«Шығармашыл мұғалім» атты аудандық портфолио байқауының ережесі жалпы ереже т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімі аудандық «Шығармашыл мұғалім»



Дата25.08.2017
өлшемі51,95 Kb.
#27124
Қосымша 1


«Шығармашыл мұғалім» атты аудандық портфолио байқауының
ЕРЕЖЕСІ


  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

1.1. Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімі аудандық «Шығармашыл мұғалім» атты портфолио байқауын (одан әрі Байқау) өткізеді.

1.2. Байқау бейнелеу өнері, сызу, технология, музыка пәнінен шығармашыл мұғалімдерді анықтау, тәжірибелік жұмыстарын насихаттау, мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға бағытталған.

1.3. Байқау шығармашыл мұғалімді анықтау және педагогтік құзыреттілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылады.

1.4. Ереже байқаудың мәртебесін, мақсаты мен міндеттерін, оны өткізу тәртібі мен мерзімін, байқауға қатысу шартын және қорытындысын шығару мен марапаттау рәсімдерін анықтайды.


  1. БАЙҚАУ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Байқаудың негізгі мақсаты: бейнелеу өнері, сызу, технология, музыка пәнінен шығармашыл мұғалімдерді анықтау, тәжірибелік жұмыстарын насихаттау, мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.

Байқаудың негізгі міндеттері:

- Мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру;

- Пәннің мәртебесін көтеру;

- Шығармашыл мұғалімдерді анықтау;

- Тәжірибелік жұмыстарын насихаттау.



  1. БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ҰСТАНЫМДАРЫ

- объективтік;

- ғылымилық;

- ашықтық.


  1. БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУДІҢ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМІ

4.1. Байқаудың өткізілуі:

- аудандық (сырттай) кезеңі – 8-9 желтоқсан күндері;

- облыстық (сырттай) кезеңі – желтоқсан айында.

4.2. Байқауға ұсынылған материалдар байқаудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес мұғалімдердің шығармашылық портфолио материалдары мен жұмыстарының шынайы нәтижелерін көрсету керек.

4.3. Байқауға білім мекемелерінің мектепішілік байқауда жүлделі I орын алған бейнелеу өнері немесе сызу пәнінен бір мұғалім, технология пәнінен қыздар тобынан бір мұғалім, ұлдар тобынан бір мұғалім және музыка пәнінен бір мұғалім қатысады. Сұраныс үлгісі: байқауға қатысатын үміткердің толық аты-жөні, туған жылы, ауылы, мектебі, еңбек өтілі, санаты.

4.4. Байқаудың аудандық кезеңіне қатысуға сұраныс және мұғалімдердің «Шығармашылық портфолио» материалдары (электронды, қағаз түрінде), «Шеберлік сынып» материалдары (бейне таспасы 20 минут) CDR дискіде 2014 жылдың 08 желтоқсанға дейін аудандық оқу-әдістемелік кабинетіне өткізілуі тиіс. Жеңімпаз мұғалімнің материалдары, жұмыстары (өткізілген жұмыстары) қайтарылмайды.

4.5. Байқаудың ұйымдастырушы комитетінің мекен-жайы: Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі 73, «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімі» Байланыс тел. 2-14-08 , 2-14-05, электронды пошта http://abbkulan.kz/
Байқау қатысушыларының шығармашылық материалдары мен жұмыстарының сапасы 5 балдық жүйемен бағаланады.

I кезең (сырттай). Мұғалім портфолиосы.

1 блок – қатысушы жөнінде жалпы мағұлматтар


  • толық аты-жөні;

  • туған күні;

  • білімі;

  • жұмыс орны: ұйым, ауыл, аудан (қала) атауы;

  • ғылыми атағы, ғылыми деңгейі (дәлелдейтін құжаттар көшірмелері);

  • жалпы еңбек өтілі, педагогикалық өтілі;

  • соңғы 3-5 жылда біліктілікті арттыру курстарынан өтуін дәлелдейтін сертификаттардың (куәліктердің) үлгілері;

  • көлемі 3х4 фотосуреті;

  • мекен-жайы, байланыс телефоны, электронды мекен-жайы (@ mail.ru)

2 блок – әдістемелік қор

  • Пәндері бойынша әдістемелік жұмыстар (ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, шеберлік мектебі т.б.);

  • Авторлық бағдарламалар;

  • Бұқаралық ақпараттар құралдарында жарияланған материалдары;

  • Инновациялық әдістерді қолдану барысындағы сабақ жоспарларының үлгілері;

  • Ғылыми, әдістемелік кеңесте қарастырылып, бекітілген баспа тізімдері (оқу-әдістемелік құрал, әдістемелік нұсқау, жинақтар, нұсқаулықтар және т.б.);

  • Мұғалім жетістіктері (халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық іс-шараларға қатысу (соңғы үш жылда));

  • Аудандық, облыстық және республикалық деңгейлерде мұғалім жұмысының тәжірибесін жинақтау;

Мұғалімнің жеке жетістіктерін бағалау критерийлері:

  • мұғалімнің өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі жетелеуге бағытталуы;

  • іріктелген материалдардың мазмұндылығы мен маңыздылығы;

  • берілген материалдардың бүтіндігі, тақырыптық аяқталуы;

  • материалдардың құрылымын құра білуі, барлық жазбаша түсініктемелердің логикалығы мен қарапайымдылығы, берілген материалдардың жүйелілігі.


II кезең (сырттай). Шеберлік - сынып.

  1. Шығармашылық-тәжірибелік жұмысы

Қатысушылар өздерінің пәндік білім берудің заманауи тенденцияларын

айқындайтын шығармашылық жұмыстарын қорғайды.

- жалпы шығармашылық тақырыбы, мақсаты, міндеттері, педагогикалық тәжірибесі;

- сабақ барысында ұстанатын, қолданатын педагогикалық технологиялар, жұмыс барысы, нәтижесі;

- сыныптан тыс іс-шаралар жұмысы, барысы, нәтижесі;

- үйірме жұмыстары, және қолданбалы курстар, барысы, нәтижесі.



Мұғалімнің шығармашылық жұмысын бағалау критерийлері:

  • ойын нақты және түсінікті жеткізуі;

  • ой өрісінің кеңдігі;

  • жұмыс мазмнының тереңдігі және ерекшелігі;

  • ғылымилығы және әдістемелік құндылығы;

  • педагогтің кәсіби шеберлігі;

  • презентациялық материалдарының үйлесімдігі;

  • білім беру үдерісіндегі инновациялық технология элементтерінің қолдану деңгейі.



5. БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ӨТКІЗУ

5.1. Байқаудың жалпы басшылығын ұйымдастыру комитеті жүргізеді. Ұйымдастыру комитеті осы Ережеге сәйкес жұмыс істейді.

5.2. Ұйымдастыру комитеті:

- үміткерлердің құжаттарын, байқау материалдарын қабылдайды;



- байқаудың бағалау парақтарын құрады, қазылар алқасының мүшелерін бекітеді, байқаудың Ережеге сәйкес өтілуін қадағалайды, марапаттау рәсімдерін ұйымдастырады.


  1. МАРАПАТТАУ ЖӘНЕ БАЙҚАУДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

Аудандық «Шығармашыл мұғалім» портфолио байқауының жеңімпаздары жүлделі I, II, III орындармен және «Шығармашыл тұлға», «Жаңашыл педагог», «Шебер педагог» номинацияларымен марапатталады. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі І орын иеленген жеңімпаз пән мұғалімдері облыстық байқауға қатысуға жолдама алады.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет