ТУИ таралу жолдары:
Таралу жолы ауыз - нәжіс арқылы. Азық-түлік өнімдерінде токсин тасымалдаушы өнімдерге көбінесе сүт, сүт өнімдері, кремдер және басқа да кондитерлік өнімдер кіреді.Осы тағамдарға стафилакокк таяқшалары түсіп, көбейіп токсиндер бөліп адамның ағзасына түседі. Адам ағзасына енген протей және клистридии қоздырғышы адам және жануарлар нәжісінде шоғырланып, сол ортада өседі және көбейеді.Тағамдық өнімдерде жақсы өседі (етте, балықта, шұжықта, сүтте).Осы улы заттардың бәрі қосылып келіп асқазан ішек жолдарындағы өзгерістердің пайда болуына әкеліп оларды қабындырады, сөйтіп жалпы улану белгілері пайда болады.
Тағамдық аурулардың сезімталдығы жеткілікті жоғары және 80-100% құрайды. Қоздырғыштың таралуы жазғы-күз мезгіліне тән, бұл ең алдымен азық-түлік өнімдерің дұрыс сақталмаған жағдайына байланысты болады. Азық-түлікпен улану барлық құрлықтарда кең таралған және халықтың әлеуметтік-экономикалық деңгейі төмен елдерде кең дамыған.
ТУИ клиникасы.
Жасырын кезеңі орта есеппен салыстырмалы түрде қысқа (1-12 сағат), жиі 30 минутқа болады. Егер ауру CI. Perfinges –қоздырғышымен қоздырылса байланысты болса онда 24 сағатқа дейін ұзартылады.
Әртүрлі патогендер туындаған тағамдық токсикоинфекциялардың клиникалық көрінісі көптеген жалпы симптомдарға ие: ауру әдетте жүрек айнуын бастады, қайта-қайта құсып, асқазан тұсы қатты бүріп ауырады, кейде іші өтеді, басы ауырып, әлсіздік пайда болып, денесі қалтырап, дене қызуы жоғары көтеріледі, терісі бозарады, басы айналады. Кейде есін жоғалтуы да мүмкін, коллапсқа да ұшырайды. АҚ төмендейді. Ағзадан көп тұз, су кетіп, науқастардың көзі кіртиіп, терісі қатпарлана бастайды. Қан қоюланып, зәр бөлінудің азаюы мүмкін. Ауыр түрінде нәжісінде қан – ірің болуы мүмкін. Нәжіс жиілігі тәулігіне 10-50 рет жетеді.
Ауру жедел басталғанмен, дер кезінде дәрігерлік көмек көрсетілсе, науқас 1-3 күнде айығып кетеді
Достарыңызбен бөлісу: |