Дәріс 6 Жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үдеріс Орығдаған: Кузьбахов Ж. М



бет3/10
Дата16.03.2022
өлшемі17,94 Kb.
#135853
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Дәріс 6 Жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үдеріс Орығдаған -melimde.com (1)

Білім беру мазмұны - жас ұрпақтың өркениетті, демократиялық қоғамда өмір сүруі үшін оған қазіргі кезеңдегі білім жүйесі мен дүниетанымды игерту. Білім мазмұны жаңа ақпарат ағымын саналы түсіну, оны бағалай білу, кез келген жағдайда шығармашылық шешім қабылдау, рухани адамгершілік қағидаларды игерту бағыттарын белгілейді. Бұл арнайы іріктеліп алынған және қоғамда қабылданған, білгілі бір сферада қызмет атқару үшін меңгеретін адамзат тәжірибесінің элементтер жүйесі. Білім мазмұны – білім, іскерлік, дағды және дүниетанымы мен жалпы тұлғалық қалыптасу деңгейі көрінетін түпкі нәтиже.

Формалды білім беру теориясы – Джон Локктан (ХҮІІ ғ.) бастау алып, Песталоцци, Кант, Гербарт т.б. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.) жалғасты. Олар рационализм философиясы теориясын ұстанды, демек тілдерді меңгертуді білім алушыны дамыту құралы деп есептеді, әсіресе, ертедегі грек, латын тілдерін, математиканы үйретуді таңдады. Ал, химия, физика пәндері жалпы табиғатты тану ретінде меңгерілді.


Материалды білім беру теориясы – ХҮІІ ғ. аяғы – ХІХ ғ. өріс алды, шаруашылық пен ғылыми-техниканың дамуы ғылыми-жаратылыстану, техникалық тәжірибесі мол мамандарды дайындауды талап етті. Бұл теорияны жақтаушылар эмпиризм (грекше «тәжірибе») философиясын ұстанды. Осыдан ғылыми-жаратылыстану ғылымдарын меңгертуге үлкен үлес тиді, нәтижесінің өлшемі ретінде білімнің өмірге қажеттілігі есептелді. Бұл екі теория да біржақтылық танытты
Педагогикадағы білім беру мазмұнын анықтау теориялары:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет