Дәріс 3 Ақбота Кеңесбай



Дата13.02.2023
өлшемі218,54 Kb.
#168573
Байланысты:
педагогика Ақбота Кеңесбай семинар

Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби және коммуникативтік құзыреттілігі.

Дәріс 3

Ақбота Кеңесбай

Жоғары мектеп педагогикасы дегеніміз

Мақсаты: Ғылымның әдіснамасы - ғылыми зерттеу әдістерін, белгілі бір ғылымның пәнін зерттеу кезінде басшылыққа алынатын ұстанымдарды анықтайды

Педагогика – ақиқат ғылыми көзқарас болып есептелетін және объективтік дүниені танудың, білудің және ғылыми білімнің дамуының бірден-бір әдісі болып саналатын философия негізінде дамиды.

Сапалы білім тәрбие беруде орын алған кемшіліктерді жойып дүние жүзілік өркениеттілікке жету ХХІ ғасырдын үлесіне тиіп отыр.


Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалімі.
Еліміздің азғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын-мұғалімдердікі. Мағжан Жұмабаев
Парадигма (гр. үлгі деген сөз) – зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория; теориялық көз-қарастардың, методологиялық принциптердің, әдістемелік қабылдаудың және эмпиризмдік нәтижелердің бірігу жүйесі; ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымдастықпен қабылданған және болжамдарды ғылыми ұғыну үшін, ғылыми таным процесінде туатын міндеттерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде пайдаланылатын теориялық және әдістемелік ережелер жиыны.

Кәсіпқой педагог өз пәнін жетік біліп қана қоймай, әрбір қатынасушының педагогикалық процестегі орнын білуі керек. Студенттердің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыра алуға қабілетті болып, оның нәтижелерін алдын-ала болжамдап көре білуі тиіс, болуы мүмкін ауытқушылықтарды дер кезінде түзете алуы, құзыретті тұлға болу керектігіне назар аударылады.

Педагог


1.Оқытудың қиындықтарын анықтау.
2.Керi байланыс.
3.Уәж.
4.Болжау және сұрыптау.
5.Стандартты бақылау және анықтау.
6.Оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилiн бақылау.

Парадигма


Педагогикалық парадигма екі жақтық қызмет атқарады:
педагогика ғылымға ғылыми проблемалардың шешімін жеңілдетеді
екінші жағынан педагогикалық шығармашылық мәселелердің өңделуін тоқтатып, жаңа идеялардың қабылдауына кедергісін сәл де болса тигізеді.
Парадигма – ғылым дамуының негізгі өлшем бірлігі ретінде түсіндіріледі.

Әдіснама

Әдіснама - дүниені білу тәсілдері туралы ілім.

• Ғылымның әдіснамасы - ғылыми зерттеу әдістерін, белгілі бір ғылымның пәнін зерттеу кезінде басшылыққа алынатын ұстанымдарды анықтайды


Әрбір ғылымның :
•Өзінің зерттейтін саласы
•Оған тән зерттеу әдістері бар
•Оның сипаты зерттеу алдында тұрған міндеттерге байланысты.

Әдіснама:


грек тілінен аударғанда «әдіс туралы ғылым» деген мағынаны береді.
зерттеу процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі.
нақты философиялық жүйемен байланысты
ғылыми ұғымның теориялық негізі ретіңде дамуы мүмкін
өзіне тән әдістерін қолданады
Ғылыми әдіснаманы жетілдірудің бастамасын және негізін салушы Гегель

Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы – кез келген педагогикалық мәселені зерттеу негізіне жататын жалпыға ортақ ережелер, философия заңдары.


. Кез келген ғылым зерттелгелі отырған құбылыс туралы жалпы ережелерді қолданып, өзіне тән әдістерін қолданады.

Жоғарғы орын оқытушысы кім? қандай болуы тиіс:


бұл рухани дамыған
шығармашылық тұлға
рефлексия қабілетінің болуы
кәсіби дағдының қалыптасуы
педагогикалық дарындылығымен және жаңаға ұмтылыстың болуы шарт
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет