Дәріс №4 Топырақ ылғалы, ауасы, топырақтың тірі бөлігі және топырақтағы күрделі химиялық компоненттердің ыдырауы



Дата25.02.2023
өлшемі128,54 Kb.
#170082
түріҚұрамы
Байланысты:
Дәріс №4

Дәріс №4 Топырақ ылғалы, ауасы, топырақтың тірі бөлігі және топырақтағы күрделі химиялық компоненттердің ыдырауы.


Топырақ ылғалы
Химиялық байланысқан су
Жер асты ыза суы
Бу күйіндегі су
Гигроскопиялық су
Қылтүтік су
Гравитациялық су
Химиялық байланысқан су
    • Бұл топырақ минералдарының құрамына енген, тығыз байланысқан су. Сондықтан топырақтағы биологиялық процестерге қатыспайды

Бу күйіндегі су
    • Топырақ кеуектерінде кездесетін, судың жоғары температурада булануынан пайда болады. Бу күйінде ол өсімдіктерге сіңбейді, тек тамшыға айналғанда ғана оны өсімдіктер жақсы сіңіре алады

Гигроскопиялық су
    • Топырақтың беткі қабаты арқылы сіңірілген молекула күйінде болады. Топырақпен тығыз байланысқан, сондықтан бұл суды тек 1000 астам температурға дейін қыздыруға болады.

Қылтүтік суы
    • Топырақ қылтүтіктеріндегі су, ол жоғары- төмен жылжи отырып өсімдіктер бойына оңай сіңеді

Гравитациялық су
    • Өз салмағымен топырақтың жоғары бетінен төменгі қабаттарына жылжиды. Өсімдіктерге оңай сіңеді. Бірақ өз салмағымен тез жылжитындықтан, өсімдіктер оны көп пайдалана алмайды, ол су топырақ астындағы жер асты ыза суының қорына қосылып кетеді

Жер асты ыза суы
    • Көбіне топырақ түзуші тау жыныстарының әр түрлі тереңдіктерінде әдетте, су өткізбейтін қабат үстіне жиналады. Жер асты ыза суы көбіне топырақ қабатынан көп тереңдікте жататындықтан топыраққа және өсетін өсімдіктер еш әсер тимейді

Топырақ ауасы
Топырақ ауасы топырақта өсетін өсімдіктер мен микроорганизмдерге көп әсер етеді
Топырақ қопсыған кеуекті дене болғандықтан, оның құрамында үнемі ауа болады.
Егістікте егілген, өңделген топырақта 30-40 % тең болады.
Топырақ ауасындағы оттегі мөлшері атмосферадағыдан анағұрлым аз болады
Топырақтың құрамында жоғырада айтылғандай тек өлі минералды заттар емес, тірі организмдер: микроорганизмдер мен қарапайым майда жәндіктер болады.
Саңырауқұлақтардың көп таралған түрі – актиномицеттер , Қыналар
Микроорганизмдер – амебалар, тамыраяқтылар, инфузориялар кездеседі жалпы саны 1г 1-1,5 миллионға дейін
Табиғат зоналарында тірі организмдердің таралуы
Тундра зонасында Микроорганизмдердің биологиялық массаларының мөлшері 10-15 r/м2, топырақтағы омыртқасыз жануарлардікі - 1-3 r/м2, ал жер бетіндегі омыртқалы жануарлардікі - 0,01 r/м2.
Орманды зонада Омыртқасыз жануарлардың биологиялық салмақтары күлгін топырақтарда 2-3 r/м2, ал шымды-күлгін топырақтарда 7-12 r/м2, орманды сұр топырақтарда 90 r/м2.
Шөл зонасында өсімдіктер қалдықтары өте аз, тамырлардың салмағы көбейіп, арақатынасы 1:8-1:9 болады.
Далалы зонада түскен шөпті өсімдіктердің биологиялық салмақтары едәуір аз 1200-2500 r/м2 және тамырлардың қалдықтарының салмағы жер бетіне түскен бөліктерге қарағанда 3-6 есе көп.
Топырақтағы күрделі химиялық компоненттердің ыдырауы.
Өсімдік қалдықтарында 1% азот бар және C:N арақатынасы 50-ге тең. Органикалық қалдықтар ыдыраған сайын органикалық заттар азотқа баийды, C:N арасы 10-12 болады
Азот сіңіруші микроорганизмдер де азот көзі болып табылады. Олар ауадан молекулалық азотты сіңіріп, күрделі азот қосындыларын құрайды
Моно- және дисахаридтер өсімдік қалдықтарында болады және ыдыраған сайын мөлшерлері өзгеріп тұрады. Орташа мөлшері 4-9%.
Крахмал құрамында белок, целлюлоза бар. Ферменттердің әсерінен ыдырағыш келеді, өсімдіктер шіріген сайын оның мөлшері кемиді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет