Дәріс 6 Жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үдеріс Орығдаған: Кузьбахов Ж. М



бет7/10
Дата16.03.2022
өлшемі17,94 Kb.
#135853
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Дәріс 6 Жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үдеріс Орығдаған -melimde.com (1)

Жоғары білім мазмұнын айқындайтын нормативтік-құқықтық құжаттар: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, типтік оқу жоспары, оқу бағдарламалары, оқулықтар. Қазақстан Республикасының Конституциясында (1995 ж.) «мемлекет білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын белгілейді. Кез келген оқу орнының қызметі осы стандарттарға сай келуі керек» деп көрсетілген (30 бап, 4-тармақ). Стандартта жоғары білім беретін оқу орны дайындайтын мамандығына сәйкес білім мазмұнына, оқу жүктемесінің көлеміне және бакалаврлардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар беріледі.

Мемлекеттік білім берудің жалпыға міндетті стандартында типтік оқу жоспары беріледі.


Типтік оқу жоспары – мамандық бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жасалатын және студенттердің меңгеруге қажетті ең аз көлемдегі кредиттерін, бақылау формаларын, сондай-ақ оқытудың қосымша түрлерімен қорытынды атестаттауын көрсете отырып жалпы білім беру пәндері (ЖБП), базалық пәндер (БП), кәсіптендіру пәндері (КП), циклдеріне шоғырландырылған оқу пәндері тізімі тұрғысынан міндетті компоненттерді белгілейтін негізгі оқу құжаты.

Типтік оқу жоспарында белгіленген әрбір оқу пәніне типтік оқу бағдарламасы дайындалады. Типтік оқу бағдарламасы – ол мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жасалып, типтік оқу жоспарындағы міндетті компонент пәндерінің мазмұнын, оқу көлемі мен тәртібін анықтайтын, меңгеруге қажетті негізгі білімдер, іскерліктер, дағдылармен құзыреттіліктер тобын, ұсынылған әдебиеттерді көрсететін және Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы өкілетті органымен бекітілетін оқу құжаты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет