Дәріс 2 Тақырыбы: Гидромеханикалық процестер. Гидравлика, гидростатика және гидродинамика негіздері



бет4/10
Дата21.11.2023
өлшемі47 Kb.
#192734
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лекция 13

Көпкорпусты қондырғылардың негізгі сызбалары. Көпкорпусты буландыру қондырғыларының сызбалары соңғы корпустағы екіншілік будың қысымымен анықталады. Осыған сәйкес, қондырғылар разрядталу жағдайында және артық қысым астында жұмыс істейтін деп бөлінеді.

  • Көпкорпусты қондырғылардың негізгі сызбалары. Көпкорпусты буландыру қондырғыларының сызбалары соңғы корпустағы екіншілік будың қысымымен анықталады. Осыған сәйкес, қондырғылар разрядталу жағдайында және артық қысым астында жұмыс істейтін деп бөлінеді.
  • Оның ішінде кең тарағаны бірінші топқа жататын қондырғылар. 23 суретте көрсетілген қондырғыда басқа өндірістік практикада төменгі потенциалды бу жылуын қолдану есебінен үнемділігі жоғары осы типті қондырғылар қолданылады.
  • Артық қысым астында жұмыс істеу кезінде аппарат қабырғаларының қалыңдығының үлкен болуы талап етіледі, бірақ бірқалыпты жұмыс істейтін бу конденсаторы қажет болмайтындықтан (кіші конденсаторды тек қондырғыны қосқан кезде пайдаланады), жалпы қондырғы қарапайымдатылады.
  • Қысым астында жұмыс істейтін буландыру қондырғыларында вакуум астында жұмыс істейтін қондырғылармен салыстырғанда тұрақты жұмыс тәртібін ұстап тұру қиын және бұл үшін буландырылған ерітінді тығызыдығы мен бу қысымын автоматты түрдуе реттеу қажет. Қысым астындағы қондырғылардың жұмыс істеу тәртібін жоғарылату үшін әртүрлі сызбаларды пайдаланады.

Көпкорпусты буландыру қондырғылары, сонымен қатар, жылытатын бу мен буландырылатын ерітіндінің бір-біріне қатысты қозғалысы бойынша бөлінеді. Ерітінді мен будың қозғалысы тураағынды болатын кең тараған қондырғылардын басқа (сур. 23), жылытатын бу мен буланатын ерітінді бір корпустан екіншісіне қарама-қарсы бағытта жылжитын қарсыағынды буландырғыш қондырғылар (сур. 24) қолданылады.

  • Көпкорпусты буландыру қондырғылары, сонымен қатар, жылытатын бу мен буландырылатын ерітіндінің бір-біріне қатысты қозғалысы бойынша бөлінеді. Ерітінді мен будың қозғалысы тураағынды болатын кең тараған қондырғылардын басқа (сур. 23), жылытатын бу мен буланатын ерітінді бір корпустан екіншісіне қарама-қарсы бағытта жылжитын қарсыағынды буландырғыш қондырғылар (сур. 24) қолданылады.
  • Бастапқы ерітінді насос арқылы жылытатын бумен соңғысына (үшіншіге) жіберіледі, одан буланған ерітінді екінші корпусқа айдалады, т.с.с. Бұл жағдайда бірінші корпустан аяғына дейін буландырылған ерітінді бөлініп алынады. Біріншілік бу бірінші корпусқа келіп түседі, ал екіншілік бу бұл корпустан екінші корпусты жылытуға бағытталады, сонан соң, алдыңғы корпустағы екіншщілік бу келесі корпусты жылытуға пайдаланылады. Соңғы корпустан екіншілік бу конденсаторға алынып тасталады.
  • Көпкорпусты қарсыағынды қондырғыларда (сур. 24) бірінші корпуста едәуір концентрленген ерітінді бу жылуының едәуір жоғары параметрлерінің есебінен буланады. Ал соңғы корпуста концентрациясы ең төмен бастапқы ерітінді температурасы мен қысымы анағұрлым төмен екіншілік будан жылуды қабылдайды. Сондықтан, қарсыағындыда тура ағындыға қарағанда жылу берілу коэффициенттері корпустар бойынша анағұрлым аз өзгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет