ДӘРІС № 42
Тақырыбы: Экономикада қалыптасқан жағдай
Дәрістің мазмұны:
1.Экономикалық дағдарыстың тереңдей түсуi.
2. Социалистiк жоспарлы экономикадан бас тарту, нарықтық қатынастарға бетбұрыс. 3.Экономиканың дамуындағы кереғар екi тенденцияның орын алуы.
4.Сыртқы экономикалық байланыстар.
КСРО экономикасында қалыптасқан ахуал Кеңес Одағының басшылары 1980 жылдар iшiнде экономикалық дағдарыстың себептерiн, негiзiнен, дұрыс аңғарған болатын. Социалистiк жоспарлы экономика деп аталғанымен, шын мәнiнде, адамның еңбекке және материалдық игiлiктi қорғауға деген ынтасын жоққа шығаратын теңгермешiлiк психологиядан арылмайынша, әлеуметтiк өрлеу болмайтындығын сезiну оларды революцияны жоғарыдан бастауға алып келдi. Дегенмен сыртқы саясатта сындарлы бағыт ұстап, бұған дейiн үнемi қарама-қарсылықта болып келген екi жүйенiң арасындағы қатынастарды жұмсартып, әлемдi атом соғысы бұғауынан алып шығуда шешушi рөл атқарған М. Горбачевтiң командасы экономика мәселелерiн әлi бұрынғыша әмiр беру әдiстерiмен шешуге болады деген сенiмнен арылмады. Әр республика өз шаруашылығын өзi басқаруы керек деген сыңайдағы пiкiрлер мен талаптар жергiлiктi жерлерде ғана емес, Орталықтың өзiнде де естiлiп жатқанымен, коммунистiк әкiмшiлiк оларды жершiлдiк, ұлтшылдық бағыттағы саяси ойын деп қарады. КСРО-ны жайлаған саяси-экономикалық терең дағдарыстың сыр- ларын түсiнген және ол тығырықтан шығудың нақты жолдарын көрсете бiлген зиялы қауым өкiлдерi де болды. Академик А.Сахаров осындай адамдардың бiрi едi. Ресейдiң нағыз адал демократтары одақтас республикалардың егемендiгiн шектеуден бас тарту, оларды 206 жеке мемлекет ретiнде еркiне жiберу туралы да пiкiрлер айтып жүрдi. 7 арасындағы байла- ныстар үзiлдi. Халықаралық қатынастардағы бәсеңдiк саясатының жеңiсiнен туындаған соғыс қаруларын азайту және әскер санын шектеу шара- ларының нәтижесiнде әскери өнiмдер шығаратын кәсiпорындардың көптеп конверсиялануы жағдайды одан әрi шиеленiстiрдi. Нағыз экономикалық сарсаң осыдан басталды. Осыдан кейiн коммунистiк әкiмшiлiк экономикадан өзге салаларға да бақылау жасай алмай қалды. (Дүниежүзi тарихы. 9-сынып.) Өндiрiс құрал-жабдықтарына не жатушы едi? Экономиканы социалистiк және капиталистiк жолмен дамыту арасындағы ұстамды айырмашылық неде? Социалистiк жоспарлы экономикадан нарықтық қатынасқа көшу. Қазақстан экономикасының құлдырауы айқын бiлiне бастады. Бұл жерде қоғамның даму үде- рiсiнде қалыптасқан қарама-қарсы екi бағыттың орын алып отырғанын — саяси өмiрде қоғамды демократия- ландыру барынша пәрмендi жүргiзiлген сайын эконо- микалық дағдарыстың да мейлiнше шиеленiсе түскендiгiн аңғармау мүмкiн емес едi. Қоғамды демократияландыру теңгермешiлiк заңдарымен сыйыспайтын едi. Мәселе бұл 207 жерде өндiрiс құрал-жабдықтарына мемлекеттiк меншiкке негiзделген, жоспарлы экономикадан өндiрiс құрал- жабдықтарына меншiктiң көптүрлiлiгiн енгiзу арқылы нарықтық қатынастарға көшу туралы болды. Ал еш қиын- дықсыз, шырғалаңсыз, оңай жолмен қалыптасқан бағытты өзгерте салу мүмкiн емес едi. Одақтас республикалардың егемендiк құқықтарын кеңейту шаралары шеңберiнде бiрқатар маңызды эко- номикалық заңдар қабылданды. “Қазақ КСР-iндегi мен- шiк туралы заң” бұған дейiнгi социалистiк қоғамдық даму бағытынан бас тартып, экономикада түбегейлi бетбұрыс жасап, нарықтық қатынастарды енгiзудiң бастамасы болды. Бұл заң өндiрiс құрал-жабдықтарына мемлекеттiк меншiктен өзге, жекеменшiктiң болу мүмкiндiгiн дәйектеп бердi. Осылай әлемдiк экономикалық кеңiстiктiң 1/3-iне дейiн таралып, жартығасырлық тәжiрибеден өткен социалистiк өндiрiс тәсiлiнiң тамырына балта шабылды. Өзге одақтас республикалардағыдай Қазақстан экономикасы да на- рықтық қатынастарға бағыт алды, түрлi кооперативтер, жекеменшiк фирмалар, шағын кәсiпорындар көптеп құ- рыла бастады. Социализм идеялары қай елдерде, қашан пайда болып едi? Фран- цуздың утопиялық социализмi, К.Маркстiң ғылыми социализмi туралы оқығандарыңды еске түсiрiңдер. (Дүниежүзi тарихы. 9-сынып.) Экономикалық дағдарыстың тереңдей түсуi Қазақстан экономикасының негiзгi ерекшелiктерi қандай едi? Қазақстан экономикасын жаңа жағдайларға лайықтап қайта құру iсiнде оның салалық құрылымындағы ерек- шелiктер белгiлi дәрежеде керi әсер еттi. Осы уақытқа дейiн экономиканың өндiрушiлiк-шикiзаттық бағытта жүргiзiлiп келуi, өңдеушi өнеркәсiптiң аздығы, көпшiлiк- қолды тауар өндiрудегi дәрменсiздiк дербестiкке ұмтылыс кезiнде үлкен кедергi болды. Бұдан бұрын қалыптасып қалған халық шаруашылығының бұрмаланған құрылымы республиканың Ресейге экономикалық тәуелдiлiгiн үнемi алға тарта бердi. 1988 жылы республикадан сыртқа 6,7 млрд сомның өнiмi шығарылғанда, 13,8 млрд сомның өнiмi сырттан әкелiнген едi.208 Қазақстанның шетке шығарған өнiмдерiнiң негiзiн шикiзат және жартылай дайын өнiмдер құрады. Ал сырт- тан әкелiнгендер дайын, сондықтан да қымбат өнiмдер болатын. Республика экономикасында қалыптасқан құрылымды тез өзгертiп жiберу мүмкiн емес едi. Ресми түрде жарияланған “шаруашылықтың экстенсивтi форма- ларынан интенсивтi формаларына көшейiк” деген бағдар- дан кейiн де iс оңға баспай қойды. Ауыл шаруашылығын, соның iшiнде, мал шаруашылығын дамытуға жұмсалған қаржы күткен нәтиже бермедi. Компартияның басшылары жариялаған жобалар iске аспады, берген уәделерi аяқсыз қалды. Сонда да олар түбегейлi бетбұрыс жылдарының өзiнде баяндамалар жасап, жалған ақпарат беруден бас тартпады. Кейiнiрек бұған қалыптасқан ахуалды пайда- ланып, мемлекет мүлкiн аяусыз талау қосылды. 1991 жылы республикаға келiсiм бойынша жеткiзiлмеген бұйымдардың мөлшерi ай сайын екi есеге жуық артып отырды. Материалдың, электр қуатының жетiспеуiнен жұмыс уақытын жоғалту жағдайлары жиi көрiнiс бере бастады. Кейбiр кәсiпорындар ұзақ мерзiмге тоқтауға мәжбүр болды. Бұл жылы республика кәсiпорындарының 11%-ын құрайтын 533 зауыт пен фабрика шығынмен шықты. Өнiм өндiру мен қызмет көрсетудiң көлемi азайып, қаржы жағдайы мен ақша айналымын қиындатты. Меншiктiң көптүрлiлiгi енгiзiлiп, жекешелендiру үдерiсi белең алған кезде әкiмшiлiк пен кәсiпорын тұт- қаларын ұстап отырғандар мейлiнше еркiн қимылдау мүмкiндiгiне ие болды. Олар демократиялық басқару тұсында қалыптасқан “жұмсақтықты” пайдаланып, қайткен күнде байлықты көбiрек басып қалу әрекеттерiн жасады. Аз пайызбен несиелер алу, жалға беру, шағын кәсiпорын ашу, коммерциялық фирмалар мен банктер ашудың зор мүмкiндiктерiн билiк иелерi мен олардың туыстары, сыбайластары еркiн пайдаланды. Олар тауар өндiрудi мақсат тұтпады. Үзiлiп қалған байланыстарды қайта жалғастыруға тырысқандар, көпшiлiкқолды тауар- лар шығарумен айналыспақ болғандар да табылды. Бiрақ ондайлар өте аз болды және олардың шаруашылығы ман- дымады. Шын мәнiнде, экономиканы арттыруға үлес қосу ниетiн ұстап, тауар шығарумен айналыспақ болғандар үшiн тиiмсiз, ал мемлекет мүлкiн жекешелендiрудi көздегендер үшiн қолайлы жағдай туды да, көпшiлiк бұқара күйзелiске ұшырады.209 Сыртқы экономикалық байланыстардың артуы. 1980 жылдардың соңына қарай Орталық тарапынан бақы- лаудың әлсiреуiнен республикалардың тiкелей шетел- дермен экономикалық, сауда байланыстарын жасау мүмкiндiгi арта түстi. Қазақстан бұған дейiн де экспорт- қа бiраз дүние шығарып келген болатын. Бiрақ олардың 97%-ы шикiзаттар, материалдар және жартылай дайын өнiмдерден тұрды. Экономикалық даму бағытын мүлдем жаңа арнаға — нарықтық қатынастар мен меншiктiң көптүрлiлiгiне негiздеп қайта құру үшiн тағы бiрқатар маңызды заңдар қабылдау керек болды. Орталықтан аулақтану тенденция- сы меңдеген сол кездегi өзге одақтас республикалар сияқты Қазақстан үкiметi де “Қазақ КСР-iндегi еркiн экономикалық аймақ туралы”, “Қазақ КСР-iндегi шетел инвестициялары туралы” заңдар қабылдады. Республика- лық сыртқы экономикалық байланыс министрлiгi, Сырт- қы экономикалық банк құрылды. Әртүрлi экономикалық ассоциациялардың, корпорациялардың құрылуы сауданың дамуына әсер еттi. Сөйтiп, 1990 жылдың iшiнде оның көлемi 1,5 есе артты. Жаңа құрылымдардың өсуiмен қатар адамдардың iскерлiк белсендiлiгi артты. Бiрлескен кәсiпорындар мен банктер құрыла бастады. 1990 жылдың қарашасында Сауд Арабиясымен бiрiккен “әл-Баракабанк- Қазақстан” банкi құрылды. Корея республикасының “Самсунг” корпорация- сымен байланыс орнады. Қазақстанның Қытаймен арадағы сауда байла- ныстары едәуiр артты. Алматы — Үрiмшi әуе, Жаркент — Инин тасжол қатынасы ашылды. 1991 жылдың бiрiншi жартысында Қазақстанда 24 елдiң қатысуымен 35 бiрiккен кәсiпорын ресми тiркелдi. Осы кезеңде республика экономикасы шетелдердiң экономикалық және технологиялық көмегiнсiз оңала ал- майтын едi. Шетелдер капиталын әкелу үшiн республика жаңа заңдар қабылдап, сырттан тартылған инвесторларды 5 жылға дейiн салықтан босатты. Бiрiккен кәсiпорындар, негiзiнен, көпшiлiкқолды тауарлар шығаруға тиiс болды.
Бақылау сұрақтар:
1. Экономиканың дамуындағы түбегейлi бетбұрыс деп ненi айтуға болады?
2. “Социализм, шынында да, келешегi жоқ iлiм бе едi?” деген сұрақ төңiрегiнде пiкiрлерiңдi айтыңдар. Социализмнiң күйреуi мен Қазақстанның тәуелсiздiк алуы арасындағы байланыстарға назар аударыңдар.
3. Сыртқы экономикалық байланыстардың ұлғаюына қандай фак- торлар әсер еттi?
4. Нарықтық ұстанымдар енгiзiлгеннен кейiн де экономикалық дағ- дарыстың үнемi тереңдей беруiнiң себептерi не?
Достарыңызбен бөлісу: |