің ми итәрізді қабынуы пайда болады.Патогенездің 1-2-ші сатылдары аурудың жасырын кезеңіне сәйкес келеді.
3.Бактериемия және токсинемия сатысы.Қоздырғыш шажырқай лимфа түйіндерінде көбейеді,нәтижесінде лимфогематогенді тосқауылдан өтіп қан арнасына түзеді-бактериемия дамиды.Эндотоксин сүйек кемігінің қызметін бәсеңдетіп,лейкопения тудырады.Ал қоздырғыш лимфа түйіндерінде көбейіп,эндотоксин бөлініп,қанға бактериялармен бірге токсиндер өтсе,онда ауру жедел басталады.
4.Паренхиматозды диссеминация сатысы.Қан айналымындағы жүрген бактериялар иммунокомпенетті жасушалармен ұсталып паренхиматозды ағзаларға жетіп бекінеді.Ағзаларда гранулемалар түзеді.Гранулеманың түзілдуі организмнің қорғаныс реакциясына жатады,себебі қоздырғыш ошақтанып сол жерде жойылады.Бірақ,бактериялардың мүшелерде бөгеліп қалуы ошақтық зақымднуға алып келуі мүмкін(гепатит,пиелит,өкпе қабынуы, т.б).Қоздырғыш дерманның қан тамырларына жетіп,сол жерде продуктивті қабынудың әсерінен бөртпелер пайда болады.Патогенездің 3-4-нші сатылары аурудың өршу кезеңіне сәйкес келеді.5.Қоздырғыштың элиминация сатысы және аллергиялық өзгерістердің даму сатысы.Қоздырғыш бүйрек,өт жолдаоры,ішек арқылы сыртқы ортаға бөліне бастайды.Бактерияның организмнен бөлінуі,сондай-ақ дәреттенг,теріден,сілекейден,баласын емізетін ана сүтінен де мболуы мүмкін.Капиллярлардв микроциркуляция бұзылыстары қалыптасып микротромбтартүзіледі.Жергілікті аллергиялық реакциялаор дамиды,себебі қоздырғыш қайтадан ішекке түскенде сенибилизация қалыптасады.Зақымдалған лимфа түйіндерінде некроз даму процестері пайда болады.Некрозданған тіндер бөлінген жара пайда болады.
6.Иммунитет қалыптасу және айығу сатысы-реконвалесценция кезеңіне сәйкес келеді.Ауру қоздырғышының элиминациясына бағытталған иммунитеттің рекциясы құрылады.Аурудан кейін тұрақты және ұзақ иммунитет қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |