Ассортимент дегеніміз - белгілі бір белгі бойынша біріктірілген тауарлар жиынтығы.
Ассортимент дегеніміз - белгілі бір белгі бойынша біріктірілген тауарлар жиынтығы.
Ассортимент өндірістік және саудалық болып бөлінеді.
Өндірістік ассортимент - белгілі бір кәсіпорынмен (кәсіпорын ассортиметі) немесе белгілі бір өндіріс саласында (сала ассортиметі) шығарылатын бұйымдарды біріктіреді.
Саудалық ассортимент – көтерме немесе бөлшек желі арқылы өткізілетін тауарлар номенклатурасы. Ол кәсіпорын ассортиментіне (дүкен, база) және тауарлық топ ассортиментіне (кондитерлік, сүт, ет және т.б.) бөлінеді.