Қаржылық инвестициялар дегеніміз – қаржылық инструменттерге, яғни акцияларға, облигацияларға, басқа да бағалы қағаздарға және банктік депозиттерге салу.
Нақты инвестициялар дегеніміз – қандай да бір өнімді өндіруге капитал салу.
Қаржылық емес инвестициялар дегеніміз – кәсіпорынға, бизнеске, жобаға мүлік, ноу-хау, лицензия, құқық формасындағы салынатын ақшалай емес инвестициялар.
Халықаралық инвестицияларда 2-ге бөлінеді:
- Тікелей инвестициялар дегеніміз – инвестордың салған объектіге басқарушылық бақылау жасауға мүмкіндігі бар кәсіпкерлік инвестиция.
- Қоржынды инвестициялар дегеніміз – инвестордың капитал салған объектіні басқаруға мүмкіндігі жоқ қарыздық инвестиция.
Достарыңызбен бөлісу: |