Аудандық «Жылдың үздік мұғалімі -2012» байқауының ережесі



Дата04.08.2017
өлшемі104,92 Kb.
#22984
Аудандық «Жылдың үздік мұғалімі -2012» байқауының

ЕРЕЖЕСІ

Аудандық «Жыл мұғалімі - 2012» байқауын аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі аудан Әкімінің қолдауымен ұйымдастырып, өткізіледі.


1. Байқаудың мақсаты

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауы аясында шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, ой өрісі биік, парасатты өзіндік авторлық жаңашыл идеясы бар, ғылыми-әдістемелік шеберлігі зор, педагогикалық мәдениеті жоғары, жан-жақты дамыған, мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау.



2. Байқаудың міндеттері

  • Педагогтардың әлеуметтік, кәсіби беделді тұлғасын қалыптастыру, мадақтау және қолдау көрсету;

  • Білім беру жүйесі педагогтарының шығармашылық әлеуетін ашу;

  • Мұғалім кәсібінің мәртебесін көтеру;

  • Мұғалімдерді өз кәсіби құзырлылықтарын жетілдіруге ынталандыру;

  • Озық педагогикалық іс-тәжірибелерді насихаттау және тарату.


3. Байқауды өткізуді ұйымдастыру

Байқауды өткізудің мынандай кезеңдері белгіленеді:



  1. Мектепішілік кезеңі

Аудандық кезеңі. Өтілетін мерзімі - 27-28.04.2012 жыл. Орны – Бақанас орта мектебі.

2)Бұл кезеңде мұғалімнің шығармашылық зертханасы (семинарлар, ғылыми баспасөз т.б. арқылы дидактикалық материалдар мен оны жүйелеуі, кабинетті безендіруі, тәжірибе жинақтаудың түрлері), ашық сабақтар, педагогикалық қызметінің нәтижелері (оқыту сапасы мен оқушылардың жетістіктері) бағаланады.



Аудандық байқау екі кезеңнен турады:

1-кезең (аудандық) «Менің кәсіби таңдауым».(сырттай)

2-кезең (аудандық) «Мұғалімнің әдістемелік жүйесі - білім сапасын қамтамасыз етудің шарты».

Аудандық кезең аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бекіткен ережеге сәйкес өтеді.



  • Байқауға қатысуға әр мектептен бір ғана жеңімпаз жіберіледі.

  • Байқауға аудандық білім бөлімі мен білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымдары, демеушілер және басқа да қоғамдық ұйымдар құрылтайшы бола алады.

  • Байқауға қатысушының іссапар шығынын әр мектеп өзі көтереді.


4. Байқауға қатысу тәртібі

Байқау 2 күн көлемінде өткізіледі.

І – кезең (сырттай)

Үміткер аудандық байқаудың ұйымдастыру комитетіне құжаттарын қағаз бетінде және электрондық түрде тапсырады:



  1. Аудандық білім бөлімінің ұсынысы: қатысушыға соңғы 2 жылдағы қоғамдық-әлеуметтік іс-әрекетін көрсететін құжаттары туралы ақпарат (1-2 баспа бет, аудандық білім бөлімінің бланкісіне).

  2. Өмірбаяндық деректеме.

  3. Эссе – шығарма: «Қазақстанның ұлтжанды азаматын тәрбиелеу туралы ой», «Білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру», «Мұғалімнің кәсіби құзырлылығы - білім негізі», «ХХІ ғасыр мұғалімінің үлгісі», «Білім сапасы: проблема, ізденіс, шешімдер» тақырыптарының біреуіне жазылады.

  4. Түсті фотосурет (портрет 10 х12), сабақ пен сабақтан тыс іс-шаралар кезеңін бейнелейтін түрлі-түсті суреті (А4 формат).

  5. Авторлық оқу (тәрбие) бағдарламасы.

  6. Мұғалімнің жетістіктерін айқындайтын портфолиосы (қосымша 1).




  • ІІ кезең. І. Педагогикалық тәжірибесіне жарнама жасау, өзін-өзі таныстыру

  • (сахналық көрініс)

  1. 5 минуттық көрініс

  2. 5 ұпайлық жүйемен бағаланады

  3. Бағалау анықтаушылары:

  • мазмұндылығы, ойдың өзіндік ерекшелігі;

  • жалпы мәдениеті, эрудициясы;

  • шығармашылық шеберлігі, көркемдік дарындылығы;

  • көрермендердің көңілінен шығуы;

  • белгіленген уақытты сақтай білуі.


ІІ. Сабақ өткізу (20 минут)

Белгіленген мектепте, сыныпта байқауға қатысушы мұғалімдер оқу бағдарламасына сәйкес ашық сабақ береді.



Сабақты бағалау критерийлері: (5 ұпай)

  1. Сабақ мақсатының дәлдігі, маңыздылығы, түсініктілігі

  2. Педагогтың кәсіби құзырлылығын қалыптастыру деңгейі

  3. Жаңашылдықпен ойлай білуі мен икемділігі

  4. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалана білуі

  5. Педагогтің ғылыми-әдістемелік шеберлік деңгейі

  6. Оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік шығармашылығының даму деңгейі

  7. Оқу материалдарының ғылымилығы, қажетімділігі

  8. Сабақ үстіндегі барлық оқушылармен кері байланыс деңгейі

  9. Мұғалімнің шешендік қабілеті

  10. Сабақтың нәтижелілігі


ІІІ. Педагогика-психологиялық тест (20 минут)
ІУ. Мастер –класс. Оқу-тәрбие үрдісінде шығармашылық ізденісі, білім технологияларының негізінде қол жеткізген нәтиже көрсеткіштері, жаңашылдығы – 5 минут

Конкурс мәресінің тапсырмалары:

Импровизаторлық сыныптан тыс сабақ (10 минут)

Ұйымдастыру комитеті ұсынған сыныпта және тақырып бойынша байқауға қатысушы импровизаторлық режимде сабақ өткізеді.



Сабақты бағалау критерийлері: (5 ұпай)

  1. Сабақтың мақсатының ашылуы және маңыздылығы, нақтылығы.

  2. Мұғалімнің кәсіби құзырлылығы мен шығармашылық шеберлігі.

  3. Инновациялық ойлауы мен икемділігі.

  4. Ақпараттық- коммуникативтік технологияны тиімді қолдану шеберлігі.

  5. Мұғалімнің ғылыми-әдістемелік шеберлік деңгейі

  6. Педагогтің танымдық белсенділігі, оқушылардың шығармашылық даму деңгейі.

  7. Оқытылған материалдың қол жетімділігі және ғылымилығы.

  8. Оқушылармен сабақ барысындағы кері байланыс

  9. Мұғалімнің шешендік шеберлігі.

  10. Сабақтың тиімділігі.

Өзекті мәселе бойынша ой қозғау (10 минут)

«Оқушылармен сұхбат»

Оқушылар үшін өзекті болып табылатын тақырып төңірегінде пікірталас жүргізу. Байқаудың қазылар алқасы пікірталаста қарастырылатын сұрақтарды оқушылардың жас және сандық құрамына сай анықтайды. Байқау басталар алдында жеребе арқылы нақты пікірталаста талқыланатын сұрақтар беріледі.



Бағалау критерийлері (5 ұпай):

1.Пікірталастың тәрбиелік құндылығы мен тереңдігі.

2.Бір-бірін құрметтеу және төзімділік жағдаятын құра білуі.

3.Оқушылардың өзіндік іс әрекетін ұйымдастыра білуі.

4.Оқушылардың көзқарасын түсінеалуы , тыңдай білуі және өзін тыңдата

алуы, педагогикалық тұрғыдан мақсатты түрде зерделей білуі.

5.Әрбір оқушыны пікірталасқа араластыра білуі.


  • Білім беру саясаткерлерінің баспасөз-конференциясы. Тақырыбы: «Жаңа мектепке – жаңашыл мұғалім» (баспасөз-конференциясының өткізілу уақыты - 45 минут).

5. Қазылар алқасы

  1. Әр кезеңдік іс-шараларды талқылауға қазылар алқасы құрылады. Оның құрамын, жұмыс тәртібін, төрелік жүйесін құрылтайшылар бекітеді.

  2. Қазылар алқасы байқауға қатысушыларға берілген тапсырмаларды, бағалаудың өлшемдерін әзірлейді.

  3. Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың ашық сабақтарына, тәрбиелік шараларына қатысады, сонымен қатар, олардың кәсіби шеберлігін, шығармашылық қабілеттерін ашатын байқаудың тапсырмаларын құрастырады.

  4. Қазылар алқасы байқаудың жүлдегерлерін анықтайды және оларды марапаттайды.

Байқау номинациялары:

1.«Жаңашыл мұғалім»

2- «Ардақты ұстаз»

3.«Ұстаз – әдіскер»

4.«Зерттеуші мұғалім»

5.«Шебер мұғалім»

6. Байқау жеңімпаздарын марапаттау

  1. Байқау сынақтарының нәтижесі бойынша қазылар алқасы І, ІІ, ІІІ орындар және басқа номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтайды.

  2. Облыстық конкурста І орын үшін берілетін сыйлықты аудан әкімі тағайындайды және тамыз кеңесінде беріледі. ІІ, ІІІ орындар үшін берілетін сыйлықты аудандық білім бөлімі белгілейді. Қатысушылардың барлығы грамоталармен марапатталады.

  3. Байқау жеңімпаздарының іс-тәжірибелерін аудандық әдістемелі кабинет жинақтап, жинақ шығарып, практикаға ендіру жұмыстарын жүргізеді.

  4. Байқау құрылтайшылары, қоғамдық ұйымдар және жеке демеушілер жеңімпаздар үшін өз сыйлықтарын белгілей алады.


6. Аудандық ұйымдастыру комитетіне құжаттарды ұсыну тәртібі

6.1.Байқауға қатысу үшін аудандық ұйымдастыру комитетіне төмендегі құжаттар ұсынылады (өткізетін уақыты: 2012ж. 21-сәуірге дейін, уақытында берілмеген құжаттар қаралмайды)

-білім мекемесі басшысының қолы қойылған кәсіби және жеке тұлғалық қасиеттері туралы жазылған мінездеме, түйіндеме, байқауға жіберуге сұраныс (міндетті түрде)

-авторлық бағдарлама (ережеге сәйкес) 21-сәуірге дейін тапсырылады, (сырттай талданады).

-Мұғалім портфолиосы. (21-сәуірге дейін тапсырылады, сырттай талданады.)

Құжаттар сапалы түрде, мұқият жинақталып, бір папкаға салынып тапсырылуы тиіс. Қосымша сұраныс электрондық және қағаз түрінде тапсырылуы қажет.

Құжаттар бір топқа салынып рет-ретімен жинақталған және өтініште көрсетілгендей компакт – дискінің электронды көшірмесі қоса салынады.

Айтылған талаптарға сай емес жұмыстар қаралмайды. Байқауға берілген жұмыстар қайтарылмайды.



7.Байқау жеңімпаздарын марапаттау.Байқау сынақтары нәтижесінде қазылар алқасы бас жүлде, І,ІІ,ІІІ орын алған жеңімпаздарды анықтайды

Ескерту:Байқаудың шарттары бойынша орындалатын тапсырмалардың бәрі қағаз және электронды нұсқада болуы керек. Төмендегі адреске жіберуге болады: aidarbeks7@mail.ru, Balhashroo.ucoz.ru , balhashroo2011@mail.ru

Қатысушының төс белгісі (бейджик) міндетті түрде болуы тиіс.

Мәреге 1-ші кезең тапсырмалары бойынша ең жоғары ұпай жинаған 9 сайыскер жіберіледі. Олардың арасында қайта жеребе тасталынады. Олардың бірінші кезең бойынша жинақталған ұпайлары мүлдем жойылады.


Ұйымдастыру комитеті

Қосымша 1

Мұғалім портфолиосының құрылымы

ПОЗИЦИЯЛАР

БӨЛІМДЕРІ

Блок 1

Мұғалім туралы жалпы мағлұмат



Аты-жөні:

Туған жылы:

Білімі:

Жалпы еңбек және педагогикалық өтілі:



Осы мекемедегі еңбек өтілі:

Телефон, E-mail



Блок 2

Марапатталуы



Дипломдары, грамоталары, алғыс хаттары:

-Білім және ғылым министрлігінен

-Білім мекемелерінен

-Қоғамдық ұйымдардан

-Облыстық /қалалық/ білім басқармасынан

-Аудандық білім бөлімінен.



Блок 3

Мұғалімнің жетістіктерін айғақтайтын құжаттар



Мерзімді баспасөздердегі мақалалары мен баспа материалдары (авторлық, қосымша авторлық), олардың баспа табағы.

Республикалық / облыстық / қалалық / аудандық деңгейлердегі

Блок 4

Өз білімін көтеру (сертификаттар, куәліктер)



  • Конференцияларға, кәсіби байқауларға, семинарларға қатысуы;

  • Оқыту тренигтерден және біліктілікті арттыру курстарынан өтуі;

  • Басқа да білім жетілдіру шараларға қатысуы.

Республикалық / облыстық / қалалық / аудандық деңгейлердегі

Блок 5

Ғылыми-педагогикалық, әдістемелік жұмысының мазмұны



  • Әдістемелік проблемалық тақырыбы;

  • Нормативтік-құқықтық қоры;

  • Жылдық/айлық жұмыс жоспарлары;

  • Жылдық/жартыжылдық есептері;

  • Педагогикалық тәжірибесінің қорытындылауы;

  • Эксперименттік жұмысы: тақырыбы, нәтижелері;

  • Аймақтық, аудандық шараларға қатысуы;

  • Авторлық бағдарламалары;

  • Оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптары, өзектілігі, құндылығы, нәтижелілігі.

2- қосымша

«Жылдың үздік мұғалімі – 2012»

байқауын ұйымдастыру комитетіне

__________________________________________________________________

(мектептің толық атауы)

__________________________________________________________

(Байқауға қатысушының толық аты – жөні)

__________________________________________________________________

(байқауға қатысушының лауазымы мен жұмыс орнының атауы)

«Жылдың үздік мұғалімі – 2012» аудандық байқауына қатысуға ұсынады

Байқауға қатысушының мінездемесі:

туған күні (айы, күні, жылы);

білімі: қай оқу орнын бітірген, бітірген жылы, факультеті;

соңғы 2 жылдағы мұғалімнің іс - әрекетінің негізгі нәтижелері;

қоғамдық өмірге қатысуы жайлы қысқаша мәліметтер.

Басшы Қолы

________________________________ _____________________

(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)



М.О.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет