Дәріс 25. Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы



бет1/7
Дата08.12.2023
өлшемі1,23 Mb.
#195959
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
25-дәріс

Дәріс 25. Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы

Мазмұны:

  • 25.1. Тәуелсіздікті жариялау қарсаңындағы Қазақтандағы қоғамдық-саяси жағдай.
  • 25.2. Тұңғыш рет Қазақстан Президентінің бүкілхалықтық сайлауы. . Қазақ КСР-інің атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілуі.
  • 25.3. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы (1991ж).
  • 25.4. Тәуелсіз Қазақстанды дамытудың мемлекеттік стратегиясының белгіленуі. Қоғамды демократияландыру үдерісінің күшейтілуі. Дербес даму жолының анықталуы.

1989 жылы мамыр-маусым айларында өткен КСРО халық депутаттарының І съезінде саясаттағы, экономикадағы және қоғамдық өмірдің әлеуметтік-рухани салаларындағы жағдайларға өткір, сыни және табанды талдау жасалды. Кеңес қоғамына төнген дағдарыстың себептерін іздеу әрекеті жасалынды. Съезде барлық дәрежедегі партиялар және мемлекеттік органдар қызметтерінің арасын ажырату мәселесіне арнайы тоқталынды.

  • 1989 жылы мамыр-маусым айларында өткен КСРО халық депутаттарының І съезінде саясаттағы, экономикадағы және қоғамдық өмірдің әлеуметтік-рухани салаларындағы жағдайларға өткір, сыни және табанды талдау жасалды. Кеңес қоғамына төнген дағдарыстың себептерін іздеу әрекеті жасалынды. Съезде барлық дәрежедегі партиялар және мемлекеттік органдар қызметтерінің арасын ажырату мәселесіне арнайы тоқталынды.
  • Қоғамдық-саяси өмірдің аса маңызды мәселелері төңірегіндегі тартыс бір-біріне қарама-қарсы ұстанымдағы депутат топтарының құрылуына алып келді. Халық депутаттарының І съезінің жұмысын бастасымен-ақ аймақаралық депутаттық топтар құрылды. Депутаттарды саяси және кәсіптік мүдделері бойынша біріктірген басқа топтардың бар екендігі сезілді.

1991 жылғы тамыз бүлігі

  • 1991 жылы 19 тамызда Кеңес Одағының радиостанциялары КСРО вице-президенті Г. И. Янаев, КСРО премьер министрі В. С. Павлов және КСРО Қорғаныс Кеңесі Төрағасының бірінші орынбасары О. Д. Бакланов қол қойған мәлімдемені жария етті. Мәлімдемеде КСРО Президенті М. С. Горбачевтің денсаулығына байланысты өз міндеттерін атқара алмайтындығынан, бұл қызметтің КСРО вице-президенті Г. И. Янаевқа өтетіндігі туралы айтылды. Елді басқару және төтенше жағдай тәртібін тиімді жүзеге асыру үшін құрамына жоғарыда аталғандардан басқа КСРО КГБ (МХК) төрағасы В. И. Крючков, КСРО Ішкі істер министрі Б. К. Пуго, КСРО Қорғаныс министрі Д. Т. Язов т.б. кірген 8 адамнан тұратын төтенше жағдай жөніндегі КСРО Мемлекеттік комитеті құрылды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет