Дәріс 25. Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы



бет2/7
Дата08.12.2023
өлшемі1,23 Mb.
#195959
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
25-дәріс

ТЖМК әрекеті

  • Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комитет елдің ауыр экономикалық және саяси жағдайын суреттей келіп, барлық кінәні реформа саясатына аударып, кеңес халқына үндеу тастады. Үндеу өткен уақыттың дақпыртты ұрандарымен көмкеріліп, аяғында өздігінен құрылған комитетке жан-жақты қолдау көрсетуге шақырды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы А. Лукьянов қол қойған «Кеңес халқына үндеу» мәлімдемесі басылды, онда ол халықты төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комитетті қолдауға шақырды.

КСРО Президенті қызметін атқарушы Г. И. Янаев мемлекеттер мен үкімет басшыларына және БҰҰ Бас хатшысына үндеу жолдап, төтенше жағдайдың елде 6 айға енгізілетіні туралы мәлімдеді және «халықтар мен үкіметтерді, БҰҰ тарапынан тиісті түсінікпен қарауға шақырды.

18 тамызда эаңды түрде сайланған және денсаулығы мүлдем жақсы Президент М. С. Горбачевті орнынан ығыстыруды және Конституцияға қарсы ТЖМК құруды мемлекеттік төңкеріс деп атаудан басқа жөні жоқ болды. ТЖМК бағаның өсуі, тауардың жетімсіздігі, алыпсатарлық пен КСРО-ның күйреуіне наразы бұқараның қолдауына ие болуға тырысып бақты. Мемлекеттік төңкеріс жасау кезінде МХК әскерінің жекеленген буындары мен Кеңес әскеріне арқа сүйеді. Қырымдағы Форос аралында отбасымен дем алып жатқан М. С. Горбачев сыртқы дүниеден бейхабар қалдырылды. Ол КСРО Президенті қызметінен өз еркімен кетуі туралы ТЖМК талабына қарсылық білдірді. Елде шиеленіскен жағадай қалыптасты.

  • Қазақстан халқы Мәскеудегі тамыз төңкерісіне әр түрлі көзқараста болды. ТЖМК-ның келгенін қуана қоштаушылар да табылды. Халықтың басым көпшілігі құрылған комитетке бірдей-ақ сырторай танытты. «Азат», «Желтоқсан», Қазақстанның социал-демократиялық партиясы ТЖМК-ны қабылдаған жоқ және тұрғындарды оның жарлықтарына бағынбауға шақырды. 19 тамызда Президент Резиденциясында минисрлер, әскерилер, кеңес қызметкерлері мен Қазақстан Компартиясы ОК басшыларының қатысуымен кеңейтіллген мәжіліс өткізілді. Н. Ә. Назарбаев жиналғандардан бұл жағдайда не істеу керектігін сұрады.
  • Түрлі ұсыныстар айтылды. Қазақстан Компартиясы ОК-нің екінші хатшысы В. Г. Ануфриев бірнеше рет сөз сөйлеп, ТЖМК-ны қолдауды жақтады. Мәжіліс барысында жұмыс комиссиясы құрылды. Осы күні кешке қарай Н. Ә. Назарбаев қазақ теледидары бойынша республика халқы алдында сөз сөйлейді. «Еліміз үшін аса бір жауапты сағатта, –деді ол өз сөзінде. –Сіздерді тыныштық пен сабыр сақтауға шақырамын». Қазақстан Президенті республика егемендігін нығайту саясатына, демократия принциптеріне, КСРО-ның біртұтастығын сақтауға жақтастығын танытты. Ол Қазақстанның аумағында төтенше жағдайдың енгізілмейтінін айрықша атап көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет