Өндіріс шығындары – тауар өндіру немесе қызмет көрсету үрдісінде қолданылатын экономикалық ресурстарды сатып алуға жұмсалатын шығындар.
Өзіндік құн - кәсіпорынның өнім бірлігін өндіруге кететін шығыны.
Баға - ұсынылатын тауардың жалпы қабылданған құнының нарықтық баламасы.
Өндіріс шығындарын біріншіден, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан: қоғамдық және кәсіпорын шығындары деп бөледі.
Қоғамдық шығындарға дайын өнім құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады.
Кәсіпорын шығындарына өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтар мен жалақы төлемдеріне жұмсалған ақшалай шығындар жатады.
Екіншіден, өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді.
Бухгалтерлік шығындарға өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда факторлар сатып алынған бағамен бағаланады.
Экономикалық шығындарының түсінігі ресурстардың сиректігімен оларды балама пайдалану мүмкіндігіне негізделеді. Тауар өндіру үшін таңдалған кез келген ресурстың экономикалық шығыны оларды тиімді пайдаланып өндірген құнға тең болады.
Альтернативті шығындар – ресурстарды тиімді пайдаланғаннан табуға болатын ақша сомасы. Қаражаттың пайда болуына қарай альтернативті шығындар: сыртқы және ішкі болып бөлінеді (нақты және нақты емес).
- Сыртқы (нақты) – фирманың шикізат, қондырғы, көлік, энергияны сырттан сатып алуға жұмсаған алтернативті залалдары, демек кәсіпорын құрамына кірмейтін жабдықтаушылардан сатып алулары. Бұл шығындар бухгалтерлік есептерде көрініс алады.
- Ішкі (нақты емес) – меншік және өз қажеттілігіне пайдалананылатын ресуртарға жұмсалатын альтернативті шығындар. Демек, нақты емес шығындар – фирма ресурстарын сатқаннан түсетін табыстың жоғалтулары.
Достарыңызбен бөлісу: |