Буландыру үрдісі дегеніміз – іс жүзінде ұшпайтын заттардың сұйық ерітінділерін сұйық қайнаған кездегі еріткіштің бір бөлігін буландыру арқылы бөле отырып концентрлеу үрдісі. Буландыру үрдісінде еріткіш ерітіндінің барлық көлемінен айдалады, ал кайнау температурасынан төменгі температураларда булану тек сұйықтың беткі қабатында жүреді.

Химиялық өндірісте қатты заттардың ерітінділерін (негізінен, сілтілер, тұздар және т.б. ерітінділерін), сонымен қатар, қайнау температурысында бу қысымы өте аз болатын жоғары температуралы ерітінділерді (кейбір минералдық және органикалық қышқылдарды, көп атомды спирттерді және т.б.) буландыруға ұшырытады.
Буландыру нәтижесніде алынған концентрленген ерітінділер мен қатты заттарды қайта өңдеу, сақтау және тасымалдауға ыңғайлы әрі арзан.
Буландыру нәтижесніде алынған концентрленген ерітінділер мен қатты заттарды қайта өңдеу, сақтау және тасымалдауға ыңғайлы әрі арзан.
Буландыруға жылуды қыздыруда қолданылатын кез-келген жылу тасымалдағыштармен беруге болады. Алайда, көп жағдайда, буландыруда қыздырғыш агент ретінде «жылытатын» немесе «біріншілік» деп аталатын су буы пайдаланылады.
Біріншілік не бу генераторларынан алынатын бу, не қайта өңделген бу, әлде, бу турбиналарының аралық буы болып табылады.
Буландыру үрдістерін вакуум астында, атмосфералық немесе жоғары қысымда өткізеді. Қысымды таңдау буландыратын ерітіндінің қасиеттеріне және екіншілік будың жылуын қолдану мүмкнідігіне байланысты.
Буландыру үрдістерін вакуум астында, атмосфералық немесе жоғары қысымда өткізеді. Қысымды таңдау буландыратын ерітіндінің қасиеттеріне және екіншілік будың жылуын қолдану мүмкнідігіне байланысты.
Қысымның төмендеуімен ерітіндінің булану жылуының біршама өсетініне және сәйкесінше, 1 кг еріткішті (суды) буландыруға кететін будың көлемі артатынына қарамастан, вакуум астында буландырудың атмосфералық қысымда буландырудан артықшылықтары бар.
Вакуум астында буландыру кезінде үрдісті төмен температураларда өткізуге мүмкіндік туады, ал бұл жоғары температураларды ыдырайтын заттардың ерітінділерін концентрлеуде маңызды.