Дәріс №5. Тақырыбы: Қоңыжай белдеудің далалық табиғат зонасы. Жоспар


Үй, Есіл, Тоғызақ, Әйет, Тобыл, Обаған өзендері



бет3/4
Дата18.05.2020
өлшемі47 Kb.
#69361
1   2   3   4
Байланысты:
5 лекция дала зонасы

Үй, Есіл, Тоғызақ, Әйет, Тобыл, Обаған өзендері ағып өтеді. Тұщы көлдер аз. Оның ең үлкені-Құсмұрын көлі. Ал тұзды көлдер көп. жері қара топырақты, шалғынды.

ІІІ.Есіл-Ертіс даласы Есіл-Қамысты орманды даласы мен Сарыарқаның, Павлодар облысының көлді жазығының ортасында жатыр. 100-120м биіктегі беткейлер неоген саз балшықтарынан түзілі, оның бетін палеоген дәуірінің құмдары мен балшықтары басқан. Батыс бөлігінде көл көп. Олардың көбі тұщы. Ең үлкені-Шағалалытеңіз көлі. Оған Шағалалы өзені құяды. Тұзды көлдері де бар. Көкшетаудың солтүстік жағында жазық даланың бетінде ұзындығы 24км, ені 1,5-1 км-ге жететін үлкен жалды арқа бар.



ІV. Ертіс- Құлынды жазығы Павлодар облысының күңгірт қара қоңыр топырақты ауданын қамтиды. Ертіс өзінінің жағалауы бірнеше террасалардан тұрады. Бірінші (сортаң топырақты)және екінші террас өзен деңгейінен 4-6-дан 15-18м-ге дейін биік келеді, жайылмасы өзеннің екі жақ бетінде 5-20-25км-ге дейін созылады. Үшінші террасаның бийіктігі 28-32м, негізінен сол жақ жағалауға орналасқан. Ол қатпарлы, ұсақ шоқылы өлкемен жалғасады. Бұл беткей ұсақ қиыршық, құмтасты болып келеді. Ал Ертістің оң жақ беткейі төртінші террасаны (биіктігі 40-45м)құрайды. Ол құмайт топырақты аллювийлік жазық, желдің әрекетімен қалыптасқан. Онда қалың қарағай өседі. Ертістің сол жағасы мен аймақтың солтүстік-батыс бөлігінде көлдер мен көлтабандар бар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет