Дәріс №7-8 Тақырыбы: Өсімдіктердің инфекциялы немесе жұқпалы аурулары Мақсаты


Жоғарғы және төменгі сатыдағы ағзалардың қоректену ерекшеліктері



бет3/17
Дата07.02.2022
өлшемі66,68 Kb.
#85180
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Дәріс.№7-8

Жоғарғы және төменгі сатыдағы ағзалардың қоректену ерекшеліктері. Олар қоректену ерекшелігіне байланысты үлкен екі топқа – гетеротрофты және автотрофты ағзаларға жіктеледі. Автотрофты қоректену – күннің немесе химиялық реакциялар нәти- жесінде бөлінетін энергия қуатын пайдалана отырып, хлорофилдің көмегімен фотосинтез арқылы өздерінің қоректенуіне қажет орга- никалық заттарды түзу. Осылай қоректену жер бетінде және мұхиттар мен теңіздерде, көлдер мен су қоймаларында өсетін жоғарғы сатыдағы өсімдіктер мен кейбір бактерияларға тән. Осы жолмен органикалық заттардың үштен-екіге жуық бөлігі түзіледі, демек жер бетіндегі тіршіліктің негізі – автотрофты қоректенетін ағзалар деуге болады. Кейбір бактериялар хемосинтез немесе химиялық реакция кезінде бөлініп шығатын қуатты пайдалана отырып, қоректене алады.
Енді гетеротрофты қоректенуге келсек, бұл бактериялар мен вирустар, актиномицеттер мен саңырауқұлақтар сияқты хлорофил- сіз ағзаларға тән. Олардың қоректенуі үшін дайын органикалық қосылыстар қажет. Гетеротрофты ағзалар бұл заттарды жоғарғы сатыдағы өсімдіктер мен жануарлардан, шіріп жатқан өсімдік немесе жануар қалдықтарынан дайын күйінде алады. Фитопато- генді ағзаларға тән бір қасиет – гетеротрофты қоректену, демек олардың тіршілік ететін немесе қоректенетін ортасында дайын органикалық заттардың болуы шарт. Паразиттердің тіршілік ету
қабілеттілігі зат алмасу ерекшеліктеріне тығыз байланысты келеді. Олар автотрофты қоректенетін ие-өсімдік жасушаларындағы дайын органикалық қосылыстарды қоректік зат ретінде пайдаланады. Гетеротрофты ағзаларға ұзаққа созылған эволюция нәтижесінде хлорофилл түйіршіктерін, фотосинтезге қабілеттігін жоғалтып, паразиттік тіршілікке бейімделген сары шырмауық пен сұңғыла тәріздес өсімдіктер де жатады. Олар арнайы сорғыштары арқылы дайын органикалық заттарды ие-өсімдіктің жасушасынан алады.
Сонымен, барлық өсімдік патогендеріне тән қасиет – гетеро- трофты қоректену болып саналады. Олар үлкен екі топқа бөлінеді – паразитті және сапрофитті қоректену, бұлардың өзі бірнеше түрлерге жіктеледі. Бірақта, патогендердің аталған қасиеттері тұрақты болмауы мүмкін. Кейде паразитті ағза даму айналымының белгілі бір кезеңінде сапрофитті тіршілік етуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет