ДӘРІС № 37 Тақырыбы: Қазақстанның медицинасы
Дәрістің мазмұны: 1.1951-1956 жылдардағы Қазақстанның медицинасы.
2.1950-1958 жыл аралығнда ашылған академиялар.
3.Медициналық көмек.
Тың игеру жылдарындағы Қазақстаның медициналық қызыметі.КСРО-ның 1951-1956жж. Жоспары бойынша даму нұсқауларына сәйкес Қазақ ССР-да халық шаруашылығының дамуы қамтамасыз етілді,ал денсаулық сақтау мекемелерінің негізгі көрсеткіштері жоспарланған тапсырмалардан әлдеқайда жоғары болды: ауруханадағы төсектер саны 19980-ге (50%) көбейді,дәрігерлер саны 3100-ге (50,4%) көбейді.Ауылдық жердегі ауруханадағы төсектердің өсу үрдісі КСРО-дағы өсу үрдісі бойынша орта есеппен алғанда 2,6 рет жоғары болды.
Тың игеру жерлерінде медициналық көмекті ұйымдастыру бірнеше кезеңде өтті: 1 кезең-медициналық қызыметкерлерімен қамтамасыз ету, құрал-жабдықтар дайындау, дәрі-дәрмек жеткізу,оларды алдымен ірі-ірі темір жол стансаларына, обылыстық орталықтарға жеткізу көзделді. 2 кезең-ауруханалар мен фельдшерлік акушерлік пунктілер ашу болды,оларды кейбір жерлерде палаткаларға, вагондарға, үйлерге уақытша орналастырды; 3 кезең ауруханаларды тұрақты ғимараттарға,санитарлық талапқа сйкес және қыста жылу бар үйлерге орналастыру болды; 4 кезең –медициналық мекемелерді стандартқа сәйкес арнайы соғылған ғимараттарға көшіру болды.
Білікті медициналық кадрлар дайындау үшін бірнеше медициналық жоғары оқу орындары: 1950 ж. –Қарағанды мемлекеттік медицина институты ( қазір Қарағанды мемлекеттік медициналық академия) ,1953 ж. –Семей мемлекеттік медицина институты ( қазіргі Семей мемлекеттік мидециналық академия) 1957ж. –Ақтөбе мемлекеттік медицина институты ( қазір М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық академия) 1958 ж. –Целиноград мемлекеттік медицина университеті (қазір Қазақ мемлекеттік медициналық академия) ашылды.
1963 ж. Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімі жетілдіру институты ашылды.Осы уақыттан бастап , 40000 – нан астам дәрігерлер білімін жетілдірді.ХХ ғ.60-шы жылдарында бірнеше ғылыми –зерттеу институттар ( ҒЗИ ) : 1960 ж. –Қазақ онкология және радиология ҒЗИ –ы , 1972 ж. –балалар ауруларын емдеу ҒЗИ –ы ,1974 ж. –Тағамтану ҒЗИ (1974),1977 ж. – ана мен баланың денсаулығын қорғау ҒЗИ ,1977ж.-жүрек ауруларын емдеу ҒЗИ ашылды, бұл ҚРР ғылыми жетістіктерінің дәлелі ретінде қаралды.
Қазақстан тәуелсіздігі жарияаланғаннан кейін эканомиканың, сонымен қатар денсаулық сақтау аймағында өзгерістер жасауға кірісті. Денсаулық сақтау экономикасын реформалау келесі сатылардан өтті: 1) Тәуелсіз Қазақстан өз бетінше мемлекеттік бюджетін құра бастады, медицина мен денсаулық сақтаудың дамуына кететін бірінші кезектегі шығындар көлемін анықтау. 2) Мемлекеттік медицина жүйесі сақалды,бірақ медицина мен денсаулық сақтауда жеке меншік қалыптасты (1993 жылдан ). 3) Республикадағы нарықтық экономиканы құру сұраныс нарығының, сонымен қатар ақылы медициналық қызымет түрлерімен қанығуымен жүреді.4) Медицина мен денсаулық сақауды дамыту ісінде шет ел инвестициясын белсенді түрде қолдан бастады.
Бұл сатылардың әрбір үдемелі қадам болды, бірақ бұрынғы жүйеден қалған обьективті және субьективті себептерге байланысты айтарлықтай қиындықтармен жүріп отырды. Реформалар терең экономикалық күйзеліс және инфлияция кезеңінде өтті, 1991 -1995 жылдар аралығындағы экономикалық құлдырау 38,6% құрады. Тек 1997 жыға қарай экокономикалық құлдырау, соның ішінде денсаулық сақтаудағы , тоқталып келесі жылдары экономикалық өрлеу байқалды.
Қазақстанда ақылы медициналық қызымет Үкіменттің 1995 ж. қараша айының 6-шы жұлдызында қабылданған № 1460 «Денсаулық сақтау емдеу –профилактикалық мекемелерде ақылы медициналық және профилактикалық көмек көрсету тәртібі және ережесі туралы» қаулысына сәйкес көрсетілді.
Нарықтық қатынастар дамуы денсаулық сақтаудың қаржылық қорын көбейтуге нақты мүмкіншіліктер туғызды да халық денсаулығы қорғауға қаражат беруді тиімді және кең көлемді іс-әрекет ретінде қарауға негіз болды.
Бақылау сұрақтар: 1.Тың игеру жерлерінде медициналық көмекті ұйымдастыру бірнеше кезеңде өтті
2. Мемлекеттік дәрігерлердің білімі жетілдіру.
3 .Денсаулық сақтауда жеке меншік қалыптасты.