Байланысты: Дәріс 6 Жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үдеріс Орығдаған -melimde.com (1)
Педагогикада білім берудің ғылыми мазмұнын анықтау теориялары. Педагогика ғылымындағы білім берудің ғылыми мазмұнын анықтау теориялары және оны жетілдіруге қойылатын ғылыми талаптар жүйесі: тәрбиенің негізгі мақсатына бағытталуы – жанжақты дамыған адамды тәрбиелеу адамды өмір сүруге дайындау; білім мазмұнын ғылыми негізде құру; ғылыми жүйенің логикалық құрылуы; пәнаралық байланысты сақтау; теория мен практиканың байланысы, өндіріспен ұштастыру; білім алушының жас ерекшелігімен сәйкестендіру. Оқыту – білім беру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған iс-әрекет.