С. В. Галян бойынша мәтапәндік сабақтың әдістемелік ұстанымдары



Дата20.11.2023
өлшемі106,76 Kb.
#192475
түріСабақ
Байланысты:
Тажихан Фатима мета (копия)


Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Метапәндік сабақтың негізгі әдістемелік ұстанымдары
Жоспары:
    • Метапәндік сабақтың негізгі әдістемесі туралы жалпы түсінік
    • С.В.Галян бойынша мәтапәндік сабақтың әдістемелік ұстанымдары
    • Мәтапәндік сабақтың ұйымдастырылуы
    • Қорытынды

Бастауыш білім берудің жалпыға міндетті стандартында «Бүгінгі күні бастауыш білім берудің басты мақсаты: баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң мотивациясы мен іскерлігін: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамыту»
Мақсаты:
Міндеті:
Бастауыш білім берудің мазмұны оқыту нәтижелеріне бағдарланатындығы және заманауи қоғамның динамикалық сұраныстарына сәйкес болу, сын тұрғысынан, шығармашыл және позитивті ойлауды дамыту қажеттігі, оқу пәндері мазмұнының ықпалдасуын күшейте түсудің орындылығы, оқытудың, тәрбие мен дамытудың біртұтастығын қамтамасыз ету аспектілерін ескере отырып айқындалап көрсетілуі.
Метапәндік сабақтың негізгі әдістемелік ұстанымдары болашақ педагогтерді бастауыш сынып білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытуға даярлаудың негізгі бағыттарын, мазмұнын, педагогикалық шарттарын айқындау.
Метапәндік сабақтың негізгі әдістемесі туралы жалпы түсінік
Болашақ педагогтерді бастауыш сынып білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытуға даярлаудың әдіснамалық және теориялық негіздерін айқындай отырып, оның оқыту бағдарламасын, оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытудың оқу материалын іріктеу, сұрыптау.
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытудың оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар тізімін жасау.
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытудың ерекшеліктерін, айырымбелгілерін, ұстанымдарын анықтап белгілеу.
    • С.В.Галян бойынша мәтапәндік сабақтың әдістемелік ұстанымдары

Ресей ғалымы С.В.Галянның пікірінше, метапәндік оқыту оқу пәнініңмаңызды ұғымдарын «жаттап алуды емес», «ойлауды» көздейді.Оқушылардың оқу әрекетінің болуын, пәндік базалық қабілеттердіңқалыптасуын, оқу үдерісінде ғылыми жаңалықты қайталауды жәнерефлексиялық әрекеттің бар болуын білдіреді .Осы тұста С.В. Галянның білімді «жаттанды» етіп емес, жан-жақтыдамыту үшін меңгерту идеясының құныдылығы айқын байқалады.Ресейдің федералды мемлекеттік білім беру стандартында метапәнділіктеориялық ойлаудың әмбебап оқу әрекеті және білім алушылардың әлемдітұтас бейнеде көруді қалыптастыру құралы ретінде қарастырылады .Атап кететін мәселе, метапәндік тұрғыдан оқытудың жаңа әдіснамалықбағыты ретінде қойылған метапәндік оқытуды Ресей білім беру жүйесімемлекеттік білім стандартына енгізіп, оны ғылыми және практикалықтұрғыдан негіздеу үдерісі қарқынды түрде жалғасуда.
  • Мәтапәндік сабақтың ұйымдастырылуы

Танымдық
Сабақта ұйымдастыруға болатын тапсырмалар
 Оқулықпен жұмыс;
 Мәселелік есептер;
 Мәтін түрінде берілген есептерді шығару;
 Көп ақпарат ішінен қажеттіні бөліп алу;
 Ақпараттың жетіспеуі (қандай ақпараттың жоқтығын анықтау, онытабу
 Ақпаратты өңдеу кезінде сызбалау құралдарын пайдалану; Модельдеуді жүзеге асыру
; Сызбаны, диаграмманы құрастыру
; Гипотезаны ұсыну
; Қандай да пікірді дәлелдеуге арналған тапсырма;
 Белгілер арқылы қандай да бір пікірді оқу немесе қандай да бір пікірдібелгілер арқылы жазу;
Мағыналық оқу
Эмпирикалық зерттеуді жүргізу
  • Теориялық зерттеуді жүргізу
  • Салыстыру, бағалау

Қорытындылай келе, өркениетті елдермен деңгейлес дамуымызға мүмкіндік беретін жаңа білім беру жүйесін қалыптастыру болып табылады. Осыған орай, бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесінде оқыту үдерісін тың жаңалықтарға негізделген жаңа оқыту мазмұнымен қамтамасыз ету міндеті тұр. Сондықтан да терең білімді, өзгермелі жағдайға тез бейімделгіш, саналы әрекет ете алатын, бәсекелестік жағдайда өресі биік, азаматтық-тұлғалық бет  бейнесі қалыптасқан, рухани жан дүниесі бай, кең ауқымды дағдылары қалыптасқан, шығармашылық ойлай алатын, әлемді біртұтас бейнеде көре  алатын, метапәндік нәтижелері қалыптасқан тұлғатәрбиелеу білім беру жүйесінің басты мақсаттарының ең саралысы.
Қорытынды
Назарларыңызға рақмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет