Дәріс №5. Тақырыбы: Қоңыжай белдеудің далалық табиғат зонасы. Жоспар


Олардың ең үлкені-Жалаулы, Шүрексор көлдері



бет4/4
Дата18.05.2020
өлшемі47 Kb.
#69361
1   2   3   4
Байланысты:
5 лекция дала зонасы

Олардың ең үлкені-Жалаулы, Шүрексор көлдері. Жағаның екінші, үшінші террасcаларының қалыптасуы кезінде Ертіс осы көлге құйып, шығысқа қарай қайта ағып шыққан. Қазір бұл көлге Шідерті мен Өлеңті өзендері, Сілетітеңіз көліне Сілеті өзені құяды.

Торғай төрткүл өлкесі- Батыс, Оңтүстік Орал мен Мұғалжар тауларымен, шығысында Сарыарқамен шектесетін жазық аймақ. Солтүстігінде Тобыл маңы аккумцляттік жазығынан оңтүстігінде шалқартеңіз көлі ағысына дейін 600 км-ге созылады. Ені батыстан шығысқа қарай 300 км. Үстірт негізінен Қостанай обылысының аумағында аздаған бөлігі Ақмола және Қарағанды обылыстары жеріне кіреді. Геологиялық құрамы жөнінен эпигерцендік Тұран тақтатасына жатады. Қатпарлы іргетастың бетін жапқан мезо- кайназой шөгінді жыныстары қабатыныңқалыңдығы ондаған метрден оңтүстік –шығыста 200 м-ге дейін барады. Абсолюттік биіктігі батыс және шығыс бөліктерінде 200-300 м, оңтүстігінде Шалқартеңізі ойысына қарай 150-170 м, солтүстік бөлігі аз тілімделген, көбінесе жазыққа ұласып кетеді. Оңтүстік бөлігінде Үстірт беті біртұтас тегіс. Үстүрттің дәл ортасынан жарып дәл ортасынан меридян бағытында Торғай колаты өтеді. Торғай өзені бойындағы тосын құмы, Ұлы Жыланшық өзенінің маңындағы Аққұм және Ырғыз маңы құмы. Құмда жусан, еркекшөп, жүзгінбасым өскен. Далалық алқаптың көп жері егіншілікке пайдаланылады. Шөлейт және шөл аймақтары – мал жайлымы. Өзен аңғарларының жайылма шалғындарынан қысқы мал азығы дайындалады. Жер қойнауынан баксит пен қоңыр көмірдің аса бай кен орындары алынған. Торғай үстіртінің солтүстік бөлігінде Наурызым қорығы орналасқан.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет