Дәріс №7Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті (VI ғ. – ХІІІ ғ. Басы) Дәріс жоспары



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата22.10.2023
өлшемі437,87 Kb.
#187408
1   2   3
Байланысты:
b0397d3a356e72140a5f1803af7eebb2 1

 
2 Діни наным-сенімдер
 
Ертедегі түрік дінінің негізі Көкке (Тәңір және Жер-суға ) табыну. Құдырет деп 
есептелген бұл қос күштің негізгісі Көк болды. Көктен кейінгі желеп-жебеуші әйел тәңірісі-
Ұмай ана. Ол отбасы мен бала-шағаны қорғаушы. Ұмай анаға табыну Алтай халықтарының 
түркі тілдес халықтарында ХІХ ғ. соңына дейін сақталған. Сонымен қатар Ұмай ана 
түріктердің жоғарғы күштерінің үштігіне кіреді. 
Көне түріктер арасында әртүрлі заттарға табынушылық кеңінен таралды. Олардың 
ішінде отқа, жануарлар мен өсімдіктерге табынушылық атақты болды. Көне тілдік діни-
нанымдар мен табынушылармен қатар қала мен далада әлемдік діндер таралды. Бұл үрдісте 
Ұлы Жібек жолы маңызды рөл атқарды. 
VІ ғ-дан бастап түріктер Қазақстанның Оңтүстігі мен Жетісуда кеңінен таралған 
буддизм дінінің ықпалына түсті. Ол туралы кейіннен табылған буддизм шіркеулері мен 
монастырлар оның куәсі болды. 
Буддизммен қатар Жібек жолы арқылы христианның несториандық бағыты тарайды. 
VІІ-VІІІ ғғ. несториандық ағым Оңтүстік Қазақстан қалалары мен Жетісу қалаларында 
орын алды. ІХ-Х ғғ. ерекше қарлұқ митрополиясы құрылып, Тараз бен Меркеде христиан 
шіркеулері жұмыс істеді. 
Жібек жолы арқылы ІІІ ғ. Иранда қалыптасқан манихейлік діні таралды. Ол дін 
зароастризм дінінің және христиан дінінің жиынтығынан тұрды. Ол дінді жақтаушылар 
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның тұрақты халық арасынан болды. 
Орта ғасырлардағы қалалар тұрғындарының арасында тағы бір зароастризм діні 
б.з.д. VІІ-VІ ғғ. Иранда әлемдік діндерінің өкілі болды. Ол зароастризм ескерткіштерін Орта 
Азия, Сырдария өңірлері мен Жетісуда байқауға болады. Ежелгі түрік тайпаларының 
келуіне байланысты. 
 


3 Ежелгі түрік жазу ескерткіштері
 
VІ ғасырдың орта кезінде Жетісу мен Қазақстанның Оңтүстік жерлерінде тілдік 
диалект өзгере бастады. VІІ-VІІІ ғғ. Қазақстанда және оның жақын маңдарында түркі тілдес 
топтар пайда бола бастады: болгар-хазар, Батыс-түріктік, оғыздық, қарлұқтық қимақ-
қыпшақтық. 
Орта Азия мен Қазақстанның территориясында орналасқан халықтар 
шаруашылықта, діни және әкімшілік-саяси қатынастарда жазудың бірнеше жүйесін 
пайдаланды. Алматы маңындағы сақ қорғанында қазба жұмыстары жүргізілгенде Есік 
қаласында табылған құмандағы жазу Қазақстандағы ең көне зат болып табылады. Бірақ 
оның қай тілде жазылғаны әлі күнге дейін белгісіз. 
Түрік қағанат тарихының бастапқы кезінде соғды жазуымен, түрік тайпаларында 
рулық таңбалармен қатар рун жазуы пайда болды. Ол 38 таңбадан тұрды. Бұл таңбалар 
соғды жазуына қарағанда ағашқа, тасқа жазуға арналған. Енисей және Орхон өзендерінің 
бойында заттар табылғандықтан ол жазуды «Орхон-Енисейлік» деп атады. 
Түрік руналық жазуымен қатар Қазақстанның Оңтүстігі мен Жетісуда соғды тілі 
кеңінен тарады. Ол тіл халықаралық қатынастар тілі соғдылар мен түріктер шоғырланған 
жерлерде пайдаланады және халықаралық қатынастар ретінде пайдаланады, одан басқа 
сириялық, ұйғыр жазуларын жаза білді. 
Ежелгі түрік рун жазуды ұйғыр тайпасы, одан соң араб жазуының ықпал етуімен ХІ-
ХІІ ғғ. ислам қабылдады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет