Қазақстанның қауіпсіздік стратегиялары үш философиялық негізге сүйенуі тиіс.
1.Орталық Азия бос саяси алаң, идеологиялық бостық емес. Қазірге дейін Орталық Азия үлкен күштер тарапынан субъектіден гөрі объект ретінде қарастырылып келді. Десек те, аймақтың үш экономикалық ұстыны Қазақстан, Өзбекстан және Түрікменстан дамудың жаңа үлгілері мен ішкі қуат көздерін белсенді түрде іздеуде, айналасын қайта бағалауда, ішкі өзгерістерді басынан өткізуде. Тәуелсіздік жылдарында кімнің дос, кімнің бәсекелес екендігін өздерінше түсініп, белгілі тәжірибе жинақтаған. Әзірше Орталық Азия әлсіз аймақ ретінде үлкен көршілерінің қысымын сезінуде. Аймақта Ресей мен Қытайдың қысымын біраз азайтатын балама күшке қажеттілік сезілуде. Бұл күштерге мамандар Түркия, Үндістан және Иранды жатқызады. Бұл тұрғыда Түркияның орны ерекше. Түркия 90-жылдары Орталық Азияда күрделі стратегиялар жетілдіріп, ақылды саясат жүргізуге теориялық, психологиялық және институционалды тұрғыдан дайын болмады. Қазір Түркия өз күшіне сенген, ықпалды ойыншыға айналды. Қазақстан Түркиямен тең және прагматистік қатынастар орнатқан жөн. Батыс қазір өз экономикасымен шұғылдануда және Ресейдің аймақтағы ықпалын әлсіретуге күш жұмсағысы келмейді. Орталық Азиядағы ішкі динамикалар мен жергілікті факторларды түсіне алмау, кең ауқымды стратегия дамыта алмау Түркияның Орталық Азиядағы саясатындағы басты мәселелері болып табылады.
Ресей мен Қытайдың ұқсас бәсекелестік саясаты және Батыстың екі қырлы саясаты жергілікті элита үшін бір белгі. Ресейдің басты стратегиясы аймақтағы статус-квоны сақтап қалуға бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |