Дәріс №6 Дәріс тақырыбы: Жеңіл атлетиканың секіру түрлерінің орындалу техникасы негіздемесі Дәріс жоспары



бет1/2
Дата04.11.2022
өлшемі378,37 Kb.
#156553
  1   2
Байланысты:
Д ріс №6 Д ріс та ырыбы Же іл атлетиканы секіру т рлеріні оры


Дәріс № 6
Дәріс тақырыбы: Жеңіл атлетиканың секіру түрлерінің орындалу
техникасы негіздемесі
Дәріс жоспары:

1.Бір орыннан және жүгіріп келіп ұзындыққа секіру техникасының орындалу


2.Үш аттап секіру техникасының орындал
3.Сырықпен секіру техникасының орындалуы


1.Бір орыннан және жүгіріп келіп ұзындыққа секіру техникасының орындалу

Ұзындыққа секіру - бұл қарапайым табиғи дене жаттығуы. Мұндағы басты мақсат жылдам және түрақты екпінді жүгіріс, аяқпен итеретін жерге дәл түсуді білу, күшті итеру қажет, ұшуда тепе- теңдікті сақтау арқылы түсу немесе қону. Ұзындыққа секіргенде көрсеткен қорытынды екпінді жүгірістің жылдамдығынан және мықты итерудің көмегінен түрады. Мұндағы басты әрекетті итеру бүрышы, секіруші ұшуда тепе-теңдікті сақтауды білу және түсерде аяқты алға және алысқа түсу.


Бір орыннан секірулер жаттығулар ретінде қолданылады, тіпті бір орыннан секірулер және бір орыннан үш аттап секірулер бойынша жарыстар жүргізіледі. Бір орыннан ұзындыққа секіру аяқтардың серпімділігі мен күштерді үшін бақылау сынағы ретінде жүргізіледі.
Бір орыннан ұзындыққа секіру техникасы былай бөлінеді:

  • итермелеуге дайындық;

  • итермелеу;

  • үшу;

  • жерге түсу.

Ұзындыққа секіру мына тәсілдерден түрады:

  • жүгіріп келіп «аяқты бүгіп» секіру;

  • жүгіріп келіп «аяқты қайшылап» секіру;

  • жүгіріп келіп «шалқалай» секіру.

Жеңіл атлетикада негізгі спорттық көрсеткішке жету екі сатыдан түрады:

  • ұшудың бастапқы жылдамдығынан;

  • шығу бүрышынан;

Бұл екеуі де екпінді жүгіру және итеру арқылы орындалады.
Ұзындыққа секіруді мына сатыларға бөледі:

  1. Екпінді жүгіріс және итеруге дайындық (бастапқы екпінді жүгірістен басталып, итеретін жерге аяқты қойған кезде бітеді).

Екпінді жүгіріс - Бұл жылдамдық үлкен дәрежедегі секіруші- лердің екпінді жүгірісінің жылдамдығы 10,0-10,5 м/сек. Екпінді жүгірістің ұзындығы ерлерде 36-46 метр аралығында және әйелдерде 30-36 метр қүрайды. Соңғы адым басқа адымдарға қарағанда 25-30 см. қысқа болады.
2. Итеру (аяқты итеретін жерге қойғаннан басталып, итеріп аяқты алған мезгілде аяқталады). Итеруді жылдам орындау қажет (0,11 - 0,13 сек.) аяқ бүкіл табанмен, тіке жақын қойылады (жерге бірінші өкше тиелі) аяқ пен жолдың бүрышы 65-70° болады. Аяқты жылдам қою екпінді жүгірістің жылдамдығын сақтайды. Итеретін аяқ барлық бүгілу жерлерінен бүгіліп жылдамдықтың екпіні арқылы жазыла бастайды. Тізенің бүгілу бүрышы 140° көп болмауы қажет. Аяқ түзелгеннен кейін бір мезгілде саны жоғары алға шығады. Сілтейтін аяқ дененің жазылуына көмектеседі. Иық және кеуде жоғары көтеріледі. Итеру бүрышы 70-75° тең. Тігінен секіру жылдамдығы 3,2-м/сек. жетеді.
3.Ұшу (итеретін жерден аяқты алған мезгілден басталып, түскенге дейінгі аралықты қамтиды). Ұшу 18-24° бүрышымен басталады. Ұшуда секіруші әр түрлі қозғалысты қолданады, тепе-теңдікті сақтау үшін және қолайлы түсу үшін. Ұшудағы бірінші бөлім биік ұшу барлық тәсілдерінде ұзындыққа секіруде «Аяқты бүгіп» секіру тәсілі тәсілдердің ішіндегі ең қарапайымы. Ұзындыққа секіруде мектепте осы тәсілден бастап үйретеді.

  1. Түсу немесе қону (түсетін жерге түскен мезгілден бастап дене қозғалысының тоқтағанына дейінгі аралықты қамтиды). Түсу немесе қону секіруде көрсеткішке көп көмегін тигізеді. Ұзындыққа секіруде тәсілдердің бәрінде түсу бірдей. Бүгулі аяқ жоғары көтеріледі, өкше жамбастан кішкене төмен болады және алға қарай аяқ созылады. Түсу аяқтың бүгілуімен аяқталады және алға шығады немесе жанға қүлайды.

Ұзындыққа секіруде ең маңызды сатысы болып итеру саналады, сонан кейін екпінді жүгіріс, ұшу, түсу. Бұлар негізінен спорттық көрсеткішке көп көмегін тигізеді, ұзындыққа секіруде және үш адымдап секіруде.
Екпінді жүгіріс және итеруге дайындық, екпінді жүгіріс үлкен жылдамдықтан басталады, соңғы үш адым қысқарады.
Биіктікке және ұзындыққа секірудің техникасын меңгеру үшін бастапқыда бір орында түрып секіруді үйренген жөн. Бір орында түрып секірген кезде аяқты тіреп итерілу үшін қолайлы орынды қамтамасыз ету қажет. Яғни аяқты тіреп итерілген кезде аяқтың тайғанауымен ойластырған жөн. Бұл үшін спорт алаңында секірген кезде башпайларымен шүңқырдың шетінен «тіреу» үсынылады. Жүмсақ жерге (қопсытылған қүм, гимнастикалық төсеніш), сондай-ақ қатты жерге де секіріледі. Секірулер кезінде ұзындық пен биіктік онша үлкен болмауын және жерге жүмсақ секіріп тусуді үйымдас- тыру керек.
Ұзындыққа секірудің нэтижесі жүгіру жылдамдығына және серпіліске байланысты. Жүгіру кезінде адымның үнемділігі үшін және назар салу үшін бір қалыпты қолайлы жағдай болуы керек. Бақылау сызығына екі аяғын қойған спортшы аяқтарын жай ғана бүгіп, кеудесін алға қарай еңкейтеді, қолын тізесіне қарай немесе төмен жібереді. Қозғалыс алға қарай «қүлаумен» басталады. Алғашқы адымдар барынша жігерлі орындалады, Бұл қарқынды арттыруға жағдай туғызады. Кейде бір аяқ артқа қойылатын жағдай да болады.
Жылдамдықты бірте-бірте арттырса, ол барынша қатты серпілуге жеткізеді, ал қатты жылдамдықпен келсе, ол серпілуге дейін сақталады. Жүгірудің бірінші бөлімі сөредегі желаяқты еске салады. Қол барынша сермеліп, кеуде алға қарай еңкейеді. Ал жүгірудің орта кезінде кеудені шалқайтып, соңғы адымдар кезінде оны тік қалыпқа келтіру қажет. Жүгіру соңына дейін жылдамдық сақталады. Бұл жоғарыда айтқандай, қатты серпілуге жағдай туғызады (24 сурет). «Аяқты бүгу» тәсілі қарапайым, ал ұзындыққа секірудің «шалқаю» тәсілі мейлінше тиімді, өйткені ол үттту кезінде айналып кетуден сақтайды және жерге жайлы түсуді көздейді. Көтерілгеннен кейін серпілетін аяқ төмен итерілген аяққа қарай, артқа жіберіледі. Жамбас төмен, алға қарай қозғалыс жасайды. Дененің кеуде және бел омыртқа түсы бүгіледі, ал аяқ аздап артқа жіберіледі. Осыдан кейін, жерге түсер алдында алғашқы жағдайға келеді (25 сурет).

19 сурет. «Аяқты бүгу» тәсілімен ұзындыққа секірудің орындалуы



20 сурет. «Шалқаю» тәсілімен узындыққа секірудің орындалуы

«Қайшылау» тэсілінің алдындағы тәсілдерден біраз өзгешілігі бар. Секіруші көтерілген кезде белгілі бір жағдайда болмай, жүгірген кездегі қозғалыстарды жасайды. Ол бейне бір ауада жүгіріп жүрген тәрізді болады. Көтерілгеннен кейін серпілген аяқ төмен, артқа қарай жіберіледі. Серпілген аяқтың төмен жіберілуі жамбастың алға қарай жіберілуімен қоса атқарылады. Содан кейін итерілген аяқ артқа, серпілген аяқ алға жіберіледі. Бұл жағдайда аяқтар тізе түсынан бүгіледі, қолдар аяқ қозғалысымен қатар қозғалады. Жерге түсер кезде секіруші аяқтарын қосып, оларды кеудесіне тақайды, содан кейін алға қарай сермейді (26 сурет).


Сөйтіп, «қайшылау» тэсілімен секіргенде секіруші жүгерген кездегідей қозғалыс жасап, көтерілген кезде 2,5 немесе 3,5 қадам жасайды.

Жерге түсудің жаттығудың басынан бастап итеруге назар аударған жөн. Себебі ол секірудің нәтижесіне әсер етеді. Жерге түсу ұзындыққа секірудің барлық тәсілдеріне бірдей.


Жерге түсуді бір орында түрып секіруден бастау қажет. Бұл жағдайда аяқты неғүрлым алға қарай серпу қажет. Содан кейін жерге түсу «адымдап» секірумен, аяқты бүгіп секірумен орындалады. Аяқты неғүрлым алға жіберу үшін белгілі бір қашықтықты белгілеп, ол жерге жіп, лента қойып, жерге түсер кезде аяқты белгіленген жерден әрі қарай түсуге итермелеу керек.
Көтеріліп келе жатқан кездегі қозғалыс. Егерде жаттығушы итерілуді және адымдауды игерген болса, онда оған аяқты бүгу көп қиындық тудырмайды.

  1. Адым жасағаннан кейін итерген аяқты серпілген уақыттан ерте қоспауға тырысу қажет.

  2. Қысқа қашықтықтан жүгіре отырып, 50-60 см. биіктіктегі таяқшадан секіру, ол таяқша итерілген жерден 180-200 см. Қашық- тықта орналасады.

  3. Бастапқы қалып итерілетін аяқ алда. 6-8 адымнан ұзындыққа секіру: «бір» дегенде адым жасап, «екі» дегенде жамбасты алға қарай қозғап, серпетін аяқтың сирағын сәл төмен түсіріп, «үш» дегенде баяу жылжыту қажет, аяқты артқа шалқайтпау керек. Денені түзу үстап, орташа жылдамдықпен орындаған дүрыс.

«Шалқаю» тәсілі. Бұл тәсілді үйрену кезінде біршама қиындық кездеседі. Мүнда төмендегідеі жаттығуларды қолдану үсынылады:

  1. Үш адымнан жүгіріп, серпілетін аяқты жерге тірегеннен кейін, алға қарай жүгіріп өту;

  2. Серпілетін аяқты адымдап секіруде жерге түсіріп, қос аяқты да артқа жіберу;

  3. Қолды жан-жаққа немесе төмен, артқа, жоғары қозғап үштастыру;

  4. Толық шалқаю және секіру, Бұл жағдайда гимнастикалық көпіршені пайдалану, көпіршеден итерілу;

  5. Жүгіру қашықтығын бірте-бірте 10-12 қадамға дейін арттыра отырып секіру.

«Қайшылау» тәсілі. Осы тәсілді үйрену үшін мына жаттығуларды орындау керек:
Серпілетін аяқпен жерге түсу арқылы «адымдап» секіру, содан кейін алға қарай жүгіру;

  • жүмсақ төсенішке «адымдап» секіру арқылы түсу;

  • көтеріліп келе жатып, «адымдап» секіруде аяқты алмастыру және адымдау жағдайынан жерге түсу;

- гимнастикалық көпіршеден «қайшылау» тәсілімен секіру және бірте-бірте қашықтықты арттыра отырып, жүгіріп келіп секіру.
¥зындыққа секіруде түтастай алғанда мынадай жаттығулар қолданылады:

  1. Таңдап алған тәсілмен қысқа, орта қашықтықтан және алыстан жүгіріп келіп секіру;

  2. соңғы адымдарға назар аудара отырып, жүгіру жылдамдығын мүмкіндігінше азайтпай, тезірек итерілу;

  3. орта қашықтықтан жүгіріп келіп 60-80 см. биікте түрған кедергіден секіру;

  4. ұзындыққа секіруден жарыс өткізу. Басты назарды жедел және нық итерілуге назар аудару қажет.

2.Үш аттап секіру техникасының орындалуы


Үш аттап секірудің техникасы екпіннен, итермелеуден және үш элементтен - «секіру», «қадам» және «секіру». «Секіру» итеретін аяққа жерге түсуімен итеретін аяқтан, ал «қадам» - итеретін аяқтан серпілетін аяққа көшумен, «секіру» - итеретін аяқтан екі аяққа жерге түсуден басталады. Жарыс ережелеріне үшінші элемент («секіру») ұзындыққа секірудің әрбір тәсілімен орындау рүқсат етіледі («аяқты бүгіп», «иілу», «қайшылау»).


Екпін. Жоғары жылдамдыққа жету үшін екпін ұзындығы 12-24 жүгіріс қадамдарынан түруы мүмкін. Аз дайындалған спортшылар қысқа екпінді қолданады. Жеке екпіннің ұзындығы спортшының дене дайындығына, желдің бағытына, алаң жабынының типіне (30-60 см-ге жоғарлайды немесе төмендейді) байланысты өзгеруі мүмкін. Секіру- дің бастауы үшін бастапқы қалып ұзындыққа секірулерге сәйкес болады. Екпіннің бір қалыпты жылдамдатылған бастамасы бірінші қадамдардың стандартты ұзындығын қамтамасыз ету қажет, с°н- дықтан дене алға қарай үлкен еңіске ие болады, қолдар үлкен амплитуда бойынша екпінді қозғалыстарды орындайды, сандар белсенді түрде алға қарай шығады, аяқпен ұзындыққа итермелеу жүреді. Тең жылдамдатылған қозғалыс кезінде жүгіру ырғағы әрбір қадаммен жоғарлайды. Екпін кезінде қозғалыстың түрақты амплиту- дасын сақтау өте маңызды. Екпіннің ортасында дене ақырындап түзеледі, қозғалыстың түрақты амплитудасы кезінде жүгірудің қарқынын жоғарлатумен спортшы итермелеу алдында қажетті жылдамдыққа және ішкі бұлшықет энергиясын максималды түрде жинақтауға жетеді. Итермелеу алдында соңғы қадам едәуір түрде қысқарады, итермелеуіш аяқ топырақтың астына төмен апарылады және 68-700 бүрышымен барлық өкшеге жазық жылдам қозғалыспен бақылау сызығына қойылады. Бақылау сызығына итермелеуіш аяқты қоюмен алға-жоғары қарай тіземен сермеуіш аяқты белсенді түрде алға шығарумен басталады. Тік сәтін денемен өтуден кейін (27 сурет, а) итермелуіш аяқ белсенді түрде алға-жоғары қарай сермейтін аяқтың санымен және қолдарын бір уақытта көтерумен жамбас буындарында, тізе және балтыр буындарында түзетіледі (27 сурет, б,
в). Итермелеу бүрышы 62-650, спортшының денесінің үшып шығу бүрышы - 14-190 қүрайды (27 сурет, а, б).
Секіру. Итермелеуден кейін спортшы «қадамдау» қалпын қабылдайды. «Қадамдау» ұшу фазасын жоғарлату үшін кеңінен сандар ажыратылады және биікке сермейтін аяқтың тізесі көтеріледі, алға қарай еңісімен дене тіктеледі (22 сурет,в). Осыдан кейін артта қалған итермелейтін аяқ екпінді сермеумен алға қарай шығарылады, ал сермейтін аяқ - сонымен қатар балтыр мен санның белсенді қозғалысымен артқа қарай апарылады (аяқтың қалпының ауысуы, 27 сурет, в, д). Сандарды кеңінен ажырату (120° жалпы орталық масса проекциясына 25-35 см.) қаншалықты жақын болуы үшін барлық өкшеге «жинауыш» қозғалыспен топыраққа итермелуіш аяқты қоюмен қамтамасыз етіледі. Мүнда өкшемен «сермеуден» итерме- леуге дейінгі қозғалыс үздіксіз жүруі үшін маңызды. Бұл көлденең жылдамдықты шығынды төмендету мен итермелеу қуаттылығына тиімді түрде көшуге рүқсат етіледі. Аяқты қою бүрышы 65-700 (27 сурет, ж) көлденең жылдамдықтың және динамикалық соққының әрекетімен итермелеуіш аяқ тізе (400) және жамбас (250) буындарында бүгіледі (23 сурет, ж, з).













23 сурет. Үш аттап секіру техникасының орындалуы


Қадам. Топыраққа итермелеуіш аяқты қоюмен екінші итермелеу басталады, онда жазушы-бұлшық еттердің тығыздық қасиеттерін пайдаланады. Параллелді сермеуіш қолдар және сермеуіш аяқтың қозғалыстары, дененің тік қалпы динамикалық соққыны бөгеттейтін күшті төмендетеді, ол итермелеуіш аяқ арқылы дененің жылдам алға қарай қозғалысына әрекет етеді. Қуатты итермелеу (60-620 итермелеу бүрышы, 23 сурет, и) «қадамда» өте ұзын үмтылысты орындауға және үшып шығу бүрышын (11-150) жоғарлатуға көмектеседі. ¥шудың орта бөлігінде «қадамда» екпінді және ұзын үмтылысынан кейін спортшы бірнешеге жинақталады - денені алға қарай еңкейтеді, артқа қарай қолдарын апарады, осылай қолдармен кеңінен сермеуді «жинақтап-көсілетін» итермелеумен орындау үшін сандарды үлкен ажыратумен апарады (23 сурет, к-н). Түзелген аяқ 65-680 бүрышымен тіреке қойылады, ал дене тік қалыпқа ие болады (27 сурет, о, п).
Секіру. Итермелеу сермеуіш аяқпен жүргізіледі. Итермелеуден кейін (итермелеу бүрышы 58-630) үшып шығу бүрышы 17-220 дейін жоғарлайды (23 сурет, р). Итермелеуіш аяқ пен қолдар белсенді қозғалыспен алға-жоғары қарай шығарылады, иықтар алға қарай беріледі және секіруші «қадамда» қалыпты қабылдайды (27 сурет, р). Содан кейін секіруші денені алға қарай еңкейтпей сермейтін аяқты итермелеуішке созады, артқа-төмен қарай бір уақытта апарумен кеудеге екі аяғын тізесіне созады (23 сурет, с), кеудеден тізесін алмай денені алға қарай еңкейтеді және «аяқты бүгу» тәсілімен ұзындыққа секіруде топтасу қалыпын қабылдайды (23 сурет, т, у). Топырақты өкшелермен жанау сәтінде табан қүмға көмілетіндей бүгіледі, қолдар алға қарай шығарылады. Осы қозғалыстардың есебінен тізе мен жамбас алға қарай апарылады және спортшы өзінің ізіне отырады (23 сурет, ф). Жоғарғы дәрежедегі спортшылары «бүгілу» немесе «қайшылау» тәсілімен үшінші элементті орындау мүмкіндігіне ие болады.

3.Сырықпен секіру техникасының орындалуы




Сырықпен секіру - қиын жеңіл атлетика жаттығуларының бірі. Онда жүгіру, ұзындыққа, биіктікке секірулер, қозғалмалы және берік тіректе гимнастикалық, акробатикалық жаттығулар үшін тән қозғалыстар тіркестіріледі. Сырықпен секірулерде нәтижелілігі екі негізгі компоненттермен анықталады:

  1. сырыққа секірушінің үстау биіктілігі;

  2. үстау нүктесінен оны жалпы орталық массада көтерілу шамасы.

Бірінші компоненет - екпін мен итермелеу процесінде секіру- шінің қозғалмалы әрекеттерімен, екінші - қозғалмалы және берік тіректе кейінгі итермелеумен тіректе тірелу кезінде қалыптасады.
Бірінші компонент - бүтіндік жаттығу, оны шартты түрде бастапқы қалыпқа екпінге (тірекке сырықты қадауды кірістіріп), итермелеуге, планкі арқылы ауысуға және жерге түсуіне бөлуге болады.
Бастапқы қалыпта секіруші бастапқы жүгіруді түрақты орын- дауға, екпін жылдамдығының жылдам өсуіне және кейінгі қозғалыс- тардың тиімді орындалуына әрекет ететін қалыпты қабылдайды. Ол үшін спортшы жаттығуды бастау жеріне келеді, сырықты жанымен екі қолмен, оң қолмен төмен жағынан үстаумен, сол қолымен жоғары жағынан үстаумен бастайды. Оң қолдың бас және нүсқаушы саусақтары сенімде түрде снарядты үстайды, қалғандары жүгіру уақытында босаңсуы мүмкін, сол қолдың алақаны кеуде деңгейінде болады, ол екпінде сырықтың түсуін бақылайды.
Қол буындарында бостандық болуы шарт, ол сырықты үстау кезінде жеңілдікті қамтамасыз етеді және барлық дененің қалпын бақылауға бастау сәтінде секірушіге мүмкіндік береді, ал сонымен қатар екпіннің байсалды және жылдам бастамасына әрекет етеді. Қол алақандары арасындағы қашықтық 0,50-0,70 метр, ал үстау биіктігі - 4,90-5,15 метр қүрайды.
Екпін. Екпін тепе-теңдіктен спортшының денесін шығару сәтінен басталады және итермелеуге аяқтың қойылысымен аяқта- лады.
Екпіннің міндеті:

  1. ең жоғары бақыланатын жылдамдықты дамыту;

  2. жүгіру қадамдарын жоғарылататын жиілігімен ырғақты - қарқынды қозғалысты екпіннің соңында қалыптастыру;

  3. үттту сатысы уақытын қысқартумен және тірекке аяқты акценттелген түсірілімін сипаттайтын жүгіру қадамының ырғақты қүрылымын қалыптастыру;

  4. тірекке сырықтың қадалуын тиімді түрде жүзеге асыру және итермелеу орнына аяқты дәл түрде қою.

Екпін ұзындығы 35-45 метр (18-22 жүгіру қадамдары) қүрайды. Екпін соңындағы жылдамдық 9,6-9,8 м/сек. жетеді. Тік қалыпқа дейін сырықты көтеріп, секіруші бір орыннан, жаяу жүрістің бірнеше қадамдарымен немесе жай жүгірісінен екпінді бастайды (28 сурет).



24 сурет. Секірушінің бастапқы, ортаңғы және соңғы жүгіру жолындағы
сырықты үстау жағдайлары

Бірінші қадамдарды спортшы қадамдардың ұзындығы мен тиімділігін бір уақытта жалғастырып, байсалды жылдамдығымен алға қарай дененің кейбір еңісімен орындаудан бастайды.


Сырықтың тербелісін тудырмай оны бос устау қажет. Тек қана спортшы шынтақтарының қозғалысымен жүгіру рүқсат етіледі.
Спортшының дене жылдамдығының өсіп келе жатқан шамасы бойынша созылады, тізелерді биік көтереді және тірекке саннан аяқты түсіруді акценттейді. Көбіне екпінде бірдей жылдамдатылған қозға- лыс екпінінің барлық ұзындығы бойынша оң қолын бүгу есебінен сырықты бір қалыпты түсірумен анықталады, яғни снарядты түсіру жылдамдығы екпінде секірушінің жылдамдығымен түсіру кезінде болуы қажет. Түсіру кезінде сырықты тежеу спортшының қозғалу жылдамдығының жойылуына әкеледі.
Екпіннің соңында (негізінен екі соңғы қадамдарда) сырықты көлденең қалыпта үстайды, ал белсенді түрде тірек үшін қорапта төменгі шегін сол қолмен бағыттап және жоғары шетін көтеріп, алға қарай жібереді.
Тірекке сырықты келтіріп қою кезінде ілгермелі қозғалыстың тік сызықтығын бүзбау үшін спортшы денесіне жақын болады. Тірекке сырық жеңіл қойылады, бірақ жылдам итермелеу мен жеңіл ұшуы үшін жақсы жағдайды қүру үшін ең жоғары түрде таратылады (29 сурет).

Итермелеу. Итермелеу топыраққа итермелеу аяғымен қою сәтінен басталады және одан алуға дейін жалғасады.
Міндеттер:

  1. көлденең жылдамдықтың азғантай шығынымен жылдам- дықтың тік векторын куру;

  2. сырықтың тиімді бүгілуіне эрекет ететін алға-жоғары «секіруші-сырық» жүйесін қозғалыста және спортшылардың сермеуіне дененің қалпын қалыптастыру;

  3. сырықпен секіруде итермелеу ұзындыққа секірулермен итермелеуге сэйкес.

Топыраққа аяқ қатты түрде барлығы табанға тік жоғары жағы санынан белсенді түрде қойылады. Спортшылардың дене шеңберінің күшімен пайда болған диаметрінің соққысының итермелеу аяғын қоюмен тізе буынында азғантай бүгілумен спортшының оң аяғының тізе буынында қатты бүгілген сермеу қозғалысымен артта оң мен сол аяқты қалдырып, тірек аяғы жамбаспен және кеудемен жылдам өтеді. Тірек аяғында жамбас, тізе және балтыр буындарында алға-жоғары қарай созылумен белсенді түрде итермелеп, секіруші сол қол арқылы (білек пен сырық арасындағы 90° бүрыш) жоғары қарай сырыққа қысымды көрсетеді, ал оң қолымен сырықты төмен қарай қысып, снарядта бүгілген күштер жүбын қалыптастырады 25 сурет).
Итермелеудің жалпы уақыты 0,12-0,15 сек. қүрап, спортшылардың жалпы орталық массасы ұшуының бұрышы 15-18° болады да, итермелеп секіруші тірелуге көшеді. Алдыңғы қозғалыс әрекетіне толықтай байланысты тіреу тереңдігінің үзақтығы секірушінің одан әрі жүгірісінің барлығын анықтайды.



Серпілу. Кеудемен алға қарай қозғалып, спортшы қол бұлшықет- терінің және иық белдеуінің қатты күшімен жоғары қарай серпіледі. Бұл кезде айналу осі иық белдеуі арқылы өтеді.

Екпінді өзгеріс нэтижесінде доға бойынша маятник тәріздес тік сызықта қозғалыста секірушінің дене бойында үстау нүктесімен бағытталған орталықтан тепкіш күш пайда болады. Ол сырықтан денені қысып буады, солай соңғысының бүгілуін жоғарылатады. Дененің төменгі бөліктерін көтеруді жылдамдатып, спортшы артқа қарай иықты тартады және сермеу радиусын қысқартады, ол сырыққа қысымды әкеледі, ал соған сәйкес - оның көп иілуіне әкеледі. Иілген сырықтардың күштері снарядтың берік күшінен аз болған сәтінде ол түзетіледі және секіруші жоғары қарай көтеріле бастайды (32 сурет).




32 сурет. Жинақталу, денені түзету және бұрышпен тартылу

Жалпы орталық масса қаншалықты жоғары көтерілу мүмкіндігіне үмтылысы кезінде спортшы түзелетін сырықтың күшін пайдаланып, тізе, жамбас буындарында жазылады, дене Бұрылыспен тартылады және денені көтереді. Денені жазу жоғары және бірнеше рет артқа қарай, яғни аяқтар басының үстінде, ал жамбас - сырыққа жақын болу үшін орындалады. Денені жазудың соңы бойынша жаймен және жылдам тартылып, сырықтың бойында жамбасты қозғалтып, секіруші бір уақытта планкіге кеудесімен бүрылады (32 сурет).


Денені көтері алақан иық артында болған сәтінде оң қолмен орындалады және планкі арқылы көшу бастамасымен аяқталады.
Планкі арқылы көшу және жерге түсу. Қолмен итермелеуді аяқтап, спортшы планкінің артына аяқтарын қояды. Дене доға тәріздес форманы қабылдап, бас түсірілген, оң қол тік, сол қол шынтақтан бүгілген, жоғары қарай көшеді. Алға қарай қозғалып, секіруші планкіні итереді. Планкі кеуде деңгейінде болса, спортшы артқа қарай қолдарын және аяқтарын апарады, осылай жауырынға кейінгі дөңімен аяқтар мен арқаға келеді.





Жерге түсу және планкі арқылы көшу. Секірушілердің тірек бөлігі ырғағының ерекшелігі болып сырықтың нәтижелігінінің осімен тірелудің басынан сырықтан спортшыны ығыстыру сәтіне дейін үзақтығы жоғарылайды және оның элементінің уақытша параметрлері өзгереді. Тірелудің үзақтығы мен дененің жазылуы жоғарылайды, сермеу фазасы, созылу және денені көтерілу төмендейді (33 сурет).
Жоғары дәрежедегі спортшыларда пайызбен бейнеленген секіру- шілердің тірек бөлігінің уақытша қүрылымы оның жалпы ұзынды- ғына жуық шамамен мынадай: тірелу - 8 % , серпілу - 39 %, денені жазу - 28 %, тартылу -16 % және денені көтеру - 16 %.
5.4. Биіктікке секіру техникасының орындалуы
Биіктікке секірудің тарихы салыстырмалы түрде қысқа Олим- пиада ойындарында ежелде жарыстардың бұл түрі бойынша оларды жүргізу жөнінде ескеру жоқ. Тек қана ХІХ ғасырдың басында немістерде тікелей екпінмен гимнастикалық секіру пайда болды. Сол уақытта секірулердің бірде-біреуі биіктікке секірулерге қарағанда техникасында аса өзгерістерге ұшырамады. Секірулердің - «аттау», «толқын», «домалау», «асырма», «фосбери-флоп» түрлерінде, яғни бес өзге түрлері - салыстырмалы қысқа тарихи жолды өткерді.
Екпінмен биіктікке секіру - бұл спортшылардың дене дайынды- ғына жоғары талаптарды қоятын басты қиын түрі. Шартты түрде бұл секіруді төрт негізгі құрылымдық фазаларға бөлуге болады:

  1. екпін;

  2. итермелеу;

  3. планкі арқылы өту;

  4. жерге түсу

Биіктікке секірулер стилдерінің техникасына қысқаша талдау берейік.
«Толқын» тәсілі. Бұл стилде екпін тік сызық бойынша планкіге 60-70°бұрышымен немесе тік бұрышымен орындалады. Итермелеу планкіден 130-150 см-ге жүргізіледі. Неғұрлым екпін бұрышы көп болса, соғұрлым итермелеу орны алыс болады. Сермеу тік аяқпен жеңіл және кеңінен орындалады. Сермеуіш аяқтың жіліншегі итерме- леуден кейін планкіден көтеріледі, дене азғантай екпін жағына бүгіліп, итермелеуіш аяққа бұрылады, итермелеуіш аяқ сәл тізе буынында бүгіледі. Планкі қалпында сермеуіш аяқтың жамбас буынында оның сызбасын кесіп өтеді, сермеуіш аяқ жігерлі түрде екпінмен ішіне қарай планкіден асып түседі. Дене планкіге кеудесімен бұрылады, жиекке дейін итермелеуіш аяқ ішке қарай келтіріледі және планкіден жоғары көтеріледі. Баспен бірге иықтар екпін жағына төмен қарай иіледі. Сермеуіш аяқ пен дене жамбас орналасқан жоғары нүктеде планкінің үстінен доғаны («толқынды») қалыптастырады. Қолдар төмен түседі немесе жанына қарай бөлінеді. Доға тәріздес қозғалысты жалғастырып, итермелеуіш аяқ төмен түседі, секіруші планкіге басты немесе иықтарын артқа қарай апарып, барлық кеудесімен бұрылады. Тізеде бүгіліп, сермеуіш аяғы артқа қарай апарылады. Жерге түсу планкіге кеудемен немесе жанымен итермелеуіш аяққа жүзеге асырылады (34 сурет).


34 сурет. «Толқын» тәсілімен биіктікке секірудің орындалуы



«Домалау» тәсілі. Бул стилде екпін планкіге 30-45° бурышымен орындалады. Итермелеу планкіге жақын аяқпен орындалады. Сермеу тік аяқпен орындалады, ал содан кейін тізе буынында сәл бүгілуі мүмкін. Итермелеуден кейін сермеуіш аяқтың жіліншегі планкіден көтеріледі, секіруші итермелеуіш аяқты жамбас және тізе буында- рында бүгіп, оны созады, оны сермеуіш аяққа жақындатады. Дене планкінің бойында артқа қарай қайтарылады. ¥шу кезінде секіруші планкіге денесімен бойлайды, оның денесі планкіден көтерілгенде итермелеуіш аяқ сол жанына көшеді. Қолдар бір уақытта аяқты сермеумен жоғары қарай көтеріледі, содан кейін планкі арқылы көшу кезінде денесін кеудемен төмен қарай аударуға көмектеседі. Секіруші дененің сыртқы жағынан жанымен планкі арқылы көшеді. Планкіден өткенен кейін итермелеуіш аяқ тізе буындарында тік үсталып, бірақ жамбас буынында доғал бүрышты сақтап, төмен қарай түседі.



Дене кеудемен бұрылады, қолдар төмен қарай түсіріледі, сермеуіш аяқ дене деңгейінде болады. Жерге түсу итермелеуіш аяққа және қажеттілігі бойынша қолдарға болады (35 сурет).


«Асырма» тәсіл. Екпін планкіге 25-35° бұрышымен орындалады. Итермелеу техникасы бойынша ұшу «домалау» тәсілі сияқты орында- лады. Сермеу тік аяқпен кеңінен және жеңіл орындалады, ұшудың бастапқы кезеңінде айналыс сәттері құрылады. Екі қолдар шынтақтан сәл бүгілген, сермеуіш аяқпен бір уақытта көтеріледі. Иықтар мен дене артқа қарай апарылады, секіруші оған кеудесімен планкінің бойындағы қалыпты қабылдайды. Итермелеуіш аяқ тізе және жамбас буындарында бүгіледі, тізе сыртқы жағына қарай апарылады, өкше сермеуіш аяқтың тізесіне қарай жақындатылады. Секіруші планкі арқылы кеудесімен және белімен өтеді. Сермеуіш аяқпен қозғалысы және итермелеуіш аяқпен қозғалысы және сыртқа қарай итермелеуіш аяқты апару есебінен планкінің айналасында бұрылыс сәтін құрайды. Оның үстінен ұшып, секіруші сермеуіш аяқты түсіреді, ал қарама- қарсы аяқпен қолды арқаның жанына және артқа қарай апарады. Онымен бір уақытта итермелеуіш аяқтың тізесі апарылады, сермеуіш аяқ бірнешеге планкінің ар жағына түсіріледі. Жерге түсу секірушінің сермеуіш аяққа және қолға немесе дененің сермеуіш бөлігіне немесе қатты айналыс сәті кезінде арқада жүзеге асырылады (36 сурет).



36 сурет. «Асырма» тәсілімен биіктікке секірудің орындалуы


Әдетте секірушілердің аталған тәсілдермен жерге түсу 70 см. биіктікпен қопсытылған құммен шұңқырға орындалады.


«Аттау» тәсілі. Бұл стиль барлық стилдерге қарағанда ең ежелгі болып табылады, бірақ жерге түсу өзінің техникалық қарапайым- дылығы және аз қажеттілігі бойынша мектептерде, балалар мен жасөспірімдер үшін дене тәрбиесі сабақтарында қолданылады. Екпін планкіге 30-45° бұрышымен орындалады, 6-8 жүгіріс қадамдарынан тұрады. Итермелеу планкінің сызбасынан 70-80 см. қашықтықта алыс тұрған планкіден жүргізіледі. Итермелеу орынын анықтау үшін планкіге жанымен тұру, сермеуіш қолды тік ұстау қажет (37 сурет).

37 сурет. «Аттау» тәсілімен биіктікке секірудің орындалуы


Итермелеу орны. Екпінді талдау кезінде жүгірістің бес қалыпты қадамдары үш жүгіру қадамдарын қүрайтынын есте сақтау қажет. Итермелеу орынына аяқ тік қойылады, оны тізеден тым қатты бүгу міндетті емес. Сермеу тік аяқпен орындалады, ол жоғары нүктеде сәл бүгілуі қажет. Дене тік үсталады, қолдар шынтақ буындарында сәл бүгілген, белсенді түрде бастың деңгейінде жоғары-алға қарай көтеріледі. Сермеуіш аяқ планкіден жоғары болғанда тізе сәл бүгілген, ал итермелеуіш аяқ созылады. Сермеуіш аяқ планкіден ары түседі, итермелеуіш аяқ оның артынша өтеді. Итермелеуіш аяқты көтеру сәтінде иықтар планкінің жанына бүрылады, қол планкіден иық және денені асырып өтуге көмектесіп, артқа қарай апарылады.
Жерге түсу планкіге кеудемен бүрылып, жанымен сермеуіш аяқта жүзеге асырылады. Екпіннің беткейінде көтерілген қүммен шүңқырға немесе жүмсақ төсеніштерде зал жағдайында жерге түсуге болады. Ең бастысы жерге түсу орнының биіктігі планкі арқылы өткеннен кейін мүмкіндік беріледі. Басқа жағдайда секіру техникасы «қайта аттау» тәсілімен, әсіресе ұшудың соңғы бөлігінде бүрмалана бастайды (37 сурет).
Фосбери-флоп» тәсілі. Секірудің фазалық қүрылымы: екпін алу, итермелеу, ұшу және жерге түсу.
Екпіннің өзі фазаларға бөлінеді: екпіннің бастамасы, бастау сәтінің қарқыны, екпін бойынша жүгіру, итермелеуге дайындалу.
Итермелеудің өзі екі фазаларды бөліп көрсетеді: екпіннің кинети- калық энергиясының бұлшықеттердің тығыз өзгеруінің энергиясына ауысуы мен жеке итермелеуі. Олардың шартты шегі - дененің буындарында ең үлкен бүгілу сәті.
Қозғаушы міндеттер: тиімді жылдамдықты алу, итермелеуге дайындықты жүзеге асыру. Биіктікке секірушінің жүгірісі сприн- терлік жүгіруден аяқ-қолдары қозғалысының өте кең екпінімен және қадамдардың ассиметриясымен қаттырақ бейнеленген тірек аяғында өте төмен қойылысымен өзгешеленеді. Өзгешеліктер итермелеуге дайындалу кезінде жүгіру жолдарының қиын басқарушылық қайта құрылысы қажеттілігімен негізделген.
Екпінде қадамдар саны едәуір шектерде (6-дан 16-ға дейін) ауытқиды, ол секірушінің жеке ерекшеліктеріне және спорттық дайындығына байланысты болады. Екпіннің жылдамдығы әрдайым өседі және жоғары дәрежедегі спортшыларда 8 м/сек. жетуі мүмкін. Қадамдар ұзындығы екпіннің ортасында 2,5 метрге дейін жоғар- лайды, содан кейін бірнешеге қысқарады.
Екпін бастамасы. Негізгі міндет - секіруге дұрыс қозғалу қойылымын қалыптастыру. Оның мазмұны әбден әртүрлі. Бұл қатені түзету немесе алдыңғы әрекеттерге сәтті орындалған элементті бекітуге себеп болуы мүмкін. Нақты қойылым - алдын-ала жоспарлау процесі, секіру сәтті болуы үшін не істеуі қажет деген сұраққа жауап. Бұл процесс бастапқы қалыпқа шығу сәтінен белсенді әрекеттердің басталуына дейін жалғасады. Шындығында екпін бастамасы екі негізгі тәсілдермен жүзеге асады: бақылау белгісіне кейіннен дәл тигізумен және бір орыннан (бақылау белгісінен) алдын-ала тәсілдері арқылы. Бір орыннан тұрып екпіннің бастамасын орындау мындай түрлерге ие:
а) жоғарғы бастау сәтінің қалпынан;
б) параллелді аяқтардан.
Бірінші бір түрі жүгіруде қатты итермелеуді, ал екіншісі - тіректің белсенді басып алуын қамтамасыз етеді.
Бастау сәтінің қарқыны. Бұл фазаны екпіннің бірінші (1-4) қадамдары құрайды. Мұнда спортшы аяқ-қолдарының қажетті екпінін жинайды және екпін бойынша жүгіру үшін тиімді жұмыс қалпын қабылдайды. Қайта қозғалысының жылдамдығы салыстырмалы тұрақты екпін кезінде қадамдардың ұзындығын жоғарлату есебінде жоғарлайды.
Екпін бойынша жүгіру. Негізгі міндеттері - жүгіру жылдам- дығын әрі қарай жоғарлату және итермелеуге тиімді дайындау үшін жағдай туғызу. Фазаның бастамасы екпін салыстырмалы түрде төмен- деуі кезінде қадамдардың ұзындығын жоғарлатумен бірге жүреді. Содан кейін жылдамдық қадамдардың ұзындығын және екпіннің параллелді өсуі есебінен жоғарлайды. Фаза бұрылыс доғасына кірісі- мен аяқталады. Соңғысы итермелеуге дайындық фазасына өтпелі элемент болып табылады (38 сурет).

38 сурет. Екпінді орындау кезінде доға бойынша жүгіруге көшу.

Тікелей жүгіруден Бұрылыс доғасы бойынша жүгіруге көшу үшін Бұрылыс доғасының ішіне дененің еңісін үйымдастыру қажет. Бұл міндет Бұрылыстың бағытынан сыртқа қарай итермелі аяқпен қиғаш қадамның арқасында жүзеге асырылады. Бұл кезде спортшы тірекке жалпы орталық массасы тік кескін аяқтарымен «алға қарай шығады».




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет