Бейнелілік адаптивтік иілмелілік – стимулдық формаларын өзгертіп, онда жаңа мүмкіндіктерді көру қабілеті.
Тест: спичкамен орындалатын жаттығулар, тапсырмалар. Онда бірнеше спичканың орнын өзгерту арқылы берілген формадағы конфигурация алынады.
4. Семантикалық спонтандық иілмелік – салыстырмалы шексіз жағдайда әртүрлі идеяларды жасау қабілеті. Тестілер:
1) әдеттегі заттардың (мысалы, кірпіш) барынша көп қолдануының мүмкіншіліктерін атау;
2) айтылған класқа қатысты тексерілуші барынша көп объектіні атау керек.
Гильфордтың тестілері қысқа (2-10 мин. есептеген) және үлкен топтарда да қолдануға болады.
Креативтілікті қабілет деп қарастырушылардың бірі – Е.П.Торренс. Ол оны білімдердегі кемшіліктерді, білмейтіндерін, жетіспейтін элементтерді дисгармонияны т.б. жақын қабылдайтын қабілеті деп қарастырады.
Е.П.Торренстің тестерін 2 типке бөлуге болады: вербальдық және образдық.
Креативтілік тездік, иілмелі, сонылық көрсеткіштері бойынша бағаланады, сонымен бірге шығармашылық қасиеттің жалпыланған шкаласы да енгізіледі.
Вербальдық тестілерге мысал:
1. «Сұра және ойлап тап» тестісі 3 бөлімнен тұрады: а) сұрақтар; б) себептерді жорамалдау; в) салдарды жорамалдау. Жалпы стимул ретінде суда өзінің бейнесін қарап жатырған «Эльфаға ұқсас» сурет беріледі. (а) бөлімінде тексерілуіш барынша көп сұрақ қою керек, (б) бөлімінде осы оқиғаға барынша көп себепр табуға тиісті, (в) бөлімінде оның мүмкін болатын салдарларын атап шығу керек. Тестінің әрбір бөліміне 5 минут уақыт беріледі.
2. «Өнімді жетілдіру тестісі» Стимул ретінде үрмелі ойыншық пілдің суреті беріледі. Тексерілушіге балаларға ойнау қызықты болу үшін ойыншықтар өзгерту ұсынылады (10 мин).
3. «Әдеттегідей емес қолдану» тестісі. Стимул – қорытындыға арналған картон қорапшалары. Тексерілушіге оны қолданудың барынша көп тәсілін табу ұсынылады (10 мин).
4. «Әдеттегідей емес сұрақтар». Стимул бұрынғы. Тексерілуші осы қорапшаларға байланысты барынша көп сұрақ жазуға тиісті (5 мин).
5. «Тек қана болжап көр». Стимул ретінде өмірде жоқ оқиғаларды тексерілушіге ұсынады. Мысалы, «бұлтқа жерге дейін жететін жіп байланған». Тексерілуші осыдан не шығатынын айтып шығуы керек (5 мин).
Енді Торренстің 3 образдық тестісін көрсетелік. Оның әрбіреуін орындауға 10 мин кетеді. 1. «Сурет жасау». Тексерушіліктегі адам боялған қағаздан дөңгелек қиып алып, оны таза бетке желімдеп, оған әртүрлі сызықтарды қосып, қандай да бір сурет салады. Сосын оған әңгіме құрып, оған ат беру керек. 2. «Суреттерді толықтыру». Стимул ретінде 10 бөлікті дұрыс емес сызықтары бар сурет беріледі. Тексерілуші оны қосымша сызықтар арқылы толықтырып, оған қызықты аттар беру керек. 3. «Сызықтар». Стимул – 30 қос вертикаль параллель сызықтар. Тексерілуші сызықтар қосу арқылы соны объектілер алу керек.Торренс зерттеулерін қорытындылай келе, төмендегідей қорытындыға келеді: интеллект деңгейі мен креативтілік арасындағы байланыс біржақты. Ол интеллектуал табалдырық моделін ұсынады. JQ<120-қа дейінгі деңгейде креативтілік пен интеллект бірлік факторды құрады, бұдан жоғары табалдырықта креативтілік пен интеллект тәуелсіз ретінде көрінеді. Басқаша айтқанда JQ қандай да бір деңгейінде креативтің көрінуі шектеледі, «табалдырықтан» жоғары деңгейде креативтілік «бастандыққа шығады». «Интеллект табалдырық» моделінің көмегімен ситуациялық ойындар, шығармашылық тапсырмалар арқылы креативтіліктің нәтижесін түсіндіруге болады.
Сонымен, балалардың шығармашылық бастамасының белгілері бойынша барлық балаларға тән ақыл-ой ерекшелігінің мейлінше, ерте көрінуінің байқалуы ерте жаста ақыл-ой жоғарылылығымен өзгешеленуінен көрінеді. Н.Лейтес еңбегінде шығармашылық жетістікке жету шарты индивидтің интеллектісінің потенциалы болып табылады.
Сынаушылардың креативтілігі мына көрсеткішпен анықталды: өнімділік көрсеткіші, яғни оған іс әрекет өнімін креативті мінез құлықтың мотивациялық негізін бейнелейді.
Мотивациялық – жеке бастық компонент сынаушылардың мынадай жауаптарының негізінде бағалауға болады: мәселені ұғынып айту, тапсырманы орындауға немесе орындамауға деген тілектер және ересектердің баланы бағалануына байланысты эмоциялық тәуелділіктерін де ескеріп отырған жөн.
Сұрақтар:
1.Қабілет дегеніміз не, және оның түрлерін ата?
2.Гильфорд пен Торренстің шығармалық пен инттелектуалды қабілеттің зерттелуі жөніндегі зерттеу әдістемелеріне тоқтал.
Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер:
1.Байжұманова Б.И. Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық қабілетін дамыту // «Қазақстан мектебі» №2, 1999.
2.Базымова З. Ой белсенділігін дамыту // Бастауыш мектеп. №9-10, 1997.
3.Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. М., 1996.
4.Хайдарова С. Оқушының шығармашылығын дамыту // Бастауыш мектеп. №4, 1997.
Дәріс №8
Тақырыбы: Жалпы және арнайы қабілеттердің психодиагностикасы.
Қарастырылатын мәселелер.
1. Жалпы қабілеттер туралы түсінік және олардың дамуы.
2. Арнаулы қабілеттер туралы түсінік және олардың дамуы.
Әдебиеттер:
1.Бурлачук Л. Ф. Психодиагностика- СПб., 2003
2.Гуревич К. М. Что такое психологическая диагностика М., 1985
3.Немов Р.С. Психология. В т.3 - М., 2001
4.Общая психодиагностика. Под. Ред. Бодалева А.А., Столина В.В.- М.,-2003.
5.Шванцари Й. Диагностика психического развития. – Прага : медицинское издание Авиценнум ,1978.
6.Эльконин Д.Б.Психолого-педагогическая диагностика: проблемы и задачи, в кн. Психодиагностика и школа под ред. К.М.Гуревича. Таллин, 1990.
Қосымша:
7.Ингенкамп К. Педагогическая диагностика, пер. с. нем. М. 1991.
8.Овчарова Р.В. Практическая психология в начальной школе.М. 1996.
9.Никишина В.Б. Василенко Т.Д. Психодиагностика в системе социальной работы. М.2000.
10.Непомнящая Н.И. психодиагностика личности. М. 2001.
Лекция мәтіні:
1. Жалпы қабілеттер туралы түсінік және олардың дамуы.
Қабілеттіліктің өлшемі – белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Қабілет адамның іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің (музыкалық саңылау, түстерді жақсы ажырата алу, қолдың икемділігі т.б.) қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп айтады.
Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және әрекетке үйрену үстінде көрініп отырады.
Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады. Мәәселен, оқушыда техникалық қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін техникалық конструкциялардың құрылысын жақсы білуі, оны тәжірибе жүзінде пайдалана алуы қажет. Баланың білімі тереңдеп, икемділігі артып, дағдысы көбейе түссе, оның қабілеті де ойдағыдай дамып отырады.
Қабілет негізінен екіге бөлінеді. Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет деп аталады. Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық т.б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көріністік өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.
Іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті арнаулы қабілет деп атайды. Бұған суретшінің, музыканттың, актердің, спортшының, математик-ғалымның, ақын-жазушының қабілеттерін жатқызуға болады. Соңғы кездері кейбір зерттеушілер қабілеттің үшінші түрі деп практикалық іске қабілеттілікті айтып жүр. Бұған ұйымдастырғыштық, педагогтық, конструктивті-техникалық қабілеттерді жатқызады. Қабілеттердің осы түрлері іс-әрекеттің басты салаларына (ғылым, өнер, практика ) орайлас бөлінеді.
Адам қабілетінің дамуы қоғамдық прогреске, оның әлеуметтік сипатына ғылыми-техникалық прогреске байланысты болып отырады.
Жоғары деңгейде сақтау және даму туралы ойлайтын жалпы қабілеттерді екіге бөлуге болады.Екінші жалпы қабілеттердің тобына төмендегідей: ұғымды нақты анықтау және логикалық ойлау қабілеті, ойында тіке және керісінше қиын іс-әрекеттерді орындау, әлемді бейне түрде көру, ұғымдар құрылымында кескіндеу, ұғымдар мен әрекеттену және ойдағы бейнелер мен манипуляциялау, қолмен нақты координациялық іс-қимылдарды жасау қабілеті,әртүрлі адамдарға және өмірлік ситуацияларға бейімделу, өзара түсініктерге жету, адамдарға ықпал ету.
Екінші қабілеттер біріншілердің негізінде қалыптасады. Оларға зейін, бейнелеу, ойлау, сөйлеу жатады. Жоғары деңгейіне жетіп бірінші және екінші қабілеттіліктер адамның өмір бойы дамуы мүмкін. Солардың көмегімен адамдар іс-әрекеттерде үлкен жетістіктерге жетуі мүмкін. Жалпы қабілеттер жетістіктерге жетуімен қатар іс-әрекет үстінде өздеріде дамиды. Сондықтан жалпы қабілетті жетілдіру үшін әртүрлі іс-әрекеттерге қатысып үнемі оларды ауыстырып тұру керек. Ол теориялық және практикалық жұмыстардың міндетті түрде бірігуіне қатысты. Теория бейнелік және логикалық ойлауды жетілдіреді, ал практика бейнелі - әрекеттік және практикалық ойлауды жетілдіреді. Жалпы қабілеттердің толық дамуының міндетті шарты болып қиын есептердің үнемі шешуі және сол есептердің басқа қабілеттілігі күшті адамдардың шешуін жүйелі түрде байқау болып табылады.
Адамның әртүрлі әрекеттерге кірісуі жанжақты білім алуды, қиын қабілеттіліктерге кіретін көптеген қабілеттерді дамытады. Мысалы, қазіргі заманның машиналарын құрастыру үшін, яғни дамыған техникалық қабілеттерге ие болу үшін , қазіргі физика , математика , техника салаларында терең білімге ие болу керек , жақсы дамыған шығармашылық ойлау (жалпы қабілеттілік) болу керек , компюьтерде жұмыс істей білу керек, сызу сызып, оны оқып білу керек , машиналарды өз қолымен шашып жинауды білу керек т.б. Мысалы, қазіргі хирург немесе бизнесменнің жоғары дамыған қабілеттіліктерге ие болу үшін , жоғарыдағыдай көптеген нәрсені біліп , істей алатын болу керек.
Бұның бәріне адам практикалық жүзінде білу үшін сәйкес салалардағы кәсіпкерлерден үйрену керек. Бұл адамдар басқаларды үйрете білу керек , білімдерін, қабілеттерін басқаларға беру керек.
Жалпы қабілеттіліктерді дамыту үшін шешілетін есептердің қиындық деңгейінің маңызы көп. Бұл деңгей орташадан сәл жоғары болып, адамның интеллектуалдық мүмкіншіліктерді жоғалтпай да төмендетпеуі де керек.
Әрине, осы есептерді шешу кезінде адам жеңілістерден гөрі жетістіктері басым болғанын қалаймыз. Мүмкіншілігінше есептер комплексті болғаны дұрыс болар еді, өйткені олар адамнан қиын, ішкі (ойлы) және сыртқы (практикалық) іс-әрекеттерді талап етеді, қолмен жұмыс істеуді, бейнелермен операциялау және ұғымдар денгейінде логика ережелерімен іс-әрекет жасауды талап етеді. Бұл есептер зейін , жады , бейнелеу және сөйлеу қабілеттеріне салмақ салады.
Біріншілік, немесе элементарлық, жалпы қабілеттер басқалардан тыс арнайы жаттығулардың көмегімен дамиды. Көптеген осындай жаттығулар туралы психологиялық әдебиеттерде жазылған. Әсіресе соңғы 20-30 жылда шыққан әдебиеттерде , практикалық психологияға қызығушылық ол жоғары көтерілген еді. Психологиялық әдебиеттерде берілген нұсқаулар бойынша жоғарыда аталған жалпы қабілеттерді жетілдіруге болады. Зейін, бейнелеу, жады, ойлау, сөйлеудің дамуына қатысты бірнеше нұсқау берейік. Оларды өмірлік әртүрлі жағдайларда қолдануға болады.
Мысалы, зейінді дамыту үшін төмендегі нұсқауларды орындау керек.
1.Кез келген жағдайларда бір өзгешеліктерді байқап, өзіне сұрақ қоя білу керек: Бұл жағдайдың ерекшелігі неде? Бұрын болған жағдайлардан өзгешелігі қандай?
2.Егер бұл жағдай сізге таныс болып тұрса , онда болған өзгерістерді байқауға тырысыңыздар.
3.Оқып отырып мәтіннің көп бөлігін қамтуға тырысыңыз, тез оқып, мағынасын ұғып алуға тырысыңыз.
4.Егер мүмкіншілік болса , бірден бірнеше істі бітіру керек. Мұндай жұмыс зейінді жақсы дамытады, әсіресе бір жұмыстан екіншіге ауысады. Өмірлік ситуацияда адам системалық түрде зейінді бір объектіден екіншіге ауыстыру, бір бейнеден басқаға, бір сезу мүшеден басқаға ауыстырып тұру керек, (көруден естуге, иіс білуге,дәм білуге).
5.Бір кездері концентрацияның дамуына және зейінді орналастыруға бағытталған арнайы жаттығуларды орындап тұру керек. Мысалы , көп заты бар бөлмедегі заттардың барлығын бірдей көре біліңіз. Сол бөлмеде ие болып жатқандардың барлығын байқаңыз.
Бейнелеуді дамыту үшін төмендегі нұсқауларды қолданыңыз:
1.Барлық көрген, білген, ойлаған, сезген нәрселерді жадыңызда бейне түрде анықтаңыз.
2. Алған білімдерді, мәліметтерді, схема, чертеж белгілі бір символдар түрінде бейнелеу, мүмкіншілігінше фантазияға жүгінгеніңіз жөн.
3. Үлкен заттарды әртүрлі жобаларда кескіндеп, оларды жан – жағынан қалай көрінетінін ойша бейнелеу.
4. Қабілетіңіз жеткенінше әдеби, техникалық және шығармашылықтың басқа түрлерімен шұғылданыңыз.
5. Жоғары сапасына және жылдамдылыққа жетіп бейнелеу қабілеттілігін дамытуға бағытталған арнайы жаттығуларды орындау.
а) Бір таныс затты алыңыз,20-30 секунд қарап,есіңізде сақтаңыз. Осы затты ойша бөлменің басқа жағына қойыңыз да сол жаңа орынды ойша ойлап көріңіз.Егер бірден істей алмасаңыз, жаттығуды қайталаңыз, басқа екі- үш заттарды қолданыңыз.
б) Бір затқа қарап, оны есіңізде сақтаңыз, осы затты 90 градус бұрып,көзіңізге елестетіңіз. 120 градус және 80 градусқа затты ойша бұрып, көзіңізге елестетіңіз. Осы жаттығуды басқа 2 – 3 қиын заттармен орындаңыз.
в) Өзіңізді өз бейнеңіздің қасында тұр деп елестетіңіз.Өзіңіздің позаңызды, бет бейнеңізді, киіміңізді ойша өзгертіп, жаныңыздан бақылап көріңіз.
г) Өз бейнеңіздің қасында басқа бір таныс адамның бейнесін елестетіп көріңіз. В) жаттығуды осы адамға жасап көріңіз. Ойша сіз тек соны ғана емес , өзіңіздің де бейнеңізді елестету керексіз.
д) Екі бейненің сөйлесуін елестетіңіз. Сөйлеу барысында олардың дауысы , беті , денесі , қолының өзгеруін бақылап, бағалаңыз.
6. Сенсорлық бейнелеуге бағытталған арнайы жаттығуларды орындау керек.
а) Тамақтанып болғаннан кейін , жеген заттардың дәмін елестетіп көріңіз.
б) Бір тыныштықта алғашта естіген дыбыстарды елестетіп көріңіз.
в) Алдын сезген жағымды иістерді елестетіп көріңіз.
г) Қиын іс-қимылдарды ойша қайталап елестетіп көріңіз.
д) Денеге немесе қолға тиген әртүрлі заттардың тигізгеннен алатын әсерін елестетіп көріңіз.
7. Жадыны дамытуға қатысты бірнеше пайдалы нұсқаулар бар.
а) Әртүрлі информацияны (фактілерді, есімдерді, сандарды, телефон номерлерді , сөздерді) ауызша (жазбай) есте сақтауға тырысыңыз.
б) Сезу мүшелері көмегімен қабылданатын жаңа информацияны бірден есте сақтауға тырысыңыз.
в) Информацияны есте сақтау, қайта бейнелеу үшін әртүрлі мнемотехникалық құралдарды қолданыңыз. Бұл құралдар ой өңдеу әдістерінен тұрады.
г) Өзіңіздің практикаңызда басқалармен шығарылған мнемотехникалық құралдарды іздеп , қолданыңыз.
д) Жаңа материалды қабылдап есте сақтаған кезде оның маңызын түсінуге тырысыңыз, белгілі фактілермен ойлармен ассоциация жүргізіңіз.
е) Қайта есте сақталатын материалда эмоционалдық реакцияны туғызатын қызық бір нәрсені таба біліңіз. Жоғарыда аталған нұсқаулар жалпы жадыға қатысты , адамның өмірінде негізгі роль атқаратын жадының бөлек бір түрлеріне ешқандай қатысы жоқ. Осы түрлермен адамның негізгі білімі қабілеті байланысты. Жадының негізгі түрлерінің дамуын жылдамдататын және жетілдіретін арнайы жаттығуларының бірнешеуін ұсынамыз.
2. Арнайы қабілеттер.
Адам шұғылданатын қанша іс-әрекеттер болса, сонша арнайы қабілеттер бар. Бұл іс-әрекеттердің ішінде әсіресе қиын және кең таралғаны. Егер осыған сәйкес қабілеттер болса және олар үнемі дамып тұратын болса,осы жағдайда ғана адам осы іс-әрекеттермен шұғылданады. Бұл жерде біз ғылыми, техникалық, көркемсурет – шығармашылық, ұйымдастыру іс-әрекеттері туралы айтамыз.
Адамның әрбір іс-әрекетінің бірнеше түрлері бар, олар белгілі бір қабілеттіліктерді қажет етеді. Мысалы, ғылыми іс-әрекет математикамен ,физика , биология және т.б. пәндермен байланысты , қоғамдық пәндермен (тарих, философия, экономика, құқық және т.б.), гуманитарлық пәндермен (антропология, психология, педегогика және т.б.). Техника саласындағы шығармашылық іс-әрекет әртүрлі машиналарды шығаруға қатысты (ЭВМ, космос аппараттары, байланыс құралдары, транспорт және т.б.).
Көркемдік шығармашылықта түрлер одан да көп: әдебиет, театр, кино, телевидение т.б. Жоғарыда аталған іс-әрекеттердің барлығы адамда жоғары дамыған арнайы қабілеттіліктерді талап етеді.
Осы қабілеттіліктерді жақсы дамытуға арналған жалпы шарттарды қарастырайық.
Бірінші шарт.
Іс-әрекетке сәйкес жүйелі түрде өткізілетін дәрістерге адамда тұрақты қызығушылық үнемі болу керек. Егер бұл мотивация (себеп) болмаса, онда ешқандай қабілеттер дамымайды.
Қызығушылық – адамды белгілі бір іс-әрекетпен шұғылдануға итермелейтін, керекті арнайы қабілеттерді дамытатын негізгі шарт. Бос жерден ешқандай қызығушылық пайда болмайды, тек іс-әрекетке сәйкес өткізілетін дәрістердің барысында пайда болып, дамиды.
Екінші шарт.
Қабілеттілікті тек қатаң мінез, жігерлік пен қиындықты жеңу арқасында ғана дамытуға болады. Қиындықтардың ең негізгісі адамда алғашқы қабілеттердің жоқтығы болып есептелінеді.
Үшінші шарт.
Белгілі бір іс-әрекет түрінің дәрістеріне деген жалпы қабілеттердің болуы. Элементарлық жалпы қабілеттерге жақсы жады мен дамыған интеллект жатады.
Төртінші шарт.
Жұмыс істеу қабілеттілігі. Егер адам жұмыс істей білмесе жоғарыда аталған шарттар негізінде ешқандай қабілеттер жақсы дамымайды.
Бесінші шарт.
Адамда мақсат болу керек, іс-әрекетке сәйкес мотивация. Белгілі бір іс-әрекетте жоғары жетістіктерге жету оған сәйкес қабілеттердің дамуының негізгі факторы. Адам басқалардан алда болу, мақтау есіткен кезде, жетістіктер үшін мадақтау, жоғары нәтижелерге ие болған кезде, осы іс-әрекетте жетістіктерге жету тілегі, мақсаты орындалады.
Алтыншы шарт.
Қол жеткізген нәтижелерге қанағаттанбау. Осы сезім әрі қарай дамуға стимул береді.
Жетінші шарт.
Адамның жетістіктерінің жоғары деңгейі. Адам өзінің мүмкіншіліктеріне, қабілеттіліктеріне қарай белгілі бір жетістіктерді белгілеу керек. Неғұрлым денгейі жоғары болса, соғұрлым жетістіктерге деген құштарлығы күшті болып, керек қабілеттер тез дамиды.
Сегізінші шарт.
Өзіне және өзінің мүмкіншіліктеріне сену.
Тоғызыншы шарт.
Белгілі бір іс-әрекеттерге байланысты жүйелі түрде дәрістер өткізу.
Оныншы шарт.
Қойылған есептердің шешіміне шығармашылықпен қарау. Шығармашылық есептер, жоғары деңгейлі қиындықтар адамда, жай тапсырмалардан гөрі, қызығушылық туғызады. Шығармашылық процесте адам өзіне жаңа мүмкіншіліктермен қабілеттерді ашады. Нәтижеде өзін-өзі бағалау жоғарылайды, әлеуметтік қажеттіліктер жоғары дәрежеде қанағаттандырылады.
Жоғарыда аталған шарттардың негізінде адамның ең маңызды арнайы қабілеттіліктердің оптимальді даму жолдарын қарастырайық: математикалық, лингвистикалық, техникалық, педагогикалық және ұйымдастырушылық.
Матеметикалық қабілеттер – қазіргі математика әртүрлі саланың білімдерінен тұратын кең ұғым, сонымен қатар оларды практикада қолдана білу. Жалпы және арнайы математикалық қабілеттердің құрамына кіретін жекешеленген қабілеттердің ішінде математикалық ұғымды анықтау мен ойды нақты математикалық түрде тұжырымдауды айтуға болады; гипотезаларды құрып, логикалық ретімен оларды дәлелдеу; математикалық ұғымдармен тұжырымдамалардың арасындағы байланысты көре білу; бір математикалық есептің бірнеше шешуін таба білу; сандық қатынастарды анықтап , математикалық түрде сипаттау. Бұл салада жоғары деңгейге жету үшін ерекше қабілеттер барлық адамдарда бірдей табыла бермейді.
Лингвистикалық қабілеттер – тілді білу мен сөйлеудің дамуында көрінеді. Сөйлеуде ауызша және жазбаша түрде, монологиялық және диалогтық түрде анықталатын қабілеттерді қарастыруға болады. Тіл біліміне келетін болсақ, лексика, грамматика, марфология, стилистикаға қатысты информацияны меңгеруді айтамыз.
Ауызша сөйлеу дегеніміз тыңдау, сөйлеу, қарым–қатынас қабілеттерін қажет етеді. Жазбаша түрі стилистикалық дұрыс, көркемді, нақты, рациональды және эмоциональды түрде өзінің ойын жазбаша түрде көрсете алатындықты қажет етеді.
Монологтық сөйлеу ішінен ойлау мен ойды практикалық түрде көрсете білуіне, ал диалогтық- өз ойы мен сезімдерді басқаларға жеткізумен байланысты, бұған ақпарат алмасу қабілеттері де кіреді.
Лингвистикалық қабілеттерді дамыту үшін көп оқып, басқалармен араласып, ауызша және жазбаша мәтіндерді құрастырып, публиканың алдында сөз сөйлеу керек. Егер басқаларды түсініп, олардың өзіңе деген реакцияларын бағалай білсеңіз, тек сол кезде ғана сіз, өз ойларыңызды нақты және қысқа жеткізіп, ауызша сөйлеуді жақсы меңгересіз, егер басқаларды түсініп, өзінің сөздеріне басқалардың реакцияларын бағалап, өз ойларыңызды нақты және қысқа айта білесіз. Сонымен қатар коммуникацияның паралингвистикалық компоненттерін пайдалана білу керек – мимика , пантомимика , қолмен қимылдату (жест)
Техникалық қабілеттердің дамуы көптеген жағдайларға тәуелді: физика заңдарын білуден, әртүрлі материалдарды өңдеу әдістерін және қасиеттерін білуден, әртүрлі приборлар, құралдар, машиналармен қолдана білу, сызу сызып оны оқып білу, техникалық құжаттарды оқып білу және т.б. Бұл қабілеттердің барлығы жас кезінен баланың әртүрлі құралдармен пайдалана білуден басталады: қайшы, пышақ, балға, сызғыш, отвертка және т.б.
Техникалық қабілеттерді дамыту үшін әртүрлі приборлар мен машиналардың істеу принципін, ішкі құрылысын шашып, қайта жинауды білу керек.
Педегогикалық қабілеттер педагогикалық теория мен практиканы білуден, педагогикалық психологияда, әртүрлі жастағы адамдарды дұрыс оқытып тәрбиелеуде көрінеді. Адамда педагогикалық қабілеттер ойындарда дамиды, мысалы бала мұғалім болып ойнайды, мектепте өзінің құрдастары мен мұғалімдермен араласқанда, жанұяда – кіші інілерімен қарындастарымен қарым-қатынасында көріне бастайды.
Ұйымдастыру қабілеті адамның басқалармен бірге әртүрлі есептерді табысты шешу үшін ұйымдастыра білуде көрінеді. Ең алғашқы қабілетті болып, лидер болудағы мақсаты, басқаларды меңгеру, психологиялық ықпал ету болып табылады. Екіншіден, сол адамның практикалық ойлауы шешуші болады. Әрбір қиын жағдайдан тез арада оптимальдық шешім таба білгендігі болады.
Дәріс №9
Тақырыбы:Тұлғалық сапалар психодиагностикасы
Жоспар:
1. Жеке тұлғалық сауалнамалар
2. Сауалнамалардың түрлері.
3. Жеке тұлғалық сауалнамалардың өзіндік ерекшеліктері
4. Сауалнамалардың сұрақ формалары мен нəтижелерді өңдеу.
Жеке тұлғалық сауалнамалар субъективті диагностикалық ыңғайдың классикалық үлгісі болып табылады. Сауал – жеке тұлға туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін сенімді тəсіл. Соңғы 10 жылдықта сауалнамалар əлем бойынша диагностикалық зерттеуде үлкен таралымға ие. Ресей психологиясы тарихында жеке тұлғалық сауалнаманың қалыптасуы əртүрлі кезеңнен өтеді. 1950 жылдары олар ғылыми қоғам жүйесінде тұлғалық зерттеу үшін маңызсыз болды. 1960 жылдар соңында басқа да психодиагностикалық əдістемелер секілді Б.В. Зейгарниктің айтуы бойынша сауалнама академиясы кезеңі басталды. 1970 жылдардың басына таман сауалнамалар əлем бойынша үлкен танымалға ие болды. Жеке тұлғалық сауалнамалар белгілі бір сұрақтар жүйесінен құралады. Осы сұрақтарға зерттелуші берілген нұсқаулар бойынша жауап беруі тиіс. Кейбір сауалнамалар 20 тапсырмадан тұрса, кейбіреулер бірн
еше жүзге дейін созылады. Сауалнама түрлері:
1.Типологиялық сауалнамалар
2.Мотивтер сауалнамасы
3.Қызығушылықтар сауалнамасы
4.Құндылықтар сауалнамасы
5.Бекітуші сауалнамалар
6.Факторлық сауалнамалар
7.Эмпирикалық сауалнамалар
8.Типологиялық сауалнамалар (Айзенк сауалнамасы)
9.Мотивтер сауалнамасы (А. Эдвардс сауалнамасы)
10.Қызығушылықтар сауалнамсы (Г.Кюдер сауалнамасы)
11.Құндылықтар сауалнамасы (Д.Супер сауалнамасы)
12.Бекітуші сауалнамалар (А.Терстоун сауалнамасы)
13.Факторлық сауалнамалар (Кеттелдің 16 факторлық сауалнамасы)
14.Эмпирикалық сауалнамалар (ММРІ сауалнамасы)
Əркім ең алғаш жеке тұлғалық сауалнамамен таныса отырып, оның ақпараты мен сауалнаманың нəтижесімен жауаптардың шындыққа сəйкес келетіндігі жайлы ойланады. Зерттелуші сұрақтарға əділ жауап бермеуі мүмкін. Соның кесірінен өзі жəне өзінің мінез құлқы туралы
қате көзқарас қалыптастыруы мүмкін. Егер зерттелуші шындықпен жауап бермейтін болса, сауалнаманы диагностикалық бағытта қолданудың маңызы болмайды.
Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес. Кез-келген адам дүниеге келісімен екінші адаммен қарым-қатыасқа түсуді қажетсінеді. Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағыдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді.Əлеуметтiк қатынастар субъектi əрi əлеуметтiк мəндi қасиеттердiң иегерi ретiнде
əрбiр адам - жеке адам болып сипатталады."Жеке адам" түсiнiгiмен қатар бiздiң олданымымызда "адам", "дара адам","даралық" терминдерi бiрге жүр. Бұл түсiнiктердiң əрқайсысы өз ерекшелiктерiмен ажыратылады, бiрақ бiр-бiрiмен тығыз байланысты. Осылардың iшiнде ең жалпыланған, көп қасиеттердiң бiрiгуiн - "адам" түсiнiгi қамтиды. Адам - өмiр дамуының ең жоғарғы деңгейiнiң көрiнiсi, қоғамдық еңбек барысының жемiсi əрi табиғат пен əлеуметтiк болмыс тұтастығын аңдататын тiршiлiк иесi. Алайда, адам əлеуметтiк-тектiк мəнге ие болғанмен, ол жалпы табиғат туындысы ретiнде - дара адамдық сипаты жағынан жанды мақұлық дүниесiнен бөлектенбейдi. Дара адам - "homo sapiens" тектiлердiң өкiлi, адамдық даму нышандарының иесi - нақты адам. Даралық - нақты адамның табиғи жəне əлеуметтiк қабылдаған қайталанбас ерекшелiктерi мен қасиеттерi. "Жеке адам" түсiнiгiне байланысты ең алдымен адам-ның қоғамдық мəндi сапалары еленедi. Адамның əлеуметтiк мəнi оның қоғаммен байланысында қалыптасады да көрiнiс бередi. Əрқандай қоғамға орай адамның қасиет, сапа өлшем-дерi əрқилы келедi. Қоғам социологиясы нақты қоғамның психологиялық типiн анықтап отырады. Жеке адам көп сатылы құрылымға ие. Осыдан жеке адам психологиялық құрылымының ең жоғарғы да жетекшi деңгейi қажеттiк - себеп аймағы- жеке адамның бағыт-бағдарынан, оның қоғамға, басқа тұлғаларға, өзiне қатынасынан жəне қоғамдық əрi еңбектiк мiндеттерiнен туындайды. Сонымен бiрге, жеке адам үшiн мəндi құбылыс тек оның ұстанған бағыттары ғана емес, оның өз қатынас мүмкiндiктерiн iске асыру қабiлетi де үлкен маңызға ие. Ал, бұл өз кезегiнде адамның iс-əрекеттiк икемдiлiгiне, оның қабiлетi, бiлiмi жəне ептiлiгiне, көңiл-күй, ерiктiк жəне ақыл-ой сапаларымен байланысып жатады. Адам өмiрге дайын қабiлет, мiнез жəне қызығула-рымен келмейдi, бұлардың бəрi белгiлi табиғи негiзде адамның өмiр барысында қалыптасады. Адам тəнiнiң негiзi, яғни генотипi оның анатомиялық-физологиялық ерекшелiктерiн, жүйке жүйесiнiң қозғалысын белгiлейдi. Биологиялық құрылым иесi-адам өткен əулеттердiң бiлiм, салт, заттай жəне рухани мəдениетi күйiнде топталған өмiр тəжiрибесiн игерумен ғана жеке адамдəрежесiне көтерiледi., Жеке адам дамуы - өз мүмкiндiктерiн үздiксiз кеңiтiп, қажеттiлiктерiн арттырыпьбарумен байланысты. Осы даму деңгейi нақты адамға тəн болған қарым-қатынастар аймағы-мен өлшенедi. Даму дəрежесi мардымсыз тұлғаның адам аралық қатынастары да өте жай, күнделiктi тiршiлiк күйбеңiнен аспайды. Ал даму деңгейi жоғары болған Адам өзiнiң рухи мəртебелiгiмен, қоғамдық мəндi құндылық-тарымен ерекшеленедi. Əрбiр дара адам өзiнiң қоғамдағы өмiрлiк əдептерiн реттеумен күнделiктi тiршiлiк роблемаларын шешiп бередi. Бiрдей қиыншылық, кедергiлердiң шешiмiн əр адам өз əдiс, тəсiлдерiмен табуы мүмкiн. Осыдан, жеке адамды танып, бiлу үшiн сол адамның алдында тұрған өмiрлiк мiндеттерiн, оларды iске асыру жолдары мен өмiр барысында ұстанған принциптерiн жете бiлу қажет. Қоғамдық қатынастарға араласып жəне оларды бас-шылыққа ала отырып, адам сол қатынастардың ықпалында қалып қоймайды. Əрқандай дара тұлға өз дербестiгi мен ерекшелiгiне ие. Жеке адамның дербестiгiоның ең жоғары психи-калық сапасы - рухани дүниесiмен ұштасады. Рухани дүние дегенiмiз адам мəнiнiң ең биiк көрiнiсi, оның жалпы адамзаттық инабат парызды түсiне бiлуi, болмыстағы өз орнына сай қызмет ете алуы. Жеке адамның рухани жетiлгендiгi - бұл жоғары дəрежедегi саналық жетiлу, iзгi мұраттарды басшылыққа алу, сонымен бiрге, жаман ниеттер мен мезеттiк шен-шекпеннен, жалған белсендiлiк пен өтiрiк-өсектен өзiн аулақ ұстай алуы. Ал адамның мұндай қасиет, сапаларды өз бойына дарытуы көбiне қоғамдық салтқа тəуелдi. Қоғамның даму дəрежесi неғұрлым төмен болса, ел iшiнде баршаны бiрдей теңестiру принципi өрiс алады да, ондай қоғам мүшелерiнiң көбi құлдық бағыну күйiнен арыла алмайды. Дербестiгiнен айырылып, өз бетiнше ой жүгiртпеген адам, өзiн тұлғалық дамыту ниетiнен ажырап қалады.
Жеке адам сапалары сол адамның араласқан қатынастар өрiсiне, əртүрлi əлеуметтiк өмiр аймағында қызмет ете алу қабiлетiне байланысты келедi. Шығармашыл тұлға тiкелей қоршаған əлеумет шеңберiнде қалып қоймай, өзiн ауқымды қоғам аймағы негiзiнде қалыптастыруға ұмтылыс жасайды. Мұндай адам бойында өзi жасаған қауымның, тiптi бүкiл қоғамның болашақ өркениетi көрiнiп, ол өз дəуiрiнiң сапалық деңгейiнен көш iлгерi жүредi.
Жеке адамның өз дербестiгiне ие болуы оның тұйық əлеуметтiк топқа бағынышты еместiгiн көрсетумен бiрге сол адамның жоғарғы деңгейде кемелденгенiнiң дəлелi.
Жеке адамның дамуы, яғни оның əлеуметтiк ұнамды қасиеттерiнiң қалыптасуы белгiлi қоғамдық қолдау мен əлеуметтiк қажетсiнудi керек етедi.
Дара адамның жеке адам санатына көтерiлуi үшiн маңызды факторлар:
идентификация,яғни дара адамның өзiн басқа адамдармен теңестiре, қоғам талабынасай болу ниетiмен қалыптасып бару процесi; персонализация- дара адамның өз басының басқа адамдар өмiрiнде қадiрi барын түсiне бiлуi, сонымен бiрге, нақты əлеуметтiк топта өзiнiң кiсiлiк мүмкiндiктерiн iске асыра алуы. Басқа əлеумет мүшелерiмен жеке адам өз "Менi" негiзiнде қатынас түзедi. Ғылымда"жеке адамдық рефлексия" деп аталған бұл "Мен" ұғымы өзi iшiнде əр адамның өз жөнiндегi танымын, өз мүмкiндiктерiн жəне өз қадiрiн сезе бiлу сияқты сапаларын қамтиды. Жеке адамның өзiне өзi берген бағысының астам не төмен болуынан сол адамның iшкi жан арпалыстары келiп шығады. Адам өмiрi нақты тарихи-əлеуметтiк аймақта жүрiп жатады. Дүниелiқ жағдаяттар өндiру ерекшелiгi, тұтыну аймағы, əлеуметтiк қатынастар адамның тұрмыс салтын анықтап, оның тұрақты қылық əрекеттерiн белгiлейдi. Əрқандай жеке адам өзiнiң өмiрлiк салтын, жеке қүндылық бағыттарына орай тiршiлiк жағдайларын өзгер-тудiң, қайта құрудың жалпыланған, тұрақты тəсiлдер жүйесiн түзiп барады. Осыдан адамның тұрмыс, тiршiлiк салты оның жалпы өмiр сүру, қоғамдағы өз орнын иелеудiң бағдарына айналады. Əлеуметтiк құнды салт-бағыттан адамның жоғары инабатты, жасампаздық өмiрi, рухани-этикалық, рухани-эстетикалық дүниетанымы туындайды. Адам өмiрi, осыдан, бiр мезеттiк ықпалдар билiгiнде қалып қоймай, iшкi заңды-лықты ниет-себептер жүйесiн арқау етедi, өзiнiң əлеуметтiк мəндi, мағыналы мұраттарын барластыра, саналы бағытта жасау мүмкiндiгiн алады.
Тұрмыс-салт бағыты тұрақтанбаған адам күнделiктi күйбеңнен аса алмайды, осыдан мүмкiндiктерiн толық жүзеге асыра алмай, өмiршеңдiгi кемидi, рухани-адамгершiлiк талаптары тарылады. Жеке адамдағы барша өмiрлiк күйзелiс - ауытқулар оның өзiндiк "Менiн" танымаудан, объективтi мəндi жеке басының құнды тараптарын сезiне алмаудан келiп шығады. Жеке адам болмысының ең айқын көрсеткiшi - оның өз психикалық жағдайын басқара алу жəне əрекет-қылықтарын қоғам қалыптастырған өлшемдерге икемдестiре бiлу дəрежесi. Жеке адам тұрақты қасиеттер жиынтығымен дара-ланады, тұлғаның барша ерекшелiктерi оның тума, нəсiлдiк жəне əлеуметтiк-мəдени сапаларының бiрлiгiнен қалыптасады.
Адамды əрекетке келтiрушi күш-қажетсiну. Болмысты бейнелеудiң жоғары формаларына ие адамды əрекетке келтiрушi нысандар - саналы түзiлген бейне не елес, ой не түсiнiк, идея немесе iзгi мұрат күйiнде өрнектелуi мүмкiн. Психологияда мотив түсiнiгiне келесiдей анықтама берiледi: мотив - бұл Адам санасында қаланып, оны белгiлi бiр қажеттiлiктi қанатағаттандыру үшiн əрекетке итермелеушi себеп күш. Ал кең мəнiнде мотив - шындыққа сай заңдылық ретiнде ықпал жасап, объектив қажеттiлiк түрiнде көрiнетiн болмыс. Ал мотивтiк əрекет қылық пен iс-əрекеттi психикалық реттеудiң ерекше түрi (Р. Г. Агеева). Қорыта айтқанда, адамның əрқандай қылық - əрекетi оның мотивтiк себеп күштерiне байланысты. Сонымен, адамның қалаған iс-əрекетiнiң негiзiнде оны осы iс-əрекетке ынталандырушы мотив жатыр. Бiрақ адамда туындаушы жəне оны iс-əрекетке ойыстырушы қандай да бiр мотив көзделген нақты əрекетпен шектелмейдi, оның нəтижесiне жетумен адам келесi əрекетке ұмтылады, iс-əрекет барысында мотив өзгеруi мүмкiн жəне керiсiнше, бiр тұрақты мотив аясында бiрнеше əрекет бiрiн-бiрi ауыстырып баруы да орынды. Мотив дамуы мен басталған iс-əрекет арасында қайшылық та туындайды. Кейде мотив iс-əрекет жобасынан бұрын қалыптасады, ал кейде кешеуiлдейдi, осыған байланысты əрекет нəтижесi де əртүрлi болады. Жоғарыда аталғандардың қорытындысы: мотив құра-мы iс-əрекеттiң бiр бөлiгi емес, жеке адамның мотивтiк-қажетсiну аймағыдеп аталатын күрделi жүйенiң ажыратылмас бiрлiгi. Мотивтiк-қажетсiну аймағы жеке адамның өмiр бойы қалыптасып, дамып барушы барша түрткiлерiнiң жиынтығын аңдатады. Тұтастай бұл аймақ қозғалмалы, өмiрлiк жағдай-ларға байланысты түрленiп, дамуда болады. Солай да болса, кей мотивтер бiршама тұрақты, басымдау келiп, адам өмiрiнiң бағыт-бағдар өзегiне айналады. Мотивтердiң қайдан жəне қалай пайда болатыны жөнiндегi мəселе психологиядағы басты проблемалардан. Мысалы, А.Маслоу мотивтердiң негiзiн бiрiнен бiрi деңгейi бойынша жоғарылай түскен қажетсiнулер тобы деп бiледi, олар биологиялыққажетсiну, қорғанысқажетсiнуi, сыйластық, абырой қажеттiгiмен ең жоғары қажетсiнулер: өз мүмкiндiк-терiн ашып, оларды жүзеге асыра. Бiрақ А. Маслоу талдауын-дағы дара Адам əлеуметтiк қатынастар жүйесiнен тыс, қоғаммен байланысы жоқ. Оқшауланған тұлға. Қоғам, ғалым пiкiрiнше, дара адам дамушы мекен, қоршаған орта ғана. Б. Ф. Ломов, басқа да орыс психологтарының пайым-даулары нақты, əрекетшең дара адамның қоғамдық қатынас-тар жүйесiне қосылып, сол жүйенiң оның санасында бейнелеуiне негiзделедi. Б. Ф. Ломов мотивтiк-қажетсiну аймағы мəнiн (құрамы, құрылымы, қозғалысы) жəне сол аймақтың дамуын түсiну үшiн жеке адамның басқа тұлғалармен ара байланыс, қатынастарын қарастыруды қажет деп санайды. Адамның мотивтiк аймағының басқа факторлардан тəуелдiлiгiн зерттеуде сол тəуелдiлiктiң тiкелей ғана емес, жанама байланысты болатынын, көп өлшемдi жəне сипатты екенiн бiрде ұмытпау лазым. Дара адам өз даму барысында басқа қоғам мүшелерiмен болған тiкелей байланыс шеңберiнен шығу мүмкiндiгiне ие, осыдан оның қажетсiну аймағы қоғамдық өмiрдiң күштi ықпалымен өрiстей бастайды (саяси пiкiр, саясат, этика жəне т.б.). Адамның қажетсiну талаптары қоғамдық құрылымдардың əсерiмен де дамиды. Мұндай құрылымдардың ең қарапайым түрi - нақты тұлға мүшесi болған адамдар қауымдастығы. Адам қажетсiнуi көп жағдайда осы қауымның жетегiнде болады. Ал нақты адам бiр қауымдастық шеңберiнде қалып қоймайды, өмiр бойы қауымдастықтар тобы сан қилы ауысып не өзгерiстерге келiп отырады. Осыдан адамның мотив-қажеттiктерi оның iшкi жан-дүниелiк əрекеттерiнiң нəтижесi ғана емес, ол əртүрлi адамдар бiрлестiгiмен байланысты дамып баратын жүйе. Сонымен, бiр деңгейдегi қажетсiнулерден өзгесiне көшу-адамның өзiндiк даму заңдылықтарынан болмай, оның басқа адамдармен байланыс, қатынастыранан, тұтастай қоғамға араласуынан болатын процесс екенiн ұмытпау керек.
Адамның көптеген мотивтерiнде өзi араласқан əртүрлi қауымдастықтарға тəн қажетсiнулер бейнеленуi мүмкiн. Осыдан, мотив өте күрделi де ауыспалы құбылыс. Дегенмен, адам қара басына ықпал жасаушы өзiнiң рухани күштерiн (жеке адам мақсаттары, мұраттары, қажетсiнулерi, өмiрлiк бағыт-бағдар жəне т.б.) көп жағдайда сезе бермейдi. Егер олай болғанда, адам мүлтiксiз өзiндiк санаға ие болумен, өзi жөнiнде шексiз хабардар болып, өзiне өзi нақ баға бере алған болар едi. Ал, шынына келсек, нақты адам өзi жөнiнде өзгелерден кемдеу бiледi, басқалардың ол турасында бағасы шындыққа сəйкестеу келедi. Əлбетте, əрбiр адам дəл мезеттегi нақты əрекеттерiнiң тiкелей мақсатын айқын сезедi, өз өмiрiнiң бүгi-жiгiн одан артық ешкiм де бiлмейдi. Ал таңданғандай жəйт: адам өзiнiң қандайда бiр қылық, əрекеттерiнiң дəл себептерiн көбiне анықтап бере алмайды, не айқын бiлмейдi Адам əрекетi, қылықтары түрткiлерiнiң көбi оның өзi сезiп бiлмеген ықпалдар жетегiнде жүредi. Саналық негiзге ие болмаған ықпалдардың бiрi - психикалық көрсетпе - талаптар. Көрсетпе - талаптар психологияда жеке адамның қандай да қажеттiгiн қанағаттандыру үшiн болған əрекетке өзi сезiнбеген дайындық, бейiмдiлiк қалпын танытады. Көрсетпе талап, қорытындылап айтқанда, - объектi белгiлi бiр күйде қабыл-дауға, түсiнуге, мəнiн аңғаруға күнi бұрын дайын болып, бейiмдiлiк танытып, сол саналық дайындықты өткен тəжiрибемен ұштастыра əрекетке кiрiсуге негiз.
Тұрақтанған психикалық көрсетпелер жеке адамның əрекет қылықтарын айқындап отырады. Мұндай көптеген көрсетпе-талаптардың мəнiн құрайтын сипат - алдын ала шешiмiн дайындап қою - адамның жеке тəжiрибесiнен алынған асығысты, толық пайымдалмаған қорытындылардың немесе белгiлi қоғамдық топта қабылданған сiңiрлi пiкiр - ой стандарттарына бағынышты болудың нəтижесi. Қоғамдық өмiрдiң əрқилы жағдайларына байланысты көрсетпе-талаптар ұнамды да ұнамсыз болып, сенiмсипатын алуы мүмкiн. Көрсетпе талаптар құрылымы үш бөлiктентұратыны зерттелген: когнитивтiк бiрлiк- адамның бiлiп, қабылдайтын затының бейнесi; көңiл-күй – бағалау бiрлiгi- объектiде болған адамның ұнатуы мен жек көруi; əрекет-қылық бiрлiгi- iс объектi бағытында қандай да əрекет етуге дайын болу, ерiктiк күштердi iске қосу. Мұндай мотивтер қатарына, сондай-ақ, дерексiзденген ықпал ниет ретiнде құмарлық такiредi.
Өмiрлiк бағыт-бағдар жеке адамның жүйелестiрушi қасиетi ретiнде оның психологиялық қалпын айқындайды. Адамның iс-əрекетiн бағыттаушы əрi оны нақты жағдайларға икемдестiрушi тəуелсiз тұрақты мотивтер жиынтығы жеке адамның бағыт-бағдарыдеп аталады. Бағыт-бағдар əрдайым əлеуметтiк негiзге ие болып, ол тəрбие нəтижесiнде қалыптасады. Бағыт-бағдар - адамның қасиет-терiне айналған көрсетпе-талаптар. Бағыт-бағдар құрамына өзара байланысты, деңгейi жағынан бiрiнен бiрi жоғары бiрнеше формалар кiредi: құмарлық, ниет, ұмтылыс, қызығу, бейiмдiлiк, мұрат, көзқарас, наным. Адам бағыт-бағдарының барша формалары оның iс-əрекетiнiң түрткiлерi есептеледi. Аталған формалардың қысқаша мəнi:
Құмарлық- бағыт-бағдардың ең қарапайым биологиялық формасы;
Ниет- саналы қажетсiну, толық белгiлi затқа құмарлық;
Ұмтылыс- ниетке ерiктiк күш қосылғанда пайда болады;
Қызығу- бағыт-бағдардың қандай да затқа ауысуын-дағы танымдық форма;
Қызығуға ерiктiк күш қосылса, бейiмдiлiкпайда болады;
Көзқарас- қоршаған дүние болмысын философиялық, эстетикалық, этикалық,
жаратылыстану жəне басқа ғылымдар жүйесiнде тану;
Наным- адамды өз танымы, принципi, көзқарас-тарына орай əрекетке
ықпалдаушы мотивтер жүйесi, бағыт-бағдардың ең жоғарғы формасы.
Мотивтер жоғары не төмен деңгейде, саналы немесе санаға тiптi де байланыссыз болуы мүмкiн. Адам бағыт-бағдарының басым болуынан саналы мотивтер туындайды. Айта кету керек, қажетсiнулер мен мотивтер адам бағыт-бағдарының белгiлi бiр бөлiгiн ғана сипаттап, оның бастау түйiнi, iргетасы ғана iспеттес. Осы iргетас негiзiнде адамның өмiрлiк мақсат, мұраты қаланады. Мақсат нақты iс-əрекеттiкжəне өмiрлiкболып ажыратылады. Адам өмiр барысында көптеген, сан қилы iс-əрекеттердi орындауына тура келедi, ал олардың əрбiрi өзiнiң нақты мақсатына ие. Дегенмен, əрбiр дара iс-əрекеттiң мақсаты жеке адам бағыт-бағдарының осы əрекетте көрiнетiн қайсы бiр қырына ғана сəйкес болуы ықтимал. Өмiрлiк мақсатқа келетiн болсақ, ол дара iс-əрекеттермен байланысқан барша жекелеген мақсаттарды бiрiктiрушi фактор. Жеке мақсаттардың əрқайсысы өз орнымен орындалып баруы жеке адамның жалпы өмiрлiк мақсатының бiршама iске асуын қамтамасыз етедi. Адамның жетiстiк деңгейi өмiрлiк мақсаттарға байланысты. Осыған орай адам өз келешегiнiң санадағы болмысын жобалайды. Мақсатты айқын түсiну мен сол мақсаттың iске асу жолдарын сезiнуден қоғамдық тұлғаның болашағы айқындалады. Өз болашағын көрегендiкпен тани бiлуге қажет адам қасиеттерiне кедергi болатын жан күйзелiстерi мен түңiлулер психологияда - фрустрацияделiнедi. Мұндай психикалық қалып адамда оның мақсатқа жету жолында бой бермес кедергiлерге кезiккенiнде туындайды. Фрустрациялық жағдай-дың белгiлерi-мақсатқа ерiсудiң қажеттiлiк себебi анық, сонымен бiрге оған жетудiң жолында күштi кедергi бары да көрiнiп тұр. Адам мұндайда фрустрацияға түспей, үлкен қиыншылықтарды да жеңе алуы мүмкiн. Ал кейбiр сындарлы кезеңдерде қиыншылық басымдау келiп, фрустрация өрiстеп, ол адамның мақсат жолындаға əрекетiнiң берекетсiздiкке ұшырауына себепшi болады. Мақсатты əрекет бұзылысының келесi түрлерi (Ф. Е. Василюк) белгiлi а) қозғалысты қозу - мəнсiз қимыл-əрекеттер; б) түңiлiс; в) ашуға берiлiп, əрекет-тен қалу; г) стереотипия-үйреншiктi əрекеттердi ойсыз қайта-лай беру; д) регрессия - өмiрдiң алғашқы кезеңдерiнде игерiлген үлгiлерге елiктей, ойсыз қимылдау (қазақта "балалығына түстi").
Көп жағдайда адамның көздеген тұрмыстық қажет-тiктерi қандайда себептермен орындала бермейдi, оларды қанағаттандырудың мүмкiндiгi болмай қалады. Мұндайда əрекет-қылық психологиялық қорғаныс тетiктерiмен реттелiп барады. Психологиялық қорғаныс адамның қалыпты, табиғи болмысына тəн нəрсе, ол арқылы адам қимыл-əрекетiнде кезiгетiн ауытқуларды күнi бұрын сезiп, олардың алдын алып отырады. Мұндай психикалық қасиеттер адамға көңiл-күй күйзелiстерi жағдайында өзiнiң кiсiлiк дəрежесiн сақтап қалуға жəрдем бередi. Психологиялық қорғаныс қызметi өзiнiң мəн-мағынасы бойынша қарама-қарсы екi тарапты құбылыс: бiр жағынан, ол адамды өзiнiң шын мəнiндегi iшкi жан дүниелiк болмысына сəйкестенуге ойыстырса, екiншi жағынан, адам-ның қоршаған сыртқы əлеуметтiк ортаға деген икемдiлiгiн кемiтедi. (Р. М. Грановская) Психологияда көптен белгiлi бiтпеген iс əсерiдеп аталатын құбылыс бар. Оның мəнi - əрқандай кедергi нақты iстi доғаруға себепшi болады да, адам сол кедергiнi жеңбегенше, əрекетiн əрi жалғастырмайды не кедергiнi жеңу жолдарын iздестiруден бас тартады. Көптеген зерттеушiлердiң пайымдауынша, бiтпеген iс адамды əрдайым қимыл-əрекетке итермелейдi, ал егер iстi орындаудың тiкелей жолы табылмаса, ол сол iске тең болған баламалы басқа əрекетке кiрiседi. Осыдан, мұндай психологиялық қорғанысты баламалы əрекеттердiң арнайы орайластырылған формасы деп түсiнсе де болады.
Қорғаныс механизiмдерi табысқа жетудiң қалыпты шарттары мүмкiн болмаған кезде немесе адам iстiң түбегейлi бiтпейтiнiн сезген кезде əрекетке келедi. Психологиялық қорғаныстардың түрлерi: жоққа шығару, ығыстыруu1179 ., көшiру, сəйкестендiру, жаңалау, ауыстыру, оқшаулай жəне т.б.
Жоққа шығару. Мұндай психологиялық қорғаныстың мəнi: адамды қатерлендiрiп, оны дау-дамайға соқтыруы мүмкiн ақпарат еленбейдi, қабылданбайды. Дау-дамай деп отырғанымыз жеке адамның жан-дүниелiк көрсетпелерiне қайшы келiп, оның өз болмысына, абыройына, өзiндiк бағасына қатер төндiретiндей сеп-түрткiлердiң пайда болуы-нан көрiнетiн қайшылықтар. Бұл қорғаныс əдiсiнде шындық-ты қабылдау көбiне бұрмалаумен сипатталады. Жоққа шығару қорғанысы бала жастан қалыптасып, көп жағдайда төңiректегi болмысқа сай объектив бағалауды шектейдi, осыдан, əрекет-қылықтағы кейбiр келеңсiздiктер орын алады.
Ығыстыру- iшкi жан күйзелiстерiнен үйлесiмсiз мотивтер не ұнамсыз ақпараттарды ойланып жатпастан, санадан шығарып тастау жолымен құтылудың ең əмбебеп əдiсi. Намысқа тию не өкпелеуден болған iстiң төркiнiн басқалардан, кейде тiптi өзiңнен де жасыру үшiн өз əрекет-терiнiң жалған себептерiн алға тартатын жағдай да болады. Шын, бiрақ жағымсыз түрткiлер əлеумет сенгендей, содан бiршама ұятын жасыратындай жалған себептермен ығыстырылады. Бұл жағдайда жалған мотивтер өте қатерлi, себебi олар жеке бастың эгоистiк мүдделерiн ақтау үшiн қоғамда қабылданған ресми дəлелдердi орынсыз пайдалануға итермелейдi. Қызығы сол, адамның тез ұмытатыны - басқалардың оған iстеген жамандығы емес, ал оның өзiне өзi не төңiрегiндегiлерге жасаған кесапаты. Ығыстырылып, тез ұмыт болатын жəйттердiң көбi басқаға iстеген жамандық, қызғаншақтық, тұлға кемшiлiктерiнен болатын мiнез олқылықтары. Өзiне жақпайтын, күйзелiске түсiретiн ақпарат-тарды санасынан ығыстырайын деген адам сыңай көрсетiп, əлек болмайды, олар өзiнен өзi естен шығып қалады.
Көшiру- адамның өзгелер қабылдамайтын өз басын-дағы мiнез-қылық кемшiлiктерiн мойындағысы келмей, ойланып, толғанбастан басқа бiреуге өткiзе салудан болатын жаманшылық, өзiнiң ұрыншақтығын қарсыласына таңа салып, оны дау-дамайдың себепшiсi етiп, көрсету əрекетi.
Сəйкестендiру- адамның өз қолы жетпейтiн, бiрақ аңсаған, басқа бiреудiң жақсы əдет-қылықтарын иемденуi. Бала-лардың əлеуметтiк тəртiп пен игi этикалық өнегелердi игеруi осы əдiске негiзделген, Мысалы, жас өспiрiм баланың əкесi-нiң əрекеттерiн ойланбастан қайталап, оның мақтау-мадағына ұмтылуы осыдан. Жалпы мағынада, сəйкестендiру қорғанысы адамның өзiнiң əлсiз тараптарын жеңiп, сезiм олқылықтарын толықтыру үшiн үлгi, өнегелерге ойсыз елiктеп, мақсат-мұраттарды ешқандай ниетсiз-ақ арқау етуiнен туындайды.
Жаңалау- адамның iстеген келеңсiз əрекетiн мойнына алса, өз қадiрiнiң жоғалатынын түсiнуден, болған оқиғаға бай-ланысты ниеттерi мен қылықтарын өтiрiк-шынды жанас-тырып дəлелдеуге тырысуы, мүмкiндiктерi кемдiгiнен қолы жетпеген не жетпейтiн заттардың объектив құндылығын өзiн-ше кемiте салып, өз көңiлiн арбауы. Мысалы, баланың жегiсi келiп тамсанып, бiрақ, қанша тырысса да, қолы жетпеген тəттi жүзiмдi "ой, əлi пiспеген, ащы ғой" деп қолын сiлтей салуы.
Ауыстыру- адамның баста өз əлiне қарамай, күрделi iске ұрынып, кейiн бiтпесiн бiлген соң, оған деген əрекетiн оңай жұмысқа бұра салуы. Осындай ауыстырудан қол жетпес қажеттiлiктiң орындалмауынан болған күйзелiс бəсеңдейдi, бiрақ iзгi мақсат адыра қалады. Өз алдына қойған, бiрақ орындалуы мүмкiн емес мақсатқа бағышталған əрекет iске аспаған жағдайда адам кез-келген мəнсiз қимылға ауыса салады, осыдан көңiл-күйi жеңiл деп, үлкен күйзелiске түспейдi. Кейде ауыстыру əрекеттерiнен адамның бағыт-бағдары алғашқы нақ, мəндi iстен, болымсыз, фантазиялық кейiпке де түсуi мүмкiн.
Оқшаулау- адамға соққы болатын жəйттердiң сана деңгейiнен шегерiлiп, басылуы. Мұндайда жағымсыз эмоция-лар саналы, яғни əдейi оқшауландырылып, болған оқиға мен
одан келетiн əсерлер көңiлге алынбайды, адам бұрын қандай да мəнге ие болған оқиға немесе өз толғаныстарының шындығын iшi сезiп тұрса да, оларды байқамайтындай кейiп
көрсетедi. Психологиялық қорғаныс əсерi адамға қай жағдайда да өзiнiң iшкi қалыпты көңiл-кейпiн тұрақты сақтауына жəрдем-деседi. Тiптi əлеуметтiк шектеулердi бұзғанның өзiнде де, өз қылығының зиян тарапын кемiте, оған ақтау табуға тырысады. Егер адам өз қадiрiн тани бiлсе, өзiнiң қандай əрекетте болмасын кемшiлiк, олқылықтарын ұғынумен оларды жоюға ұмтылады. Мұндайда адам өз əрекеттерi мен мiнезiн өзгертедi, ал өзгерген ұнамды тұлға сапасы оның санасын жаңалып, өмiрлiк серiгiне айналады. Егер адамның өз қадiрiн сақтауына тiрек боларлық ниеттелген қылық пен күнделiктi жүрiс-тұрыс арасындағы сəйкессiздiк туралы ақпарат санамен қабылданбаса, қайшылық сигналдары психологиялық қорғанысты iске қосып, ниет пен ақиқат арасындағы қарсылықтардың шешiмi табылмайтын болса, адамның өзiн өзi жетiлдiруi мүмкiн емес.
Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер:
Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды: В 2-х т./Под ред. А.А.
Выготский Л.С. Лекции по психологии. Спб., 1997
Гальперин П.Я. Введение в психологию М., 2002
Гриншпун И.В. Введение в психологию М., 1997
Годфруа Ж. Что такое психология. В. 2 т. М., 1992
Дәріс №9
Достарыңызбен бөлісу: |