Мектепке дейінгі жас.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы мен өзара әрекетте болудың қиындығы, сөйлеу тілінің дамуының тежелуі, баланың тәртібіндегі проблемалар ата-анасына айқын байқала бастайды да, олар мамандардан көмек сұрай бастайды.
Мектеп жасы.
Мектеп жасындағы кейбір балалар (1 топ) басқаруға көнеді, жақын адамдармен арадағы әрекеті бағытталған түрде өтеді, сөздік өтініштерді орындай бастайды, болып жатқан жағдайларға қызығушылық байқалады, сөйлеу тілі пайда болады да, өз қалауын білдіру үшін жеке сөздермен сөз тіркестерін пайдалана бастайды.
2 топ балаларында мектептегі оқу үшін қажетті мүмкіндіктері үлкен болады. Кейбіреулері бастапқы кезде бейімделуге қарсы тәртіпті көрсетуі мүмкін, бірақ аз уақыт өткен соң мектеп өмірінің жалпы стереотипі пайда бола бастайды да оны бұлжытпай орындайды.
3-топ балаларының мектеп өміріне бейімделу немесе оқу материалын меңгеруіне байланысты проблемалар болмайды. Бірақ қиындық баланың тәртібінде туындайды. Оқуда жеткен жоғары нәтижелері, мұғалімнің қойған жоғары бағасы мен мақтауын уәж еткен бала, одан тек өзіне көңіл аударуды талап етеді, онымен үнемі өз қызығушылығы тақырыбында ғана сөйлескенді қалайды. Мұндай бала үнемі бірінші болғанды, барлық сұрақтарға өзі жауап бергенді қалайды, қарсылыққа төзбейді.
4-топ балалары тежелудің жоғарлығына, тез қажып, шаршағанына, жылдам ренжігіштігіне қарай оқуда қиындықтарға кездеседі. Бұларда айтылған сөзді түсінудегі қиындықтар, нұсқауды қабылдау мен материалды меңгерудің баяулылығы байқалып, мұғалім көмегін қолдауын қажет етеді. Бұларды ПДТ бағдарламасы бойынша оқыту ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |