Аталған заңнамалық құжаттардың барлығында дерлік қарастырылған өзекті мәселе мемлекет экономикасының орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін жетілдіру мен бәсекеге қабілетті білімді меңгерген, ой-өрісі дамыған жаңа білімді үйренуге қабілетті, шығармашыл, ғылыми зерттеулерге белсене қатысуға ынталы маман дайындау; мамандардың беделін арттыру; жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттер мен әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан зияткер ұлтты қалыптастыру.