Дәріс 2 тақырып: азық-ТҮлік тауарларының жіктелуі және сапасы мен сақталуы дәріскер



бет4/6
Дата11.01.2022
өлшемі195,5 Kb.
#110717
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
2 ДӘРІС ТАУАР

Тағамдық құндылық – өнімнің барлық пайдалы қасиеттерін, яғни энергетикалық, биологиялық, физиологиялық, органолептикалық құндылығын, сіңімділігін, сапалылығын сипаттайтын күрделі қасиет.
  • Энергетикалық құндылығы – өнімнің құрамындағы май, белок, көмірсу мөлшерімен анықталады.
  • Биологиялық құндылық - биологиялық активті заттар мөлшерімен сипатталады: алмастырылмайтын амин қышқылдары, витаминдер, макро-микроэлементтер, полиқанықпаған май қышқылдары.
  • Физиологиялық құндылық - тамақ өнімдерінің адамның ас қорыту, жүйке, жүрек-қан тамыр жүйелеріне әсер ету қабілетімен және организмнің ауруларға қарсы тұру қабілетімен анықталады.
  • Органолептикалық (түйсіктік) құндылық – сыртқы түрі, консистенциясы, иісі, дәмі, құрамы, балғындылық дәрежесі қатарлы сапа көрсеткіштерге негізделген.
  • Тамақ өнімдерінің сіңімділігі – өнімнің қай бөлігі организмде толығымен қолданылатынын көрсететін сіңу коэффициентімен өрнектеледі.
    • Тамақ өнімдерінің сапалығы органолептикалық және химиялық көрсеткіштерімен (түсі, иісі, дәмі, консистенциясы, сыртқы түрі, химиялық құрамы), токциндердің (улы заттар), ауру тудырғыш микробтардың (салмонеллдар, ботулинустар және т.б.), зиянды қоспалардың (қорғасын, сынап), улы өсімдіктердің тұқымдары мен бөгде қоспалардың (металл, шыны т.б.) болмауымен сипатталады.
    • Сапалығы бойынша тамақ өнімдерін кластарға жіктеледі:
    • тағайындалуы бойынша қолдануға жарамды тауарлар (ешқандай шектеусіз өткізуге рұқсат етіледі);
    • тағайындалуы бойынша қолдануға шартты жарамды тауарлар (стандартты емес немесе жойылатын ақауы бар тауарлар);
    • тағайындалуы бойынша жарамсыз қауіпті тауарлар (өткізуге рұқсат етілмейді және жойылу керек немесе белгілі бір ережелерді сақтай отырып басқа өнімге айналдыру керек).
    • Тағайындалуы бойынша қолдануға жарамды тауарлар нарықта бәсекеге қабілетті бола алады және өндіруші қызметінің жетіспестігіне сенімділік қамтамасыз етеді.
    1   2   3   4   5   6




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет